6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«163», «160», «191» деген сандар тиісінше «156», «151», «167» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 4 атау.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 52 атау.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзац:
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 20000 теңге.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 8812 мың теңге.»;
көрсетілген қаулыға 230-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1473279 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жетпіс үш миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың теңге).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацында:
«әскери мектеп-интернатына 119-дан кем емес» деген сөздер «әскери мектеп-интернатына 120-дан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«теннис үстелдері - 7 комплект» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 7-ден кем емес» деген сөздер «Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 8-ден кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(200 литр) - 1 дана» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«Алматы әскери мектеп-интернатына 8-ден кем емес» деген сөздер «Алматы әскери мектеп-интернатына 9-дан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«комплектпен проектор - 1 дана» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«музыкалық мектеп-интернатына 30-дан кем емес» деген сөздер «музыкалық мектеп-интернатына 31-ден кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«центрифугасы бар кір жуғыш машинасы - 1 дана» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«орта мектеп-интернатына 32-ден кем емес» деген сөздер «орта мектеп-интернатына 33-тен кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кір жуатын жер үшін жабдық - 1 дана» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«физика-математика мектеп-интернатына 18-ден кем емес» деген сөздер «физика-математика мектеп-интернатына 19-дан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«медициналық кабинетке арналған жабдық - 1 комплект» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
«музыкалық мектеп-интернатына 34-ден кем емес» деген сөздер «музыкалық мектеп-интернатына 35-тен кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«телевизор - 1 дана» деген сөздерден кейін «, мультимедиялық кабинет - 1 комплект» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 231-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «кемінде 141 бірлік» деген сөздер «кемінде 97 бірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 233-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 14038160 мың теңге (он төрт миллиард отыз сегіз миллион бір жүз алпыс мың теңге).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «30» және «15627» деген сандар тиісінше «31» және «16627» деген сандармен ауыстырылсын;
осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 235-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 236-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1434409 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз төрт миллион төрт жүз тоғыз мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 62434, оның ішінде: Ақмола - 4050, Ақтөбе - 3050, Алматы облысы - 2400, Атырау - 2017, Шығыс Қазақстан - 4917, Жамбыл - 4050, Батыс Қазақстан - 2667, Қарағанды - 7167, Қостанай - 4833, Қызылорда - 2700, Маңғыстау - 2017, Павлодар - 3683, Солтүстік Қазақстан - 2383, Оңтүстік Қазақстан - 6550, сонымен қатар Алматы қаласы - 6217, Астана қаласы - 3733» деген сөздер «Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 42433, оның ішінде: Ақмола - 1947, Ақтөбе - 2203, Алматы облысы - 1798, Атырау - 1542, Шығыс Қазақстан - 3153, Жамбыл - 2911, Батыс Қазақстан - 1660, Қарағанды - 5625, Қостанай - 2875, Қызылорда - 1492, Маңғыстау - 1450, Павлодар - 2193, Солтүстік Қазақстан - 2052, Оңтүстік Қазақстан - 4482, сондай-ақ Алматы қаласы - 4295 және Астана қаласы - 2755» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сапасы» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жалпы контингенттің стипендиямен қамтамасыз етілуі орташа алғанда 70 пайызды құрайды»;
осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 237-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 239-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 37527870 мың теңге (отыз жеті миллиард бес жүз жиырма жеті миллион сегіз жүз жетпіс мың теңге).»;
реттік нөмірі 8-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге шетелде стипендиаттарды оқытуға ақы төлеуге күрделі трансферттер аудару.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацында:
«орташа жылдық контингентін» деген сөздердің алдындағы «күндізгі оқу нысанының» деген сөздер алынып тасталсын;
«113178», «87542», «3355», «2896», «114265» деген сандар тиісінше «100855», «78883», «3253», «2794», «102007» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 4500, оның ішінде қабылдау - 3000 адам» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының саны - 3000-нан аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 239-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 242-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацының 10-тармағындағы «124-тен кем емес» деген сөздер «26-дан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 245-қосымшада:
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«30794,25» деген сандар «31797,25» деген сандармен ауыстырылсын;
«1292,5» деген сандар «1684,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«4341,25» деген сандар «3774,25» деген сандармен ауыстырылсын;
«470» деген сандар «646» деген сандармен ауыстырылсын;
«2796,5» деген сандар «2942,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«1888» деген сандар «2108» деген сандармен ауыстырылсын;
«1853» деген сандар «2116» деген сандармен ауыстырылсын;
«3026,5» деген сандар «3399,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацта:
«16,97» деген сандар «16,43» деген сандармен ауыстырылсын;
«Сапасы» деген абзацтағы «70» деген сандар «80» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 246-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3532939 мың теңге (үш миллиард бес жүз отыз екі миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың теңге).«;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«269» деген сандар «268» деген сандармен ауыстырылсын;
«Атырау облысы - 27 объект» деген сөздер «Атырау облысы - 28 объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Чебурашка Индер ауылы, Индер ауданы» деген сөздерден кейін «, «Өрімтал» Жасқайрат селосы, Қызылқоға ауданы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Шығыс Қазақстан облысы - 16 объект» деген сөздер «Шығыс Қазақстан облысы - 12 объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ОМ Көкжота ауылы, Көкпекті ауданы», «OM Жаңаүлгі ауылы, Катон-Қарағай ауданы», «OM, Московка ауылы, Көкпекті ауданы», «ОМ Аманат ауылы, Күршім ауданы.» деген сөздер алынып тасталсын;
«БМ Қара-Айрық ауылы, Катон-Қарағай ауданы» деген сөздер «Гагарин атындағы ОМ, Қарғыба ауылы Тарбағатай ауданы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«БМ, Қордай ауданы, Сарыбастау ауылы» деген сөздер «БМ, Мерке ауданы, Мерке ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қостанай облысы - 15 объект» деген сөздер «Қостанай облысы - 14 объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
«БМ № 24-а 480 орынға Қостанай қаласы» деген сөздер алынып тасталсын;
«Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты: Қостанай қаласы,» деген сөздер «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Қостанай қаласы (жатақхана):.»;
«Успенский ауданы, Успенка ауылы» деген сөздер «Успенский ауданы, Лозовое ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Солтүстік Қазақстан облысы - 82 объект» деген сөздер «Солтүстік Қазақстан облысы - 83 объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Петропавловск қаласы (теміржол мектеп-интернаты)» деген сөздерден кейін «; ШИ Санаторная Мамлютка қаласы;
А. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия интернат, Петропавл қаласы» деген сөздермен толықтырылсын»;
«Оңтүстік Қазақстан облысы - 17 объект» деген сөздер «Оңтүстік Қазақстан облысы - 19 объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орта мектеп Самал Сарыағаш ауданы,» деген сөздер «№ 110 орта мектеп, Сарыағаш ауданы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Шарбұлақ ауылы, Қазығұрт ауданы,» деген сөздерден кейін «Бөген ауылы, Ордабасы ауданы; Төрткөл ауылы, Ордабасы ауданы,.« деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы «13167,0» деген сандар «13182,6» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 247-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 204844 мың теңге (екі жүз төрт миллион сегіз жүз қырық төрт мың теңге).«;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «Білім алушылардың облыстар бойынша орташа саны - 62434, соның ішінде: Ақмола - 4050, Ақтөбе - 3050, Алматы - 2400, Атырау - 2017, Шығыс Қазақстан - 4917, Жамбыл - 4050, Батыс Қазақстан - 2667, Қарағанды - 7167, Қостанай - 4833, Қызылорда - 2700, Маңғыстау - 2017, Павлодар - 3683, Солтүстік Қазақстан - 2383, Оңтүстік Қазақстан - 6550, сонымен қатар Алматы қаласы - 6217 және Астана қаласы - 3733» деген сөздер «Ақшалай өтемақы алатын білім алушылардың облыстар бойынша орташа саны - 57074 құрайды, соның ішінде: Ақмола - 3215, Ақтөбе - 2596, Алматы - 2275, Атырау - 1787, Шығыс Қазақстан - 3974, Жамбыл - 4050, Батыс Қазақстан - 2140, Қарағанды - 7844, Қостанай - 4632, Қызылорда - 2904, Маңғыстау - 2017, Павлодар - 2959, Солтүстік Қазақстан - 2614, Оңтүстік Қазақстан - 5359, сондай-ақ Алматы қаласы - 5526 және Астана қаласы - 3182» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қорытынды нәтижелер» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарды жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жылына екі рет және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді жылына бір рет жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы «1 оқушыға» деген сөздерден кейін «, 1 бітірушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 251-қосымшада:
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «трафиктер» деген сөзден кейін «, абоненттік төлем» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«Уақтылығы» деген абзацтағы «қосылу төлемақысымен қамтамасыз ету жасалған шарттарға сәйкес» деген сөздер «жасалған шарттарға сәйкес қосылғаны және трафик, сондай-ақ абоненттік төлем үшін ақы төлеуді жүзеге асыруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 252-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 895513 мың теңге (сегіз жүз тоқсан бес миллион бес жүз он үш мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «кешендердің, соның ішінде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің жиынтығының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бұйрығына» деген сөздер «кешендермен, соның ішінде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген тізбеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже:» деген абзацтағы «оқу, оның ішінде электронды әдебиетінің 1 жиынтығының жоспарланатын құны 97832 теңгеден кем емес, түзету (арнайы) мекемелері үшін 1 оқулықтың жоспарланатын орташа құны 500 теңгеден кем емес, 1 оқу-әдістемелік кешеніне 200 теңгеден кем емес.« деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«оқу әдебиетінің жоспарланатын орташа құны, оның ішінде электронды - 1 данасы үшін 960 теңге, түзету (арнайы) мекемелері үшін 1 оқулықтың жоспарланатын орташа құны - 500 теңге, 1 оқу-әдістемелік кешені - 200 теңге.«;
көрсетілген қаулыға 253-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1576970 мың теңге (бір миллиард бес жүз жетпіс алты миллион тоғыз жүз жетпіс мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерін саны кемінде 284 лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау, оның ішінде: Ақмола облысы - кемінде 22 бірлік, Ақтөбе облысы - кемінде 15 бірлік, Алматы облысы - кемінде 21 бірлік, Атырау облысы - кемінде 14, Шығыс Қазақстан облысы - кемінде 24 бірлік, Жамбыл облысы - кемінде 14 бірлік, Батыс Қазақстан облысы - кемінде 19 бірлік, Қарағанды облысы - 15 бірлік, Қызылорда облысы - кемінде 13 бірлік, Қостанай облысы - кемінде 21 бірлік, Маңғыстау облысы - кемінде 13 бірлік, Павлодар облысы - кемінде 18 бірлік, Солтүстік Қазақстан облысы - кемінде 21 бірлік, Оңтүстік Қазақстан облысы - кемінде 26 бірлік, Алматы қаласы - кемінде 16 бірлік, Астана қаласы - кемінде 12 бірлік.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы: «5,5 млн. теңгеден аспайды» деген сөздер «5,6 миллион теңгені құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 257-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 650571 мың теңге (алты жүз елу миллион бес жүз жетпіс бір мың теңге).»;
4-тармақ «; азаматтарда жоғары патриоттық сананы арттыру.« деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «отансүйгіштікті дамыту;» деген сөздерден кейін «азаматтардың санасы мен сезімдеріндегі патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерін, Қазақстан халқының бірлігі идеясына адалдығын арттыру;» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесінде:
5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша семинарлар, акциялар, студенттер жұмыстарының конкурсын өткізу. Патриотизмді арттыру жөнінде елдің өңірлері бойынша үгіт-насихат тобының республикалық турнесін өткізу.»;
6-баған «III-IV тоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзац мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған кемінде 5 іс-шара өткізу.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген жолда:
«1,300» деген сандар «1300,0» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3680,0 мың теңге.»;
көрсетілген қаулыға 262-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1300000 мың теңге (бір миллиард үш жүз миллион теңге).»;
4-тармақтағы «технологияны» деген сөзден кейін «және жүйелерді» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің ғарыш қызметі саласындағы қызметін қамтамасыз ету үшін Байқоңыр қаласында қажетті жағдай жасау.»;
6-тармақтың кестесінде:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының толықтыру: әкімшілік персонал, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ұйымдары үшін Байқоңыр қаласында ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) ғимаратының жапсарлас құрылысын және 2 тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу; мемлекеттік сараптама жүргізу; Байқоңыр қаласында әкімшілік персонал, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы ұйымдары үшін AEO ғимаратының жапсарлас құрылысын қайта жаңарту; Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жүргізуді бастау үшін.»;
6-бағанындағы «1 тоқсаны» деген сөздер «1, 3-тоқсандары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің қызметіне жағдай жасау үшін AEO ғимаратының бір жапсарлас құрылысын және екі тұрғын үйді қайта жаңарту жөніндегі белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдерінің қызметіне жағдай жасау үшін AEO ғимаратының бір жапсарлас құрылысын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуді бастау, сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесінің жоғары шешімді, басқарудың жер үсті кешені, жер үсті нысаналы кешені спутнигінің эскиздік жобаларын жасау.
Соңғы нәтиже: картографиялау, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, төтенше жағдайлардың мониторингі, алдын алу және салдарын жою, өнеркәсіп және инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалану, жылжымайтын мүлікті бақылау (есепке алу мен салық салу мақсатында) саласында тұрақты негізде Жердің бетіндегі объектілер мен процестер, жер және орманды пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауыл шаруашылығын жоспарлау, ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлерге арналған әлеуметтік жағдай жасау және ғарыштық техниканы дамытудың негізгі бағыттарын және оны құру жөніндегі тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды негіздеу жөніндегі жүйелі зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды есепке алу және бақылау оның экологиялық мониторингі, дамуы туралы жедел ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығын және тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық түсірілімдердің құнын 10 - 20 %-ға төмендету, спутниктерді пайдаланудан бастап өзін-өзі өтеу мерзімі - 4, 2 жыл; экономиканың түрлі секторларында ЖҚЗ технологияларын енгізуден алынатын жоғары экономикалық тиімділік, елдің экспорттық әлеуетін ұлғайту және әртараптандыру, Қазақстан Республикасының ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру.
Уақтылығы: қызметтік ғимаратты қайта жаңарту және Қазақстан Республикасының жерін қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін жасау жөніндегі жасалған шарттарға және жұмыс кестелеріне сәйкес.
Сапа: түсілімдердің мынадай түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1 м және 6.7 м рұқсат бере отырып, көрінетін диапазондағы панхроматика, 4 м және 28 м рұқсат бере отырып, көрінетін диапазондағы көп аймақты, 30 м рұқсат бере отырып, орта және алыс ИК диапазонындағы инфрақызыл, 30 м рұқсат бере отырып, гиперспектрлі; 24-тек 3-5 тәулікке дейінгі жоғары рұқсатты түсілімдер алу жеделдігінің ұлғаюы, "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.»;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 265-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1449395 мың теңге (бір миллиард төрт жүз қырық тоғыз миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жол «Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының компоненттерін іске асырудың мониторингі мен бағалау жүйесін енгізу;» деген сөздерден кейін «диагнозы қойылатын аурулардың тізбесін кеңейту үшін диагностика мен аурулардың стандарттарын (хаттамаларын) әзірлеу және жетілдіру;» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 267-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4383580 мың теңге (төрт миллиард үш жүз сексен үш миллион бес жүз сексен мың теңге).«;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «11200» деген сандар «10919» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолдағы «8539» деген сандар «9365» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы «Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтына» деген сөздерден кейін «, Қазақ мемлекеттік медицина академиясына» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацындағы «Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтын» деген сөздерден кейін «; Қазақ мемлекеттік медицина академиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 268-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 11145997 мың теңге (он бір миллиард бір жүз қырық бес миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 269-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1855046 мың теңге (бip миллиард сегіз жүз елу бес миллион қырық алты мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 273-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 6528933 мың теңге (алты миллиард бес жүз жиырма сегіз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Күрделі жөндеу» деген сөздерден кейін «(қалпына келтіру) және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды бастау» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталінің» деген сөздер «Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпитальға күрделі жөндеу жүргізу (қалпына келтіру) және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды бастау үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 275-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2682922 мың теңге (екі миллиард алты жүз сексен екі миллион тоғыз жүз жиырма екі мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «акушерлік-гинекологиялық.« деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Астана қаласында 500 төсектік жаңа Республикалық ана мен бала ғылыми орталығын шетелдік компанияның басқаруы жөніндегі қызметтерге ақы төлеу»;
көрсетілген қаулыға 278-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 14914693 мың теңге (он төрт миллиард тоғыз жүз он төрт миллион алты жүз тоқсан үш мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 289-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «31 259 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 44 615 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге;» деген сөздер «32709 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 54615 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 304-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 663396 мың теңге (алты жүз алпыс үш миллион үш жүз тоқсан алты мың теңге).«;
7-тармақтың «Typa нәтиже» деген абзацындағы «317» деген сандар «331» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 311-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «4. № 8 РУ-3 және № 12 РУ-5 консервацияланған уран кеніштерін қорғау.« деген тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтың «Typa нәтиже» деген абзацында:
«20% аспайды» деген сөздер «25 % аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4) № 8 РУ-3 және № 12 РУ-5 консервацияланған уран кеніштерін қорғау.» деген тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 315-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 67946 мың теңге (алпыс жеті миллион тоғыз жүз қырық алты мың теңге).»;
осы қаулыға 15 және 16-қосымшаларға сәйкес мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 324-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 16180621 мың теңге (он алты миллиард бір жүз сексен миллион алты жүз жиырма бір мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 8, 9, 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
«8. № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту (»Мемсараптама» РМК-ның 2005 жылғы 23 маусымдағы № 2-364105 TЭH бойынша қорытындысы).
9. Астана қаласында ЖЭО-3 салу («Мемсараптама» PMK-ның 2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-367/05 TЭH бойынша қорытындысы).
10. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығын қайта жаңарту және кеңейту (»Мемсараптама» РМК-ның 2005 жылғы 19 мамырдағы № 7-53-2/2005 ЖСҚ бойынша қорытындысы).
11. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау.«;
7-тармақтың «Typa нәтиже» деген абзацы мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
5. Астана қаласында ЖЭО-3 салу.
6. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығы қайта жаңарту және кеңейту.
7. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау.»;
осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 325-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 326-қосымшада: