2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
127-1-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігi
2006 жылға арналған
«Электрондық үкімет» құру» деген
112 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 53700 мың теңге (елу үш миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» құрудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 2005 жылдың 30 маусымындағы № 654 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» Жоспарының 90 тармағы; 2006 жылдың 6 наурызындағы № 149 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 4.40 тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қоры.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аграрлық сектордың қызмет ету тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аграрлық нарыққа қатысушылардың өзара қатынасының тиімділігін қамтамасыз ету, ақпарат, сапа және сенімділікке қол жеткізуді көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | «Электрондық үкімет» құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Экономиканың аграрлық секторындағы электрондық сауда жүйесін дамыту (2-ші кезек), жүйені жобалау және конструкторлық және эксплуатациялық құжаттаманы өңдеу | Тамыз - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер:
1) аграрлық азық-түлік нарығын тиімді мемлекеттік реттеу;
2) аграрлық азық-түлік нарық туралы сапалы, қол жеткізерлік және сенімді ақпарат алу мүмкіндігі.
Соңғы нәтижелер:
1) 5 пайыздан кем емес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) ауыл шаруашылығы өнімдер нарығының тұрақты мониторинг мүмкіншілігі.
Қаржы-экономикалық нәтижелері: аграрлық азық-түлік рыногы тауар айналымын кеңейту үшін 160 ауданда ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтар арқылы электронды сауда жүйесін енгізу.
Уақытылығы: бюджеттік бағдарламасының жүзеге асыруындағы іс-шаралар бағдарламасы белгіленген мерзімінде орындалуы.
Сапасы: электрондық сауда жүйесін тұтынушылардың 100 % қанағаттандыруы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
169-1-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»
018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2500000 мың теңге (екі миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көліктік инфрақұрылымды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Алматыметроқұрылысы» АҚ Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенүңгілеу жабдығымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарл ама коды | Кіші бағдарл ама коды | Кіші бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | «Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту | Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенүңгілеу жабдығын сатып алуүшін «Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту. | 2-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенуңгілеу жабдығын сатып алу
Соңғы нәтиже: Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын дамыту;
Уақытылығы: техниканы сатып алу жоспарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
177-1-қосымша
217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның администраторы
2006 жылға арналған
004 «Облыстық бюджеттерге республикалық бюджет алдындағы
борышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар және Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі № 908 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1035 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Атырау және Павлодар облысы жергілікті бюджеті шығындарының орнын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттің алдындағы борышын өтеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарлама) аты | Бағдарламаны (кіші бағдарлама) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Облыстық бюджеттерге республикалық бюджет алдындағыборышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1035 қаулысын қабылдаумен байланысты Үкіметтің арнайы резервінен кассалық алшалықты жабуға арналған кредиттерді алудан туындаған республикалық бюджеттің алдындағы борышты өтеу үшін Атырау және Павлодар облыстарының облыстық бюджеттеріне 400,0 млн. теңге және 200,0 млн. теңге сомасында жергілікті бюджет шығыстарының орнын толтыру үшін республикалық бюджеттен ақша қаражатының бөлінуі. | 2006 жылғы шілде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау және Павлодар облыстарының облыстық бюджеттеріне қаражаттың 100% аударылуы.
Ақырғы нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет алдындағы борышының төмендеуі.
Уақытылығы: республикалық бюджет алдындағы борыштың уақытылы жабылуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
201-1-қосымша
220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
008 «Инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының
тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу» республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Инфляциялық процестерді мониторингілеу және реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 46-e өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұлттық экономиканың әлемдік валюталар бағамының ауытқуынан тәуелділігін төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдар ламаның коды | Кіші бағдар ламан ың коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 008 | | Инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық экономиканы әлемдік валюталар бағамының ауытқуынан тәуелділігін азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруы. | 2006 жылғы 2 жартыжылдық | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес инфляция деңгейін жоспарланған межеде ұстап тұру.
Түпкі нәтиже: 1) инфляцияны тежеуге бағытталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын күшейту; 2) инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі қаржы рынокта операциялар жүргізуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
203-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ұлттық және экономикалық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1965720 мың теңге (бip миллиард тоғыз жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабы; «Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты бекіту туралы» 1999 жылғы 24 маусымдағы № 403 Қазақстан Республикасының Заңы; «Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 22 маусымдағы № 214 Қазақстан Республикасының Заңы; «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 465 Қазақстан Республикасының Заңы; «Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 549 Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы; «Мемлекеттік басқа деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 11-тармағы; «2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1203 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 44-тармағы; «2006 жылы байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтінімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1116 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 370 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз eту ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін институционалдық және экономикалық қолайлы жағдай жасау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті қалыптастыру, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мемлекеттік сатып алу және салықтық әкімшілендіру саласында мемлекеттік қаржыларды басқаруды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бағалау күші мен ықпал ету бағыты мен макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін факторлардың сандық және сапалық сипаттамаларын пайдалану шағын орындарды анықтау болашақтағы кезеңге үрдістерді анықтау мен болжамды құруда алынған деректер негізінде өткен кезеңдермен салыстырма жүргізу, экономиканың маңызды секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық әдістерді пайдалану, орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу;
жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде елдің «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар мен тетіктерді тұжырымдау сыртқы және ішкі факторлардың экономикаға әсер етуін бағалау және осының теріс салдарларын жұмсарту жөнінде кешенді зерттеулер жүргізу.
Реттелетін салалардағы тарифтік саясат бағыты бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуді (экономикалық аспектілер бойынша) қамтамсыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Мемлекеттік функциялардың тізілімін өзектілендіру.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды, оларды әзірлеу және іске асыру сатысында тиімділігін бағалау құралдары мен өлшемдерін әзірлеу.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау құралдарын әзірлеу.
Мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасын бағалаудың өлшемдері мен құралдарың қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
Мемлекеттік активтерді басқару саласындағы қатынастар жүйесін жетілдіруді көздейтін нормативтік құқықтық база қалыптастыру.
ДСҰ-ға кіруі кезінде Қазақстан экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау.
ДСҰ-ға кіруі кезінде Қазақстан экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсынымдар қалыптастыру.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезінде интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі міндеттемелерді талдау.
Қазақстанның және басқа интеграциялық бірлестіктерге мүше елдердің ДСҰ-ға кіруі барысында интеграциялық бірлестіктерге Қазақстанның одан әрі қатысуын талдау.
Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берілетін ақпараттың сапасы мәселесінде мемлекеттік органдардың рейтингілік агенттіктермен өзара іс-қимылының ағымдағы жағдайын талдау.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықаралық рейтингілік агенттіктердің елдік есебін талдау.
Рейтингтердің Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау.
Өңірлер халқының кеңістіктік дамуы және қоныстануының болжамдық схемасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұстанымдар әзірлеу.
Өңірлерді дамытудың бәсекелі стратегияларын олардың әлеуетіне байланысты тұжырымдау, түрлі үлгідегі өңірлер үшін әртүрлі шешімдер қабылдау қажеттігі бойынша нақты ұсынымдар әзірлеу.
Қазақстанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
Нормативтік құқықтық базаны әзірлеу бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын және заңға тәуелді кесімдер әзірлеу үшін талдамалық материалдар дайындау салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірлеу.
Отандық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру.
Отандық және халықаралық практикада қолданылатын салықтық ынталандыру шараларының тізбесіне қалыптастыру және әрбір осындай шара барынша оң әсер беретін жағдайларды айқындау. Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру жөніндегі қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар дайындау.
Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми техникалық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағ-дар-лама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Ұлттық және экономикалық қауіпсіздік саласында зерттеу | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық экономиканы әлемдік валюталар бағамының ауытқыуынан тәуелділігін азайту жөніндегі әс-шараларды іске асыруы | 2006 жылғы 2 жартыжылдық | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
2 | 005 | | | Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Мемлекеттік функциялардың тізілімін өзектілендіру | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан | |
Жекелеген мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың, оларды әзірлеу сатысында тиімділігін бағалау өлшемдері мен құралдарын әзірлеу | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан |
Жекелеген мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың, оларды іске асыру сатысында тиімділігін бағалау өлшемдері мен құралдарын әзірлеу. | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан |
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында жеке мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау құралдарын іске асыру | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың өлшемдері мен құралдарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан |
| | | | Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу. | 2006 жылғы тамыз-желтоқсан | |
Макроэкономикалық және Қазақстан экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы зерттеулер | жыл бойы |
Мемлекеттік активтерді басқару саласында талдамалық зерттеулер жүргізу | 2006 жылғы сәуір-қазан |
ДСҰ-ға кіру саласындағы зерттеулер және халықаралық рейтингілік агенттіктермен өзара іс-қимыл. | 2006 жылғы тамыз-қараша |
Экономиканың реттелетін салаларында тариф белгілеудің халықаралық тәжірибесін пайдалану саласындағы зерттеулер | жыл бойы |
Өңірлік даму стратегиясы шеңберіндегі зерттеулер | жыл бойы |
Ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер | 2006 жылғы тамыз-қараша |
Мемлекеттік сатып алу және салықтық әкімшілендіру басқарудың тиімділігін арттыру саласындағы зерттеулер | 2006 жылғы тамыз-қараша |
3 | | 006 | Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебін іске асыру | Техникалық ынтымақтастықтың 2006 - 2007 жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген бағыттар бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттігі мынадай бағыттар бойынша экономикалық даму бағдарламасын іске асыру: 1) қаржы және инвестициялар; 2) адами капитал; 3) кәсіпкерліктің өсуі және бәсекеге қабілеттілік; 4) инвестициялық ахуал және жаһандық ықпалдасу | наурыз-қараша | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
4 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Техникалық ынтымақтастықтың 2006 - 2007 жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген бағыттар бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттігі мынадай бағыттар бойынша экономикалық даму бағдарламасын іске асыру: 1) қаржы және инвестициялар; 2) адами капитал; 3) кәсіпкерліктің өсуі және бәсекеге қабілеттілік; 4) инвестициялық ахуал және жаһандық ықпалдасу 2.1. Американдық халықаралық даму жөніндегі агенттікпен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру туралы есептер дайындауы. | наурыз-қараша | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды макроэкономикалық талдау жөніндегі талдамалық есеп және ҚР экономикасын дамытудың қысқа мерзімді болжамы.
Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалдың ағымдағы жай-күйін талдау жөніндегі талдамалық есеп.
Кәсіпорындарға конъюнктуралық сұрау жүргізу негізінде Қазақстанның іскерлік ахуалын бағалай отырып, экономика салаларын талдау және қысқа мерзімді болжамдау жөніндегі талдамалық есеп.
2006 жылғы ҚР-дағы экономикалық жағдай жөніндегі талдамалық есеп және 2007-2009 жылдарға арналған даму болжамы.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық баяндама бойынша талдамалық есеп.
Экономиканың салаларындағы көлеңкелі экономикалық қызметтің түрлерін анықтау жөніндегі талдамалық есеп.
Экономиканың реттелетін салаларында тариф белгілеудің халықаралық тәжірибесін талдау жөніндегі талдамалық есеп және осы тәжірибені Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.