«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы»(Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі)
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 Қаулысына 265-303 қосымшалар)
(үзінді)
(2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
265-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1449395 мың теңге (бір миллиард төрт жүз қырық тоғыз миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегi
№ 1438 Жарлығы; "Мемлекеттік органдардың қызметтік телефондары мен аппаратын орналастыру үшін аудан нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша жылуға, ыстық және суық суға және басқа да коммуналдық қызметтерге электр қуатын, жылуды тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын көлікпен қамтамасыз ету үшін қызметтік жеңіл автокөліктерді пайдалануды реттеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; "Мемлекеттік бюджетінің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 767 қаулысы; "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтауды дамыту мен оны іске асырудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің іс-қызметін қамтамасыз ету; халықтың қауіпсіз, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрілік көмек алуын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жаңарту және тереңдету; денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; салауатты өмір салтын насихаттау; бәсекелес ортаны дамыту, мемлекеттік медицинаны монополиясыздандыру; жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдаудың сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық шағын жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерін ұстау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру; медициналық қызметтер көрсетудің сапасын бақылау; тәуелсіз сараптамалар институтын дамыту; біліктілік санаттарын беру жүйесі мен кәсіптік құзыреттікке аттестаттау жүйесін жетілдіру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу; дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызметтердің сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру; көліктегі бақылаудағы объекттерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету, жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан шекараны санитарлық қорғау; азаматтардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің есептеуіш техникасының, локальды есептеуіш желілерінің жүйелік және техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросымен (бұдан әрі - ДДҰ ЕӨБ) және басқа да халықаралық ұйымдармен ақпараттық байланысты және ақпарат алмасуды қолдау;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеу жүргізу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын негізгі құралдармен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Денсаулық сақтау саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орталық аппаратты бекітілген штат саны лимитінің шегінде ұстау. Бекітілген тиістілік лимитіне сәйкес мемлекеттік органның басшылары мен қызметкерлері үшін қызметтік автомашинаны ұстау және жалға алу. 2006 жылы алынатынын ескере отырып ұйымдастыру техникасын ұстау. Спорттық-сауықтыру шараларын өткізу. Мыналар бойынша қызметтерге ақы төлеу: халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды әзірлеуге; Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясын құруға; GMP, GLP, GPP, GDР, GCP халықаралық бағдарламалары негізінде салалық сапа стандарттарын әзірлеу; денсаулық сақтауды басқаруды жетілдіру жөніндегі нормативтік- құқықтық кесімдердi әзірлеуге; медициналық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге; Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының компоненттерін іске асырудың мониторингi мен бағалау жүйесін енгізу; диагнозы қойылатын аурулардың тізбесін кеңейту үшін диагностика мен аурулардың стандарттарын (хаттамаларын) әзірлеу және жетілдіру; республикалық деңгейде халықтың салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүргізу. Қазақстан Республикасының өңірлеріне арнайы байланыс арқылы лицензиялық материалдар мен сертификаттарды жіберу (айына 2 рет). Шарт негізінде заңгерлер тарту. Бланк өнімдерін, оның ішінде 20-У нысанды лицензиялардың бланкілері, куәліктер мен сертификаттарды дайындау бойынша қызметтерге ақы төлеу. Техникалық қызмет көрсететін және мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерге қызметтеріне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдар- дың аппарат- тары | Бекітілген штат санының лимиті шегінде аумақтық органдарды ұстау, қызметтік автомашина мен арнайы автокөлік ұстау. Медициналық қызметтің тәуелсіз сараптамасын жүргізу. 2006 жылы алынатындарын ескере отырып, ұйымдастыру техникасын ұстау. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Біліктіліктi арттырудың бекітілген жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен аумақтық орган- дарының мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік санитарлық-эпидемио- логиялық қадағалау, фармация және медициналық қызметтің сапасын бақылау мәселелері бойынша біліктілігін арттыру, мемлекеттік және ағылшын тіліне оқыту. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органның мамандарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламасын іске асыру шеңберінде шетелде оқыту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
5 | | 008 | Мемле- кеттік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жай- лары мен құрылыс- тарын күрделi жөндеу | Бекітілген жобалық- сметалық құжатамаларға және Мемлекеттік сараптама қорытынды- сына сәйкес Көліктегі мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасының ғимаратына күрделi жөндеу жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
6 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес негізгі құралдармен жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7 | | 017 | Ақпарат- тық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамта- масыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамта- масыз ету | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдары мен денсаулық сақтаудың ведомстволық бағыныстағы ұйымдар үшін бағдарламалық өнімдер, шығыс және жинақтаушы материалдар сатып алу. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдер кешендерін сүйемелдеу жөніндегі қызметтерге төлеу. Есептеуіш техника құралдары мен желілердің жүйелік- техникалық қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу. Телекоммуникациялық қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: орталық аппарат пен оның аумақтық органдарын бекітілген штат саны лимиті шегінде ұстау; мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету; бақылаудағы объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормаларға сәйкестігін бақылау; лицензиялау жүйесін жетілдіру; медициналық көмектің сапасын дәйектілікпен жақсарту; дәрілік заттар мен көрсетілетін фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру; пайдаланушылардың күтулеріне денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығын арттыру; деректерді жинаудың, жедел тапсырмаларды өңдеудің орташа уақыты және талдау ақпараттық анықтамаларды берудің мерзімдерін қысқарту, облыстардан түскен статистикалық есептерді (жылдық есеп 18 күнге дейін; тоқсандық - 3 күнге дейін) қабылдау мерзімін азайту; орта есеппен 100 қызметшінің біліктілігін арттыру; орта есеппен 100 қызметшіні мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту; көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін және оның аумақтық органдарын негізгі құралдармен, шығыс материалдарымен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету; ақпараттық жүйеге ілеспелік және техникалық қызмет көрсету.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1107,4 мың теңге; бір нормативтік-құқықтық кесімді әзірлеуге орта есеппен жұмсалатын шығын - 10522,4 мың теңге; салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бір іс-шараны орындауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 124,0 мың теңге; бір штаттан тыс қызметшіні бір жыл ұстауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 234,0 мың теңге; аумақтық органның бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 835,4 мың теңге; бір қызметшінің ел ішінде біліктілігін арттыруға орта есеппен жұмсалатын шығын - 14,9 мың теңге; бір қызметшінің шетелде біліктілігін арттыруға орта есеппен жұмсалатын шығын -
2114,2 мың теңге;
мемлекеттік және ағылшын тілінде оқытуға орта есеппен жұмсалатын шығын - 16,5 мың теңге; орталық орган мен оның аумақтық бөлімшелерін жарақтандыруға бір қызметкерге есептегендегі орта есеппен жұмсалатын шығын - 11,5 мың теңге; ақпараттық жүйелерге ілеспе жасауға орта есеппен жұмсалатын шығын - 1 662,9 мың теңге;
есептеуіш техника құралдары мен жүйелерге жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге бір есептеуіш техника құралы бірлігіне есептегендегі орта есеппен жұмсалатын шығын - 88,7 мың теңге; бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға және техникалық сараптамаға сәйкес Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.
Сапасы: денсаулық сақтау жүйесін басқару деңгейін көтеру; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
266-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153557 мың теңге (бір жүз елу үш миллион бес жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 3 , 7 , 18, 48-баптары; "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Орта кәсіптік білімдi мамандар даярлау | Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес республикалық медициналық білім беру ұйымдарында орта кәсіптік білімдi мамандарды даярлау. Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібі туралы Ережеге сәйкес білім алушыларға мемлекеттік стипендия төлеу арқылы және қысқы және каникул кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге ақшалай өтемақы төлеу үшін орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайтын білім беру ұйымдарына трансферттер аудару арқылы оқушыларды олардың орта кәсіптік білім алу кезінде әлеуметтік қолдау. Орташа жылдық контингент - 899. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқушыларды оқуға қабылдау - 400 адам, стипендиаттардың орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендиялар төлеу - 629, стипендиямен қамтамасыз ету - білім алушылардың 70 пайызы.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын мөлшері - жылына 167300 теңге. Бір оқушының айлық стипендиясының мөлшері 5147 теңге. Қысқы және жазғы каникул кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға жол жүруге 2 АЕК мөлшерде ақшалай өтемақы төлеу.
Уақтылығы: денсаулық сақтау саласында орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандардың күтілетін бітірушілер саны кемінде 285 адам.
Сапасы: медицина колледжін үздік бітірген, орта кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 16 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
267-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi
кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 4383580 мың теңге (төрт миллиард үш жүз сексен үш миллион бес жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 3 , 25, 26, 27, 43 және 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 48-баптары; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы; "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерін (курсанттарын) әскери даярлау, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; "Ерекше мәртебесі бар оқу орындары жөніндегі типтік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Мемлекеттік атаулы стипендияларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 қаулысы; "Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімі бар жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау саласының білікті кадрларын даярлауды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарының студенттерін медициналық мамандықтар бойынша запастағы офицерлер бағдарламасымен әскери даярлауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптік білімдi мамандар даярлау | | | |
2 | | 100 | Мемле- кеттік білім беру гранты бойынша мамандар даярлау | Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен интерндерді даярлау. Оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық-техникалықжағдай жасау. С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен басшы қызметкерлерінің белгіленген жалақыла- рына коэффициенттердi көбейтетін ақы төлеуге байланысты шығыстарды субсидиялау. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингенті - 10919. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
3 | | 101 | Қазақстан Респуб- ликасы Денсаулық сақтау министр- лігі жоғары оқу орын- дарының әскери кафедра- ларында запастағы офицерлер даярлау | Медициналық ЖОО- дарындағы оқу жоспарына сәйкес запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттерді әскери даярлауды жүзеге асыру; Запастағы офицерлердің орташа жылдық контингенті - 1450. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
4 | | 102 | Жоғары оқу орын- дарының студент- терін стипен- диямен қамта- масыз ету | Мемлекеттік медицина- лық білім беру ұйымдарында оқитындар- дың жекелеген санаттарына мемлекет- тік стипендиялар тағайындау мен төлеу тәртібі туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес студенттер мен интерндерге мемлекет- тік стипендия төлеу арқылы оларды жоғары кәсіптік білім алу кезінде әлеуметтік қолдау. Студенттер мен интерндердің орташа жылдық контингентіне мемлекеттік стипендия төлеу - 9365. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |