«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«сатылатын асыл тұқымды төлдің саны 178457 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5690 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы 1600 мың доза;» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«күтіліп отырған сатылатын арзандатылған асыл тұқымды төлдің саны 178500 - 180500 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5500 - 7000 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 1400 - 1700 мың доза;»;
«142081,8» деген сандар «126927,6» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 94-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1048816 мың теңге (бір миллиард қырық сегіз миллион сегіз жүз он алты мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «236», «8102,28» деген сандар
тиісінше «264», «10837,8» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтижесі» деген абзацтағы «31,729» деген сандар «33,727» деген сандармен ауыстырылсын;
«Сапасы» деген абзацтағы «1,26» деген сандар «15,61» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 95-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 31245 мың теңге (отыз бір миллион екі жүз қырық бес мың теңге).»;
реттік нөмірі 2-жолдың 6-тармақ кестесінің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру»;
7-тармақтың «Уақтылығы» деген абзацындағы «100» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 97-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 77099 мың теңге (жетпіс жеті миллион тоқсан тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 98-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 230483 мың теңге (екі жүз отыз миллион төрт жүз сексен үш мың теңге).»;
2-тармақ «№ 255 қаулысы» деген сөздерден кейін «; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«6» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;
«Жобаны бағалау және мониторинг бойынша техникалық көмек беру үшін 1 шетелдік жеке консультанттың консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу.» және «Аграрлық метеостансалар үшін құрал-жабдықтар сатып алу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыруларды төлеу.» деген сөздерден кейін «Қарыз бергені үшін Дүниежүзілік Банкке бір жолғы комиссиялық алым төлеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «20 метеостансаға жабдық сатып алынды;» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы «Бір метеостансаға сатып алынатын жабдықтың құны 2 857,5 мың теңгеден аспайды.» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 100-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 6203618 мың теңге (алты миллиард екі жүз үш миллион алты жүз он сегіз мың теңге).»;
5-тармақтағы «Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:» деген сөздерден кейін «зертхана жабдықтарын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келтіру; ветеринарлық зертханалардың мамандарына зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін оқыту» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
реттік нөмірі 2-жолда:
«жұмысшыларының біліктілігін көтеру» деген сөздерден кейін «және 10 маманды оқыту» деген сөздермен толықтырылсын;
«жылқы (жабағы)» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«; - зертханалық жиһазды - 1 жиынтық;
стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге микроорганизмдердің нуклеин қышқылдары құрамын анықтауға арналған аппарат - 1 бірлік;
стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге олигонуклеотидтерді (нуклеин қышқылдары) уландыруды синтездеуге арналған аппарат - 1 бірлік;
стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге бағдарламалық қамтамасыз ететін микробиологиялық талдауыш 1 бірлік;
бағдарламалық қамтамасыз етумен, стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге шикізат пен өнімдердегі улы және химиялық заттарды анықтауға арналған аппарат - 1 бірлік;
люминесцентті микроскоп - 2 бірлік;
картридждер жиынтығымен бірге суды жоғары тазалау жүйесі аппараты - 1 бірлік;
персонал мен өнімдерді қорғаудың микробиологиялық боксы (3 сыныпты) - 3 бірлік;
персонал мен өнімдерді қорғаудың микробиологиялық боксы (2 сыныпты) - 2 бірлік;
ампулаларды вакуум арқылы дәнекерлеуге арналған аксессуарлары бар биологиялық заттарды лиофильді кептіруге арналған аппарат - 1 бірлік;
бағдарламалық қамтамасыз етілген сандық бейнекамерасы бар микроскоп - 2 бірлік;
төмен температуралы мұздатқыш (86-93С) - 2 бірлік;
көлемі кемінде 200 л термостат (+20-60С) - 3 бірлік;
стерилизациялауға және кәдеге жаратуға арналған автоклав - 3 бірлік;
жұмыртқаларды инкубациялауға арналған аппарат (+20-60С) - 3 бірлік;
СО2 - көлемі кемінде 100 л инкубаторлар, инфрақызыл датчиктер және ылғалдылықты бақылау - 2 бірлік;
210 г-ға дейінгі электронды (талдамалы) таразылар, д-0,001 - 3 бірлік;
инвертирленген микроскоп, бинокуляр, жарық алаң, фазалық айқындылық - 3 бірлік;
салқындатқышы бар мультифункциональды (жоғары жылдамдықты) центрифуга - 3 бірлік;
қоректі орта дайындауға арналған аппарат - 3 бірлік;
Дьюар ыдысы СДС - 4 жиынтық»;
реттік нөмірі 3-жолдағы «салықтарын өтеу» деген сөздерден кейін «Жақын және алыс шетелдердің ғылыми-зерттеу мекемелері мен халықаралық референтті орталықтарда 39 маманды оқыту. Саны 2062 бірлік арнайы жабдық пен құралдар сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «20 бас жануармен» деген сөздерден кейін «, саны 2107 бірлік зертхана жабдығын сатып алу жолымен зертханалық диагностиканың мемлекеттік жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау жөнінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін 49 маманды сынаудың қазіргі заманғы әдістеріне оқыту» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 101-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 43815 мың теңге (қырық үш миллион сегіз жүз он бес мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 4-бағанының реттік нөмірі 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру»;
7-тармақтың «Уақтылығы» деген абзацындағы «100» деген сандар «30» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 105-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 79250 мың теңге (жетпіс тоғыз миллион екі жүз елу мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін қадағалау» деген сөздер «құрылысты қадағалау, құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін бақылау, инспекторлардың, клерктердің қызметтеріне ақы төлеу, қолдау тобының жұмысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «Контракт құнының 5 пайызы болатын сақтандыру жиналымының жартысын сыртқы займды қоса қаржыландыру есебінен төлеу.» деген сөздер «Тодини» компаниясының келісім-шарттық құнының 5 %-дық сақтандыру жиналымының және «Эсер» компаниясының келісім-шарттық құнының 5 %-дық сақтандыру жиналымының жартысын сыртқы қарызды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражат есебінен төлеу.» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2 деңгейдегі банктердің комиссиясына байланысты төлемдерді төлеу» деген сөздерден кейін «, жобаның қорытындысы бойынша есептік семинарды өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
«құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін қадағалау,» деген сөздерден кейін «құрылысты қадағалау, инспекторлардың, клерктердің қызметтеріне ақы төлеу, қолдау тобының жұмысы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Мотт МакДональд фирмасының сарапшылық қызметіне сыртқы займды республика бюджетінен қоса қаржыландыру есебінен ақы төлеу (құрылыстан кейінгі кезеңде объектінің күйін қадағалау, оқыту).» деген сөздерден кейін «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында 15391 гектар алаңда жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Уақтылығы» деген абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылы жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ мердігерлермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес пайдалануға берілген жер суландыру дренаждық жүйелері бойынша кепілдік мерзімін аяқтау жоспарлануда.»;
көрсетілген қаулыға 106-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 260697 мың теңге (екі жүз алпыс миллион алты жүз тоқсан жеті мың теңге).»;
6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағанындағы «Келісім-шарт құнынан 5 пайыздық сақтандыру шегерімінің жартысын төлеу» деген сөздер «Тодини» компаниясының келісім-шарттық құнының 5 %-дық сақтандыру жиналымының және «Эсер» компаниясының келісім-шарттық құнының 5 %-дық сақтандыру шегерімінің жартысын сыртқы қарыздар есебінен төлеу.
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында 15391 гектар алаңда жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жол «іске асыру» деген сөздерден кейін «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында 15391 гектар алаңда жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 2, 3-жолдардың 6-бағанындағы «III, IV тоқсан» деген сөздер «Қаңтар-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Уақтылығы» деген абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мердігерлермен бекітілген» деген сөздердің алдынан «Жобаның екінші фазасы бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 107-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1246164 мың теңге (бір миллиард екі жүз қырық алты миллион бір жүз алпыс төрт мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «Балық шаруашылығын дамыту үшін қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу.» деген сөздер «Қамыстыбас көлдер жүйесін сумен қамтамасыз ету және балық шаруашылығын дамыту үшін гидротехникалық құрылыстар мен қорғаныс бөгеттерін салу.» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «Математикалық модельдерді әзірлеуді іске асыру және институционалды қызметтері үшін кеңесшілердің қызмет ақысын төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 108-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 434499 мың теңге (төрт жүз отыз төрт миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 109-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4144247 мың теңге (төрт миллиард бір жүз қырық төрт миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
«нақты жобалау» деген сөздерден кейін «және құрылысты қадағалау; құрылыс-монтаж» деген сөздермен толықтырылсын;
«; сумен жабдықтау объектілерін салу үшін жабдықтар алу; сумен жабдықтау объектілерін салуға TЭH әзірлеу үшін консультанттардың қызметтерін төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
«институционалдық бағдарламасын дамыту» деген сөздерден кейін «санитарлық-гигиеналық ағарту бағдарламасы» деген сөздермен толықтырылсын;
«құрылыс жұмыстарын бақылауға және жобалауды жүзеге асыруға жергілікті консультанттар қызметін төлеу» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылысты нақты жобалауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін консультанттардың қызметіне ақы төлеу»;
«жабдықтар сатып алу;» деген сөздер алынып тасталсын;
«сатып алынған жабдықтар бойынша төлем ақылар мен салықты төлеу» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«салықтар мен баждар төлеу»;
«құрылыс жұмыстарына шарт бойынша бюджетке міндетті төлем ақылар мен салықты төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
«жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 110-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12 объектіні аяқтау және 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстарының көлемін орындау»;
көрсетілген қаулыға 116-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 167660 мың теңге (бір жүз алпыс жеті миллион алты жүз алпыс мың теңге).»;
6-тармақтың кестесінде:
реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3-жолдың 5-бағанындағы «Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарына келісім шарт бойынша бірлесе қаржыландырудың жартысын төлеу.», «Жоба шеңберінде институционалдық нығайту қызметтеріне төлеу. Ынтымақ су қоймасы құралымы шеңберінде тәуелсіз сарапшылардың қызметіне төлеу. Келісім-шарттар бойынша консультация қызметінің салығын және баж салығын төлеу. Жоба шеңберінде сараптамаларға төлеу.» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «тәуелсіз сарапшылардың есептері;
медициналық зерттеу жөніндегі есептер; жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарының басталуы;» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«нақты жобалауды әзірлеу жөніндегі есептер;»;
«Түпкілікті нәтиже» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оң сараптау қорытындылары бар егжей-тегжейлі жобалау нәтижелері.»;
көрсетілген қаулыға 119-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жол «қызметтерді төлеу.» деген сөздерден кейін «Саны 7 адамнан тұратын жобаны үйлестіруші топтың жергілікті консультанттарының қызметтеріне ақы төлеу, операциялық шығыстарға ақы төлеу, жиһаз және кеңсе жабдықтарын сатып алуды, кеңсені жалға алуды және ұстауды қоса алғанда.
Хабарландыруларға ақы төлеу.
Операциялық шығыстарды қоса алғанда, Ертіс өңірі аймағында және Арал теңізінің суалған түбіндегі орманды қалпына келтіру бойынша жергілікті консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу.
Орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесін әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу.
Жайылымдарды басқару бойынша жергілікті консультанттың қызметіне ақы төлеу.
Радиокоммуникация құралдарын шолу жөніндегі жергілікті консультанттың қызметіне ақы төлеу.
Орман тұқымы станциясы құрылысының ЖСҚ әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу.
Өрт станциялары/мұнараларының ЖСҚ әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Жол және басқа инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жоспарын әзірлеу.»;
көрсетілген қаулыға 124-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 388857 мың теңге (үш жүз сексен сегіз миллион сегіз жүз елу жеті мың теңге).»;
6-тармақтың кестесінде:
5-бағанда:
реттік нөмірі 2-жолдағы «Екі Ұлттық Референттік Зертхана (ҰРЗ) салуды жобалау және қадағалау жөніндегі компанияның консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу.« деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «Екі Ұлттық Референттік Зертхана (ҰРЗ) салуды жобалау және қадағалау жөніндегі компанияның консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу.«, «Сапаны басқару және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету компоненті шеңберінде Техникалық Регламенттерді үйлестіру және сапаны қамтамасыз ету жүйесі жөнінде екі консультациялық компанияның және жетілдірілген зертханалық тәжірибе жөніндегі бір шетелдік жеке консультанттың қызмет көрсетуін сатып алу. Зертханалық қызметкерлерге шетелде оқу курстарын ұйымдастыру. Зертханалық жабдықтар сатып алу.« деген сөздер алынып тасталсын;
«Алиментариус кодексін аудару.« деген сөздер «Алиментариус кодексі комиссиясының стандарттарын аудару.« деген сөздермен ауыстырылсын;
«Имидж жөніндегі және оны іске асыру жөніндегі науқандардың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2 консалтингтік компаниялардың консультациялық қызметтерін сатып алу» деген сөздер «Имидж жөніндегі науқан тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі консалтингтік компанияны тарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1 ұлттық консультанттардың» деген сөздер «төрт ұлттық консультанттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1 халықаралық, 1 ұлттық консультанттардың, сонымен қатар оқуды басқару жөніндегі консалтингтік компанияның қызмет көрсетуін сатып алу.« деген сөздер алынып тасталсын;
«Қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулерін дамыту - үшінші компоненті жөнінде оқыту модульдері мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша 1 жергілікті консультанттың, 1 халықаралық консультанттың қызмет көрсетулерін сатып алу» деген сөздер «Оқыту модульдері мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша екі халықаралық консультантты тарту» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Стратегия талдау және дамыту және жобаны бағалау үшін 2 консультациялық компанияның қызмет көрсетуін сатып алу.« деген сөздер алынып тасталсын;
«Ақпараттық мониторинг жүйесін жасау үшін 1 жергілікті және 1 халықаралық консультанттардың қызмет көрсетуін сатып алу.« деген сөздер алынып тасталсын;
«Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыруларды төлеу.« деген сөздерден кейін «Шетелден тартылған төрт ұлттық консультантты оқыту курстарын ұйымдастыру. 48 жиынтық компьютерлік жабдықты, жобаның консультанттары үшін және білім беру жүйесін құру жөніндегі консультациялық компания үшін кеңсе жиһазын сатып алу. Оқыту курстарын ұйымдастыру жөніндегі компанияны тарту. Дүниежүзілік Банктің қарыз сомасынан 0,5 % мөлшерінде біржолғы комиссиялық алым төлеу. Стратегияны талдау және дамыту жөніндегі консалтингтік компанияны тарту.»;
6-бағанда:
реттік нөмірі 2-жолдағы «Мамыр-желтоқсан» деген сөздер «Шілде-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «Қаңтар-желтоқсан» деген сөздер «Шілде-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«зертханаларды модернизациялау (2 обл., 2 аудан)» деген сөздер алынып тасталсын;
«техникалық регламенттерді үндестіру» деген сөздер «нормативтік-құқықтық кесімдерді үндестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«64,6» деген сандар «13,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацта:
«Қысқа мерзімді жергілікті консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 127 мың теңгеден аспайды; халықаралық консультанттың қызметі - 2286 мың теңге. Бір облыстық зертхананы модернизациялаудың құны 50800 мың теңгеден және аудандық - 8255 мың теңгеден аспайды.« деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 126-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 150000 мың теңге (бір жүз елу миллион теңге).»;
2-тармақ «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесінің 6-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «Сәуір-желтоқсан» деген сөздер «Мамыр-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «Сәуір-желтоқсан» деген сөздер «Мамыр-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «635000» деген сандар «150000» деген сандармен ауыстырылсын;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 127-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 129-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1257807 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу жеті миллион сегіз жүз жеті мың теңге).»;
6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:
«4-1 008 Мемлекеттік Оңтүстік шілде- Қазақстан
органдардың Қазақстан желтоқсан Республикасы
ғимараттарын, облысы Еңбек және халықты
үй-жайларын бойынша әлеуметтік қорғау
және құрылы- Көші-қон министрлігі»;
старын комитетінің
күрделі басқармасы
жөндеу ғимаратының
шатырына
күрделі
жөндеу
жүргізу
көрсетілген қаулыға 130-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 255496364 мың теңге (екі жүз елу бес миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).«;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «1644,0» деген сандар «1663,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы «9930» деген сандар «10075» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 131-қосымшада:
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацында:
«244» деген сандар «229,9» деген сандармен ауыстырылсын;
«16,3» деген сандар «10,8» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 132-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 34558542 мың теңге (отыз төрт миллиард бес жүз елу сегіз миллион бес жүз қырық екі мың теңге).»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- 2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу: ҰOC мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,1 AEK, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 5,8 АЕК, ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне - 4,2 АЕК; ЧАЭС-тағы апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасыларына - 4,3 АЕК; қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) - 2,4 AEK; тыл еңбекшілеріне - 2 АЕК; көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, шеттету және қоныс аудару аймағынан Қазақстан Республикасына көшірілген ЧАЭС-тағы оқиғасында апат салдарын жоюға қатысушыларға - 2 AEK.»;
7-тармақта:
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацта:
«4120» деген сандар «4817» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері: ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін; ҰOC қатысушыларына теңестірілген адамдарға 2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін; ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне - 2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін; ЧАЭС-тағы апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасыларына - 2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін; қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) - 927 теңгеден 2472 теңгеден; тыл еңбекшілеріне - 1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін; көшіру күнінде аналарының құрсағында болған балаларды қоса алғанда, иеліктен алу және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына көшірілген ЧАЭС-тағы апат салдарын жоюға қатысушыларға 515 теңгеден 2060 теңгеге дейін ұлғаяды.»
көрсетілген-қаулыға 133-қосымшада:
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «104,5» деген сандар «100,6» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 145-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1018277 мың теңге (бір миллиард он сегіз миллион екі жүз жетпіс жеті мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 6-бағанындағы «Мамыр» деген сөз «Жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 153-қосымшада:
«арнайы» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 157-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1340102 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық миллион бір жүз екі мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасыларына асыраушыларынан айрылу жағдайына байланысты зиянды өтеу.»;
реттік нөмірі 4-жолдағы «ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің мамандарын EASA/JAR стандарттарын оқыту.« деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдағы «неміс қозғалтқышы бар МКСМ-800 коммуникативтік құрылыс машинасын 1 бірлік, жабынсыз 8 тонналы ЗИЛ 508.10 (150 а.к.) борттық автомашинасын 1 бірлік, Көлік және коммуникация министрлігінің ғимаратына қызмет көрсететін арнайы машина үшін аспалы құрал-жабдық (1 шөміш, тазалағыш)» деген сөздер «аумақты тазалауға арналған техниканы, жүк автомобилін, шөміш пен тазалағышты» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«неміс қозғалтқышы бар МКСМ-800 коммуникативтік құрылыс машинасын 1 бірлік, жабынсыз 8 тонналы ЗИЛ 508.10 (150 а.к.) борттық автомашинасын 1 бірлік, Көлік және коммуникация министрлігінің ғимаратына қызмет көрсететін арнайы машина үшін аспалы құрал-жабдық (1 шөміш, 1 тазалағыш)» деген сөздер «аумақты тазалауға арналған техниканы 1 бірлік, жүк автомобилін 1 бірлік, шөмішті 1 бірлік, тазалағышты 1 бірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;