Қаржы-экономикалық нәтижесі: электр энергиясының тапшылығы мен құнын төмендету, электр энергиясы экспортының мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
16-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
317-2-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
016 «Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық және/немесе
келісімшарттық талаптарын орындауды бақылауды ұйымдастыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38250 мың теңге (отыз сегіз миллион екі жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы; «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпы ұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесінің 51-тармағы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық және/немесе келісімшарттық талаптарын орындауды бақылауды ұйымдастыру | 1. Жаңа тұғырнамаға көшу шеңберінде жобалау алдындағы зерттеулерді жүргізу. 2. «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (бұдан әрі - ҚР ЖҚП ББМЖ) жүйесін жаңа тұғырнамаға көшіру арналған техникалық тапсырманы дайындау. 3. Жаңа тұғырнамада ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің макетін дайындауды қамтитын эксиздік жобаны дайындау және оның тест сынағынан өткізідуі | 2006 жылдың екінші жартыжылдығы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтижесі: «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесінің макеті Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының (КР ҰАИ) және «электрондық үкіметтің» элементі ретінде.
Түпкілікті нәтиже: жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды сапалы деңгейге көтеру.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін жедел бақылау негізінде экономиканың өндіруші салаларының экономикалық тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарға сәйкестілігі.
Сапасы: ҚР ЖҚП ББМЖ жүйесінің Қазақстан Республикасы ақпараттық технологияларының стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік ISO 17799:2005 және ISO 27001:2005 жаңа халықаралық стандарттарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
17 қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
325-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
027 «Облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды
ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер» деген
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 450000 мың теңге (төрт жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» (екінші оқылым) 2006 жылғы 20 маусымдағы № 42-III ҚРҮ Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қостанай облысы Арқалық қаласының жылумен жабдықтау объектілерін отынмен қамтамасыз ету үшін жағдайлар туғызу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстардың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Арқалық қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға арналған нысаналы трансферттер | 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына «Арқалық ЖЭК» ММК үшін отандық мазутты сатып алуға Қостанай облысының облыстық бюджетіне мақсатты ағымды трансферттерді удару. | шілде - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі; Қостанай облысының әкімдігі, Арқалық қаласының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 2006-2007 жылдарда жылыту маусымына Арқалық қаласын жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: «Арқалық ЖЭК» МКК-нің тиімді жұмыс істеуі және жылумен жабдықтау қызметтерін үздіксіз ұсынуы.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: республика үшін экономикалық тиімділікке Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: нормалары мен ережелеріне сәйкес, M-100 маркалы мазут.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
18-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
338-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
015 «Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау
қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін
нысаналы даму трансферттері» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 335000 мың теңге (үш жүз отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экономиканың басымды секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысының 9-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарлама) аты | Бағдарламаны (кіші бағдарлама) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 015 | | Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
түпкілікті нәтиже: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық паркті пайдалануға беру.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес түпкі өнімдердің экспортына бағытталған жаңа өндірістерді Қазақстанда; металлургия саласында бірлескен кәсіпорындарды құру мен дамыту.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
19-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
339-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын
қалыптастыру» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ға берілген мемлекет қатысатын (бұдан әрі - компаниялар) заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру және ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, индустриалдық-инновациялық даму саласында Мамандандырылған Кеңестің ұсынымдарының негізінде компаниялардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету; ұлттық экономиканы әр тараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдемдесу компаниялардың қызметін үйлестіру негізінде экспорттық-импорттық сектордың басымдықтарын пайдалану; компанияларды корпоративтік басқарудың таңдаулы әлемдік тәжірибені енгізу; компаниялардың қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, компаниялардың мамандануы арасында және олардың арасындағы мәнді бәсеке балансын айқындау; Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с № | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | 2006 жылғы екінші жарты жылдықта | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру
Уақтылығы: жарғылық капиталын қалыптастыру жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес келтіру.
Сапасы: акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ға берілген компанияларды тиімді корпоративтік басқару.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 470б қаулысына
20-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
368-1-қосымша
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1437202 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз жеті миллион екі жүз екі мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Штат санының лимитіне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің орталық аппаратын ұстау. Үй-жайды жалдау ақысын төлеу. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Аудиторлық тексерулердің шығындарын өтеу. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді басылымдарда, теледидарда, Интернет желісінде) ақпараттық және жарнамалау компаниясын жүргізу Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне ақы төлеу. Шетелдерде халықаралық семинарлар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Бекітілген біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту. | 2-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Кабинеттерді жабдықтау үшін жиһаздар, жабдықтар және басқа активтерді, тауарларды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпараттық жүйелерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу. Мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту. Агенттіктің жабдығы мен желілеріне, серверлік үй-жай жүйелерін, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарға техникалық және жүйелі қызмет көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бағдарламалық өнімді сатып алу және сүйемелдеу. Есептеу техникасы мен активті желілік жабдықтар сатып алу. Жабдықты бөлшектеу/монтаждау бойынша қызметтер, жөндеу, жабдықты жеткізу бойынша ілеспе қызметтер алу. Интернет және VPDN желісіне қосылу бойынша қызметтерді алу. | | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық негізбен 100 % қамтамасыз ету; 78 біліктілігі жоғары мамандарды жұмысқа тарту мемлекеттік қызметшілердің компьютермен және ұйымдастыру техникасымен жалпы қажеттіліктің 100 %-мен жарақтандырылуын қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу;
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі орталық аппаратының бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға арналған орташа шығын 9420 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 33 мың теңге; Агенттіктің ақпараттың жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шығындардың орташа көлемі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету - 366,5; Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының барынша көп санын тарту және қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар рыногының ықпалдасуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 4706 қаулысына
21-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
369-1-қосымша
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
002 «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шеңберінде
мемлекеттік меншікке қатысу» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1425000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: KAZSAT спутнигі базасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы, Өскемен, Шығыс Қазақстан облысының 19 аудан орталықтары мен қалаларын қамтитын телекоммуникациялық инфрақұрылым құру. Алматы, Өскемен қалаларында қалалық талшықтық-оптикалық сақина құру. Ақпараттық құрылымның Астана қаласындағы мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының пилоттық аймағымен ықпалдасуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | «Электрондық үкімет» қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік меншікке қатысу | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік органдардың біріңғай көлік ортасының спутниктік сегментін құру | «KazSatNet» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында деректер берудің орталық жер станциясының жерсеріктік желісін, Алматы қаласындағы, Өскемендегі, Павлодар облысының 4 аудандарындағы, 19 орталық аудандар мен Шығыс Қазақстан облысы қалаларындағы мемлекеттік органдардың ЕТС ГО-ға жердегі жерсеріктік станциялары мен желінің қолжетімділігін қосатын, ЕТС ГО жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын іске асыру үшін АО «KazSatNet» кәсіпорнын құру.