үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
202-бап. Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Көрiнеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектiсiн бекіту, сондай-ақ бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрiнеу сенімсіз есептi бекіту, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу
жалған мәлiметтер енгізу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Iрi зиян келтiрген дәл сол әрекет -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
204-бап. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы
көрiнеу жалған мәлiметтер беру
Мүлiктiк пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргiзiлген операциялар туралы iрi зиян келтiрген көрiнеу жалған мәлiметтер беру -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн
бұзу
1. Iрi зиян келтiрген бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет не адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу не белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау
немесе сату
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iрi мөлшерде жасалған не жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшiн бұрын сотталған адам жасаған осындай әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1 Заңына сәйкес 208-бап жаңа редакцияда
208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен
таңбалаудың тәртібі мен ережелерiн бұзу, акциздiк
алым маркасын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бір лауазымды иелену немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бір жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiн қамауға алуға, не белгiлi бір лауазымды иелену немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Акциздiк алымның көрiнеу жалған маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу, -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бір лауазымды иелену немесе белгiлi бір қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе онсыз жазаланады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Экономикалық контрабанда
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткізудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткізу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткiзiлген тауарлардың құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.
210-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
211-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
212-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
213-бап. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден
қайтармау
Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкіндегі шоттарға мiндеттi түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару
1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;
в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса -
жетi жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер жасап iрi зиян келтiрсе -
жетi жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан біржылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсіздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi басқа несие берушілерге көпе-көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген несие берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
216-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсіздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
217-бап. Жалған банкроттық
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң несие берушiлерге тиесiлi төлемдерiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшiн несие берушiлердi жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсіздiгi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
218-бап. Бухгалтерлiк есеп ережелерiн бұзу
Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның есепке алу немесе есеп беру құжаттарына ұйымның шаруашылық және қаржы қызметi туралы көпе-көрiнеу жалған ақпаратты енгізуi, сол сияқты iрi зиян келтiрген қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер
беру
Банк қызметкерлерiнiң заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, сол сияқты осы банктiң iс жүзіндегі қаржы жағдайымен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепiлдемелер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе немесе келтiруi мүмкiн болса -
жетi жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
1. Банк қызметкерлерiнiң банктiң өз қаражатын және (немесе) банктiң тартылған қаражатын көпе-көрiнеу қайтымсыз несие беру немесе банкке көпе-көрiнеу пайдасыз мәмiлелер жасау үшiн пайдалануы, сол сияқты банк клиенттерiне не басқа адамдарға негiзсіз банк кепiлін немесе негiзсіз жеңiлдiк шарттарын беруi, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Банк қызметкерлерiнiң клиенттердiң банк шоттары бойынша ақша сомаларын, оның iшiнде валюта қаражатын көпе-көрiнеу дұрыс аудармауы немесе көпе-көрiнеу уақтылы аудармауы, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз және үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II Заңдарына сәйкес 221-бап өзгертілді
221-бап. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы
1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге әкеп соқса, -
екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онысыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшiн сотталған адам жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 16.03.01 ж. № 163-II Заңдарына сәйкес 222-бап өзгертілді
222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару
1. Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымда болу немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салынып не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 223-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
223-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Меншiк нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кәсiпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсiпкерлер ретiнде тiркелген азаматтардың кем өлшеуі, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттер елеулi мөлшерде жасалған болса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.