Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спирті мен
алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі N
430-I Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша); 1984 ж., № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190-191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49; 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар, 1994 ж., № 4, 5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 208-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 13, 194-құжат; № 14, 201-құжат; № 22, 310-құжат):
1) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар
Осы Кодекстiң 23-бабы 1-бөлiгiнiң 3), 4) және 7) тармақшаларында белгiленген әкiмшiлiк жазалар қосымша жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн; осы Кодекстiң 23-бабы 1-бөлiгiнiң 5) және 8) тармақшалары негiзгi де, қосымша да жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн; басқа жазалар тек негiзгiлер ретiнде қолданылады.
Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi және бiр немесе бiрнеше қосымша жаза тағайындалуы мүмкiн.
Заттарды қайтарымды алып қою және тәркiлеу бiр мезгілде қатар қолданылмауы тиiс.";
2) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткізудiң ережелерiн бұзу Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өткізудiң ережелерiн бұзу, -
азаматтарға өнiмiн тәркілей отырып, оннан жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына өнiмiн тәркiлей отырып, жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 169-1-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтарға құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларына - құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып оннан жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.";
екiншi бөлiктің екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтарға құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) өткiзiлген өнiмдi тәркiлей отырып оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - құқық бұзушылық жасау құралдары мен қаражаттарын, сондай-ақ жасалған және (немесе) сатылған өнiмдi тәркiлей отырып жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
4) мынадай мазмұндағы 169-9-баппен толықтырылсын:
"169-9-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркiлерiмен таңбалаудың тәртібі мен ережелерiн бұзу
Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртібі мен ережелерiн бұзу, -
азаматтарға, таңбалау тәртібі мен ережелерiн бұза отырып таңбаланған акцизделетiн тауарларды тәркiлей отырып бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң басшыларына таңбалау тәртібі мен ережелерiн бұза отырып таңбаланған акцизделетiн тауарларды тәркiлей отырып оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның бiр жыл iшiнде жасаған дәл сол әрекетi, -
азаматтарға оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - жиырмадан елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
5) мынадай мазмұндағы 193-8-баппен толықтырылсын:
"193-8-бап. Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру
Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру, -
азаматтарға белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып, бестен он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларына - белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып, оннан жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан алты айға дейiнгi мерзiмге уақытша айыруға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайта жасалған дәл сол әрекет, -
азаматтарға белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн өнiмдi тәркiлей отырып бестен жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға және шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына - белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімді тәркілей отырып жиырма бестен елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және лицензиядан айыруға әкеп соғады.";
6) 216-бап "157", "168-5", "169-4", "193-3" деген цифрлардан кейiн тиiсiнше "161", "169-1", "169-9", "193-8" деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 237-7-бапта "(баптардан басқа" деген сөздердiң алдынан "169-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
8) 248-1-баптың 1) тармақшасының бiрiншi бөлігінiң жиырма сегiзiншi абзацы "165" цифрының алдынан "161" деген цифрмен "173-1" деген цифрдан кейiн "193-8" деген цифрмен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат, № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж, № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы" заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы" 1999 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңы; 1999 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-бапта:
1-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;"
2-тармақтағы "және қоршаған ортаны қорғау" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18 225-құжат):
1) 190-бапта:
бiрiншi бөлiк "табыс табумен" деген сөздерден кейiн "немесе iрi мөлшерде акцизделетiн тауарларды өндiрумен, сақтаумен және өткізумен" деген сөздермен толықтырылсын;
ескерту мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны iрi мөлшердегi тауарлар деп танылады.";
2) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерiн бұзу, акциздiк алым маркасын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздiк алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiн қамауға алуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Акциздiк алымның көрiнеу жалған маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе онсыз жазаланады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының