сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
240-бап. Теңiз қарақшылығы
1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
241-бап. Жаппай тәртiпсіздiктер
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсіздiктi ұйымдастыру -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсіздiкке қатысу -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсіздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 242-бап өзгертілді
242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау
Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери
техника жасау кезiнде пайдаланылатын технологияларды,
ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтердi
заңсыз экспорттау
Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулердi заңсыз экспорттау -
жетi жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
244-бап. Атом энергетикасы объектілерінде қауiпсіздiк
ережелерiн бұзу
1. Атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер ол кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкiн болса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде
қауiпсіздiк ережелерiн бұзу
1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсіздiк
ережелерiн бұзу
1. Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 247-бап жаңа редакцияда
247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу
1. Радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму, -
екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, -
екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 248-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу
1. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу -
жетi жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) адам өз қызмет бабын пайдаланып;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп не онсыз төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
б) ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
в) алып тасталды
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабында, сондай-ақ 255, 260-баптарында бірнеше рет жасалған қылмыс деп осы Кодекстiң аталған баптарында, сондай-ақ 175-181-баптарында көзделген қылмыстардың бұған дейiн бір немесе одан да көп рет жасалуы танылады.
249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу ережелерiн
бұзу
1. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, -
бес жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II ; 2005.08.07 № 67-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 250-бап өзгертілді
250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы
шектелген заттардың контрабандысы
1. Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есiрткi заттарды, жүйкеге әсер ететiн, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізу -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 251-бап өзгертілді
251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру
1. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, біреуге беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған немесе бірнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Суық қаруды алып жүру, аңшылық кәсiпшiлiкке байланысты болатын реттердi қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сату -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарна сәйкес 252-бап өзгертілді
252-бап. Қаруды заңсыз жасау
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған немесе бірнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Газ қаруын, суық қаруды, оның iшiнде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсетісішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 253-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, жазаланады.
254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе
жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі мiндеттердi
тиiсiнше атқармау
1. Атыс қаруын, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер ол ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың пайда болу қаупiн тудырса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 255-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару
құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу
1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар немесе жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, не осындай күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы жасалса -
в) алып тасталды
мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
256-бап. Өрт қауiпсіздiгi ережелерiн бұзу
1. Өрт қауiпсіздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның өрт қауiпсіздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекеттік iрi зиян келтiруге әкеп соқса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бас бостандығын екi жылға дейiнгi мерзiмге шектеуге, не белгiлi бір лауазымдарды атқару құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсыздан кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 257-бап өзгертілді
257-бап. Бұзақылық
1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсіз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет, егер оны:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөніндегі мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
в) бұзақылық үшiн бұрын сотталған адам жасаса -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
258-бап. Тағылық
Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
10-тарау. Халықтың денсаулығына және
адамгершiлiкке қарсы қылмыстар
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 259-бап өзгертілді
259-бап. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды
заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау,
жөнелту немесе сату
1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау -
он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу мақсатымен не өте iрi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасалған әрекеттер -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) әлденеше рет;
в) есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты iрi мөлшерде жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізудi:
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса;
б) олар өте iрi мөлшердегi есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы бап бойынша есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың ірі және өте ірі мөлшері "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.
260-бап. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды
ұрлау не қорқытып алу
1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттердi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:
а) ұйымдасқан топ;
б) iрi мөлшерде есiрткi заттар немесе жүйкеге әсер ететiн заттар жөнiнде;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
261-бап. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн
заттарды тұтынуға көндiру
1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды тұтынуға көндiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) кәмелетке толмағаны көрiнеу белгiлi не екi немесе одан да көп адамдар жөнiнде;
г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым
салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру
1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.