2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда құрту немесе бүлдiру
Қару-жарақты, оқ-дәрiнi, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдiру ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бір жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
Қызметте пайдалану үшiн сенiп берiлген қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе әскери техника заттарын сақтау ережелерiн бұзуы, егер бұл олардың жоғалуына әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
390-бап. Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты,
сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу
1. Айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтiрсе, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 391-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу
1. Әскери, арнаулы немесе көлiктiк машинаны жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан ұшу немесе оған даярлану ережелерiн бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
393-бап. Кеме жүргiзу ережелерiн бұзу
Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелердi жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының