Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі жөнiндегі
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 20 ақпандағы № 205 қаулысы
(2006.23.08. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1356 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 24-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібi жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 545-құжат;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 қазандағы № 1091 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 356-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 20 ақпандағы
№ 205 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібi жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.23.08. № 802 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Заңдарына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiктерiн қамтамасыз ету талап етiлгенде қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәртібін белгiлейдi.
Осы Нұсқаулықтың әрекеті ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген кесімдерімен белгіленетін астықты, шитті мақта мен оны қайта өңдеу өнімдерін, оларды сақтау және тасымалдау, шитті мақта мен оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. Осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алудың жабық конкурс тәсiлiмен және бiр көзден мемлекеттік сатып алу осы Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкiлеттi органның келісімiнсiз жүзеге асырылады.
3. Осы Нұсқаулықтың қолданылу саласы әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметi, "Қазақстан Республикасының Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-бабына сәйкес Мемлекет басшысының және өзге де қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақты, әскери техниканы және олардың үлгiлерiн, оқ-дәрiлердi, байланыс құралдары мен ақпараттандыруды құру немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстар, жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік құпияларды қорғау талап етiлетiн мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi, ұлттық қауiпсiздігі мен елдегi құқық тәртібі, саласында, сондай-ақ қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiк және құқық тәртібін қамтамасыз етуге арналған қару-жарақты, әскери техниканы және өнiмдi, бактериялық және медициналық қорғау құралдарын мемлекеттік сатып алу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу болып табылады.
4. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы" Заңдарында айқындалған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.
2. Жабық конкурс өткізу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу
5. Жабық конкурс өткізу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету олардың күрделi немесе мамандандырылған сипатта болуы себебiнен ықтимал өнiм берушiлердiң конкурсты ұйымдастырушыға алдын ала мәлiм шектеулi санында болғанда;
2) жүзеге асыру барысында мемлекеттік құпияларды қорғау талап етілетiн әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметi саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету сатып алынғанда;
3) қару-жарақ, әскери техника, бактериялық немесе медициналық қорғау құралдары, қару-жарақты, әскери техниканы және олардың үйлерiн жасау немесе жаңғырту жөнiндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрiлер мен бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын өндiру, жеткізу, жөндеу, кәдеге жарату және жою жөнiндегі қызметтер көрсету және қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi, қоғамдық тәртiптi қорғауды, "Қазақстан Республикасының Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-2-бабына сәйкес Мемлекет басшысының және өзге де қорғалатын тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған өзге де өнiмдер сатып алынғанда.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурсқа қатысу құқығына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып жұмыс iстеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және оның органдары белгіленген тәртiппен беретiн рұқсаты бар ықтимал өнiм берушiлер ғана ие болады, бұл ретте конкурсқа қатысатын ықтимал өнiм берушілердiң тiзбесi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісіледi.
6. Конкурс өткізу туралы хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы не оны алмастыратын тұлға бекiтедi.
7. Осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң) номенклатурасын, санын (көлемiн) және тапсырысшылардың тiзбесiн ұзақ мерзiмдi кезеңге көзделген көрсеткiштер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары ескерiле отырып жасалған тапсырысшылардың өтiнiмдерi бойынша қару-жарақты және әскери техниканы дамыту бағдарламасының негiзiнде, осы мақсаттарға белгіленген шығыстардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекiтедi.
3. Өнiм берушiні баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау
тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу
8. Ықтимал өнiм берушілерден баға ұсыныстарын сұрату жолымен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) құрылыс саласында тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тек Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi қызмет көрсететiн ғимараттарды, құрылыстарды және объектiлердi қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi сатып алынатын бiртектi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң жылдық көлемi құндық түрiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспағанда;
2) мемлекеттік сатып алудың құндық түрiнде тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемiн шектеместен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлepi мен әскери құрамаларының, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, сыртқы барлау, әскери және қаржы полициясы органдарының, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң, салық және кеден қызметтерiнiң, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтерiнiң тiкелей шекара аймағында және қиын-қыстау алыс аудандарда орналастырылатын бөлiмшелерi үшiн тез бүлiнетiн азық-түлiк тауарлары, сондай-ақ тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсету сатып алғанда.
9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң номенклатурасын, санын (көлемiн) тапсырысшылар (бөлiмшелер) тиiстi жоғары тұрған мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекiтедi.
10. Тапсырысшы сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге баға ұсыныстарын кемiнде екi өзара аффилиирленбеген ықтимал өнiм берушiден жазбаша түрде сұратып алуы тиiс. Мұндай сұрау салу мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң атауы мен көлемiн;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi ұсынудың орнын, мерзiмiн және шарттарын;
баға ұсыныстарын табыс етудiң орны мен мерзiмiн.
Әрбiр ықтимал өнiм берушi өзгертуге жатпайтын бiр ғана баға ұсынысын табыс етедi.
11. Тапсырысшы ең төмен баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушiден тиiстi сападағы тауарды, жұмысты және қызметтер көрсетудi сатып алады.
4. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу
12. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген, сондай-ақ мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) ұлттық қауiпсiздiкке төнген тiкелей қауiп-қатерлердi, ұлттық мүдделерге қол сұғушылықты бейтараптандыру, шұғыл және төтенше зардаптарды жою, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен құралдарын жұмылдыру, ұлттық мүдделерге қол сұғушылыққа байланысты зардаптарды оқшаулау және жою қажет болғанда;
2) осы Нұсқаулықтың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып жұмыс iстеуге тек бiр ықтимал өнiм берушінiң рұқсаты болғанда;
3) өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тек бiр ғана ықтимал өнiм берушi баға ұсынысын табыс еткенде;
4) қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң ұйымдары орындау мерзiмi 45 күннен аспайтын мерзiмдi келісім-шарттарды мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберiнде орындағанда;
5) құрылыс саласындағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, Мемлекет басшысын және өзге де қорғалатын тұлғаларды қорғауды және олардың қауiпсiздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік резиденцияларды ұстау және олардың жұмыс iстеуi, ресми iс-шараларды және өзге де протоколдық iс-шараларды өткізуге қажеттi тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алғанда;
6) Қазақстан Республикасының Президентi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiткен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарымен айқындалған өнiм берушiлерден мемлекеттік және жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегі қызметтер көрсетудi сатып алғанда.
5. Қорытынды ережелер
13. Осы Нұсқаулыққа сәйкес сатып алуды жүзеге асырудың заңдылығына жауапкершілiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстарды ұйымдастырушылардың және тапсырысшылардың бiрiншi басшыларына (және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына) жүктеледi.
14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген жағдайларда тапсырысшылар, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын басшылыққа алады.
15. Қорғаныс қажеттiлiгiн, құқықтық тәртiптi және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi, Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi) беретін қарыздардың қаражаты есебiнен сатып алынатын жағдайларда, егер бұл қарыз берудiң мiндетті шарты болып табылса, сатып алу кредит берушінiң рәсiмдерi бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте осы норманы қолдану үшiн мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеудiң мынадай қағидаттарына сәйкес келуi мiндеттi шарт болуы тиiс:
1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
2) барлық ықтимал өнiм берушілерге мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшін тең мүмкiндiктер беру;
3) ықтимал өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесiнiң жариялылығы.
Бұл тармақ қарыздар туралы келісімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілуге жататын жағдайларда қолданылмайды.