Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2017.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ Заңымен күші жойылды
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «тауарлар», «тауарларды», «тауарлардың» деген сөздер «тауарлар (өнімдер)», «тауарларды (өнімдерді)», «тауарлардың (өнімдердің)» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау мәселелерiнде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын айқындайды және реттейдi.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) əскери мақсаттағы жұмыстар - заттай нəтижесі бар, қорғаныс объектілерін жəне əскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге жəне жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық жəне геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ əскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тəжірибелік- конструкторлық жəне басқа да жұмыстар;
2) əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан əрі - жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау жəне əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
3) əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер - заттай нəтижесі жоқ, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми жəне өзге де қызмет;
4) əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) - қару-жарақ, əскери жəне арнайы техника, оқ-дəрі, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;
5) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндіруші (бұдан əрі - отандық тауар өндіруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жəне неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) дайындау үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
6) қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан əрі - мемлекеттік тапсырыс беруші) - əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді əзірлеуге, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
7) қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан əрі - басты орындаушылар) - қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар жəне уəкілетті ұйым;
8) қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан əрі - операторлар) - қорғаныстық тапсырысты орындау немесе қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар;
9) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан əрі - орындаушы) - оператормен, уəкілетті ұйыммен жəне (немесе) мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк тапсырыс берушiлер əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретiнде пайдалануы не кейiннен бейiнін өзгертіп пайдалануы мүмкін өнiм мен технологиялар;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан əрі - қорғаныстық тапсырыс) - қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі əскери қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
12) уəкілетті орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) уəкілетті ұйым - əскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер жəне жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағы ережелерден өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы
1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:
1) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты өндіру жəне беру;
2) мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықтың тəжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету;
4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті қатерсіздендіру;
5) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жинақтауыштарды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу;
6) əскери, арнайы объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын əзірлеу, оларды салу жəне жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнаулы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру кіреді.
2. Қорғаныстық тапсырыс:
1) берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстармен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) жəне көлемін, сондай-ақ оларды беру, орындау, көрсету мерзімдерін;
2) қорғаныстық тапсырыстың, сондай-ақ өткізу бөлімдері, кезеңдері бойынша болжамды жалпы құнын (бағасын);
3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;
4) басты орындаушылардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыстың жобасын мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құжаттары негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Басты орындаушыларды уəкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Операторлардың орындаушыларды таңдауы мемлекеттік тапсырыс берушілермен (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты орналастыру кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының орындаушыларды таңдауы уəкілетті органмен келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Операторлардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) беру (импорттау) жəне əскери мақсаттағы жұмыстарды, əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктері негізге алына отырып, уəкілетті ұйым басты орындаушы деп танылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жəне (немесе) уəкілетті ұйым арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындалады.
5-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі шарт
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік тапсырыс берушi мен орындаушының арасында жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Шарт ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың, қару-жарақ пен әскери техника, басқа да материалдық құралдар өндiрудiң, берудiң, пайдаланудың, жаңғыртудың, кәдеге жаратудың және жоюдың бүкiл кешенiн орындауға да, осы жұмыстардың жекелеген түрлерiне де жасалады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетiн əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк жəне техникалық құжаттаманың талаптарына жəне шарт талаптарына сəйкес келуге тиiс.
6-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау
1. Қорғаныстық тапсырыс басымдық тәртiппен орындалуға мiндеттi. Қорғаныстық тапсырыстың көлемi қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыруға бөлiнетiн қаржы қаражатымен айқындалады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте мемлекеттік тапсырыс беруші берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшiн қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде үш жылдық кезеңге арналған қорғаныстық тапсырысты бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекітеді;
3) уәкілетті органды айқындайды;
4) уәкілетті ұйымды айқындайды;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) операторларды айқындайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Уәкілетті орган:
1) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілермен келісу бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін əзірлейді жəне бекітеді;
4) салааралық үйлестіруді және қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді жəне бақылайды;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезіндегі функциялары
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер:
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қажеттiлiктердi, Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн нормалар бойынша мемлекеттік тапсырыс берушiлердi материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын басшылыққа ала отырып, қажеттi әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің есебiн жүргiзедi;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесінің жинағына сәйкес қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды;
3) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) орындаушылармен шарттар жасасады, қаржыландыруды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері үшін техникалық сипаттамаларды әзірлейді, техникалық құжаттамада көзделген қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік және сериялы үлгілерін сынақтан өткізуге қатысады;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік үлгілерін қарулануға (жарақтандыруға) қабылдап алу үшін құжаттар әзірлеуге, оларды сериялап өндіруге тапсыру үшін конструкторлық құжаттаманы бекітуге қатысады;
7) жұмысты тұтастай және кезең-кезеңiмен қабылдап алуды, олардың белгiленген талаптар мен шарттардың ережелерiне сәйкес келуiне қорытынды берудi жүзеге асырады;
8) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде операторлардың, уəкілетті ұйымның жəне орындаушылардың функциялары
1. Операторлар қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген ұйымдар арасынан орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады;
2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
4) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастырады жəне жүргізеді;
5) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген орындаушылармен жасалған шарттар негізінде қорғаныстық тапсырысты уақтылы жəне тиісінше орындау жөнінде шаралар қолданады;
6) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
7) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
8) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
2. Уəкілетті ұйым:
1) əскери қауіпсіздікті, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде көрсетілген тауарларды өндіру үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асырады;
2) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кəдеге жарату, көму арқылы жоюды жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, оның ішінде оларды кəдеге жарату жəне қайта өңдеу өнімдерін өткізуді (экспорттауды) жүзеге асырады;
5) пайдаланылмайтын əскери мүлікке жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүл- кіне бағалаудың жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
7) уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
8) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
9) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
3. Орындаушылар:
1) мемлекеттік тапсырыс берушілердің жəне уəкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
2) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) берудің, сондай-ақ орындалған əскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілген əскери мақсаттағы қызметтердің оператормен жасалған шарт талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етеді;
3) əскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
4) қорғаныстық тапсырыс бойынша берілетін тауарларды (өнімді) өндіру үшін қажетті əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға жəне оған аванс беруге ғана пайдаланады;
6) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған əрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нəтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функцияларды орындайды.
10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)