Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 3 қарашадағы № 1663 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.10.02 ж. № 1091 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 205 қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 3 қарашадағы
№ 1663 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі туралы
нұсқаулық
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік құпиялар, ұлттық қауiпсiздiк және қорғаныс қабiлетi мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлiн қамтамасыз ету және құпиялық режимдi сақтау мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы" және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы" Заңдарында көзделген ұғымдар қолданылады.
3. Жүзеге асыру барысында мемлекеттік құпияларды қорғау қажет болатын әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру және басқа қызметтер салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жабық конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, конкурсқа қатысу құқығына тек мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдалану арқылы жүргізiлетiн жұмыстарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi немесе оның органдары белгiленген тәртiппен беретiн рұқсаты бар, ықтимал өнiм берушiлер ғана ие болады.
Конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн конкурсты ұйымдастырушының басшысы бекiтедi.
Егер, барлығы бiр ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдалану арқылы жүргiзiлетiн жұмыстарға рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу заңнамада белгiленген тәртiппен бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырылады.
4. Қару-жарақты, әскери техниканы және қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған өнiмдердi, бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын, қару-жарақ пен әскери техниканы және олардың үлгiлерiн жасау немесе жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды, қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрiлер мен бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын өндiру, жеткiзу, жөндеу, қайта ұқсату мен жою жөніндегі қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жабық конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, конкурсқа қатысу құқығына тек мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдалану арқылы жүргізiлетiн жұмыстарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi немесе оның органдары белгiленген тәртiппен беретiн рұқсаты бар, ықтимал өнiм берушiлер ғана ие болады.
Конкурс өткiзiлетінi туралы хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн конкурсты ұйымдастырушының басшысы бекiтедi.
Егер, барлығы бiр ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдалану арқылы жүргізiлетiн жұмыстарға рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу заңнамада белгiленген тәртiппен бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырылады.
Осы тармаққа сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) номенклатурасын, санын (көлемiн) және тапсырысшылардың тiзбесiн ұзақ мерзiмге көзделген көрсеткiштер мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары ескерiле отырып жасалған тапсырысшылардың тапсырысы бойынша, қайта қаруландыру және әскери техниканы дамыту бағдарламасының негiзiнде, осы мақсаттарға белгiленген шығыстарының шегiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын бекiтедi.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерiнiң және әскери құрамаларының, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, сыртқы барлау органдарының, әскери және салық полициялардың, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң, салық және кеден қызметтерiнiң, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтерiнiң шекара аймағында және қиын-қыстау алыс аудандарда орналасқан бөлiмшелерi тез бүлiнетiн аймақтық сипаттамадағы тауарларды мемлекеттік сатып алуды ықтимал өнiм берушiлерден баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырады.
Осы тармаққа сәйкес сатып алынатын тауарлардың номенклатурасын, санын (көлемiн) тапсырысшылар (бөлiмшелер) тиiсті жоғарғы мемлекеттік органдармен келiсе отырып бекiтедi.
Тапсырысшы сатып алынатын тауарлардың (жазбаша) баға ұсыныстарын кем дегенде екi аффилиирлендiрiлмеген ықтимал өнiм берушiлерден жазбаша сұратып алады. Мұндай сұратып алу мынадай ақпаратты қамтуы тиiс:
сатып алынатын тауарлардың атауы мен көлемi;
тауарларды жеткiзудiң орны, мерзiмi және шарттары;
баға ұсыныстарын табыс етудiң орны мен мерзiмi.
Әрбiр ықтимал өнiм берушi өзгертуге жатпайтын, бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы.
Тапсырысшы ең төмен баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушiден тауарды сатып алады.
Баға ұсынысын барлығы бiр ықтимал өнiм берушi табыс еткен жағдайда, мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тәртiппен бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырылады.
6. Ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қатер төнген, ұлттық мүдделерге қол сұққан, соның iшiнде мемлекетiшiлiк, шекарааралық және глобальды сипаттамадағы экстремальдi және төтенше жағдайларда мұндай қауiптер мен қол сұғушылықты бейтараптандыру, экстремальдi және төтенше жағдайларды жою, ұлттық қауіпсiздiктi қамтамасыз етудiң күштерi мен құралдарын әскери даярлыққа келтiру, ұлттық мүдделерге қол сұғуға байланысты зардаптарды оқшаулау және жою үшiн мемлекеттік сатып алуды ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi күштер және басқа да мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртiппен бiр көзден сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 05.10.02 ж. № 1091 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүргiзу және тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлiн таңдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдауы мүмкiн.