Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 қазандағы № 1091 қаулысы
ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 205 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 545-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүргiзу және тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлiн таңдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдауы мүмкiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |