Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96; 26.03.04 ж. № 370
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.06.10. № 965 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысымен
бекітілген
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудiң
ережесi
ҚР Үкіметінің 26.03.04 ж. № 370 қаулысымен кіріспе толықтырылды
Осы ереже, меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
Шығындарды өтеу:
мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша; мемлекеттік мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi.
Мемлекеттік медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi.
1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды
тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96 (бұр. ред. қара); 26.03.04 ж. № 370 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады.
Жан басына шаққандағы норматив бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн (бұдан әрi - БМСК) жеке және заңды тұлғаларға мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөніндегі қызметтер көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдық жөндеу;
iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.
Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы.
2. БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелiнедi:
К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда:
К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi,
С тұрғ. - бекітілген тұрғындардың саны,
Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив,
Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi.
Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент.
Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды.
2. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және
заңды тұлғалардың шығындарын амбулаториялық-емханалық тарификатор
бойынша өтеу
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96; 26.03.04 ж. № 370 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Амбулаториялық-емханалық тарификатор мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi.
Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөніндегі қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдарды, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдағы жөндеу;
iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға іргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.
4. Қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициенттерiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
5. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
К қарж. = К ш. * Б т., мұнда:
К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi,
К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi,
Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi.
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген, шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды:
Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда:
К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны,
Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi.
Барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96; 26.03.04 ж. № 370 қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрi - КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары.
КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
Аурулардың топтары бойынша шығын көлемiнiң коэффициентiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
Стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға клиникалық-шығындық топтар бойынша мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу;
азық-түлiк тағамдарын сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөніндегі қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу;
iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.
ҚР Үкіметінің 28.01.03 ж. № 96 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 26.03.04 ж. № 370 қаулысымен 8-тармақ толықтырылды
8. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда:
Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi,
К шығ.- шығын көлемі коэффициентi,
Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы,
К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi.
Бюджеттік жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасын стационарлық көмекке көзделген, шығыстар нормативтері негізінде есептелген бюджеттiң қаражатын емделiп шыққан жағдайдың жоспарланған санына шығын көлемi коэффициентiн ескере отырып бөлу жолымен немесе формула бойынша анықтайды:
Б стац. = К қарж./ (Жс * Кш.ор.), мұнда:
Қ қаражат - стационарлық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
Ж с - емделiп шыққан жағдайдың жылдық жоспарланған саны,
К ш.ор. - жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi.
Жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.
Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады.
Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады.
Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Есеп берудi ұсынудың тәртібі
9. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, арнайы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар шығындарды өтеу үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне ай сайын белгiленген мерзiмде 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес есеп-тiзiлiмдерiн бередi.
10. Есеп-тiзiлiмдердi төлеу үшiн 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) қабылдау кесiмi жасалады.
11. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық ұйымдар бюджеттік қаражатты пайдаланғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша бағдарламалар әкiмшiлерiне есеп бередi.
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
1-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады № 1-нысан ОДА
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Бастапқы медициналық-санитарлық
көмек көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімі
Есепті кезең
NN | Ұйымның атауы | Жан басына шаққандағы норматив (теңге) | Бекітілген тұрғындардың саны | Төлеуге ұсынылды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| Барлығы | | | |
М.О. Бас дәрігер (директор)
Бас бухгалтер
200 ж. "___"_________
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
2-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады № 1-нысан КДҚ
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Консультативтік-диагностикалық қызмет
көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімі
Есепті кезең
Базалық тариф
N | Тарификатор бойынша кодтау | Қызмет саны | Шығын көлемі коэффициенті | Орындалған базалық салмақ коэффициент. тері | Төлеуге ұсынылды |
| коды|кіші коды | | | | |
| | | | | |
Барлығы |
М.О. Бас дәрігер (директор)
Бас бухгалтер
200 ж. "___"_________
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
3-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады № 1-нысан СК
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Стационарлық көмек көрсететін
ұйымдардың есеп-тізілімі
Есепті кезең
Базалық ставка
NN | Бөлімшенің аты | Емделгендердің саны (емделіп шыққаны + қайтыс болғаны) барлық аурулар | N КШТ | Таразылық коэффициент | Базалық ставка. лар саны | Төлеуге ұсынылды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Барлығы |