Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 26 наурыздағы № 370 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.06.10. № 965 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 285-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесінде:
кiрiспесi мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Шығындарды өтеу:
мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша; мемлекеттік мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi.
Мемлекеттік медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi.";
1-тармақта:
екiншi, үшiншi, төртіншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы.";
3-тармақтағы үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
7-тармақтағы төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады.
Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады.
Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы | Г.Марченко |