Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
27 мамырдағы N 806 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 28 қаңтардағы N 96 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысымен
бекiтiлген
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды
өтеудiң ережесi
Осы ереже, меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу
1. Жан басына шаққандағы норматив-медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады.
Жан басына шаққандағы норматив бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн (бұдан әрi - БМСК) жеке және заңды тұлғаларға мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдық жөндеу;
негiзгi жабдықтарды сатып алу;
ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу өтеледi.
2. БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелiнедi:
К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда:
К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi,
С тұрғ. - бекiтiлген тұрғындардың саны,
Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив,
Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi.
Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейiндегi айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент.
Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды.
2. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды
тұлғалардың шығындарын амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша өтеу
3. Амбулаториялық-емханалық тарификатор мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi.
Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдарды, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимаратты ұстау және ағымдағы жөндеу;
негiзгi жабдықтарды сатып алу;
ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу өтеледi.
4. Қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициенттерiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
5. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
К қарж. = К ш. * Б т., мұнда:
К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi,
К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi,
Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi.
6. Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды:
Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда:
К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны,
Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi.
Барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.
3. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар
стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын
клиникалық-шығындық топтар бойынша өтеу
7. Клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрi - КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары.
КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.
Аурулардың топтары бойынша шығын көлемiнiң коэффициентiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
Стационарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға клиникалық-шығындық топтар бойынша мынадай шығындар:
қызметкерлердiң жалақысы;
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтiк салық, автокөлiк құралдарын мiндеттi сақтандырудың жарналары);
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен, Өмiрлiк маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзiмiне сәйкес медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу;
азық-түлiк тағамдарын сатып алу;
медициналық құралдар сатып алу;
коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне, жылу үшiн, электр энергиясы, ғимаратты күту жөнiндегi қызметтер, көлiк қызметтерi үшiн ақы төлеу;
ағымдағы шаруашылық мақсаттары үшiн заттар мен материалдар, жұмсақ мүкәммал сатып алу;
жабдықтар мен мүкәммалды, ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу;
негiзгi жабдықтарды сатып алу;
ғимараттарды, құрылыстарды және негiзгi жабдықтарды күрделi жөндеу өтеледi.
8. Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:
К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда:
Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi,
К шығ.- шығын көлемі коэфициентi,
Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы,
К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi.
Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасын стационарлық көмекке көзделген бюджеттiң қаражатын емделiп шыққан жағдайдың жоспарланған санына шығын көлемi коэффициентiн ескере отырып бөлу жолымен немесе формула бойынша анықтайды:
Б стац. = К қарж./ (Жс * Кш.ор.), мұнда:
Қ қаражат - стационарлық көмекке көзделген бюджет қаражаты,
Ж с - емделiп шыққан жағдайдың жылдық жоспарланған саны,
К ш.ор. - жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi.
Жоспарланған жағдайлардың шығындары көлемiнiң орташа коэффициентi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органының әдiстемелерiне сәйкес анықталады.
4. Есеп берудi ұсынудың тәртiбi
9. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, арнайы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек көрсететiн ұйымдар шығындарды өтеу үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне ай сайын белгiленген мерзiмде 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес есеп-тiзiлiмдерiн бередi.
10. Есеп-тiзiлiмдердi төлеу үшiн 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) қабылдау кесiмi жасалады.
11. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық ұйымдар бюджеттiк қаражатты пайдаланғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша бағдарламалар әкiмшiлерiне есеп бередi.
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
1-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады N 1-нысан ОДА
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Бастапқы медициналық-санитарлық
көмек көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімі
Есепті кезең
---------------------------------------------------------------------------
NN!Ұйымның атауы ! Жан басына шаққандағы !Бекітілген тұрғындардың!Төлеуге
! ! норматив (теңге) ! саны !ұсынылды
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О. Бас дәрігер (директор)
Бас бухгалтер
200 ж. "___"_________
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
2-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады N 1-нысан КДҚ
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Консультативтік-диагностикалық қызмет
көрсететін ұйымдардың
есеп-тізілімі
Есепті кезең
Базалық тариф
---------------------------------------------------------------------------
N!Тарификатор ! Қызмет саны !Шығын көлемі !Орындалған базалық !Төлеуге
!бойынша кодтау! !коэффициенті !салмақ коэффициент.!ұсынылды
! ! ! !тері !
---------------------------------------------------------------------------
коды|кіші коды
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О. Бас дәрігер (директор)
Бас бухгалтер
200 ж. "___"_________
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
3-қосымша
Ведомстволық статистикалық есеп беру
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес ұсынылады N 1-нысан СК
Ай сайын
Кімге ұсынылады _____________________________________
атауы
___________________________________________
алушының мекен-жайы
Министрлік ___________________________________________ Денсаулық сақтау
___________________________________________ ұйымдары есепті
Кәсіпорын, мекеме, ұйым ______________________________ мерзімнен кейінгі
___________________________________________ айдың 5-інен
Мекен-жайы ___________________________________________ кешіктірмей
бағдарлама
Меншік нысаны ________________________________________ әкімшісіне
ұсынады
Негізгі қызмет түрі __________________________________
Стационарлық көмек көрсететін
ұйымдардың есеп-тізілімі
Есепті кезең
Базалық ставка
---------------------------------------------------------------------------
NN!Бөлімшенің аты!Емделгендердің саны !N КШТ ! Таразылық !Базалық! Төлеуге
! !(емделіп шыққаны + ! !коэффициент!ставка.!ұсынылды
! ! қайтыс болғаны) ! ! ! лар !
! ! барлық аурулар ! ! ! саны !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы
---------------------------------------------------------------------------
М.О. Бас дәрігер (директор)
Бас бухгалтер
200 ж. "___"_________
Медициналық көмекке жұмсалған
шығындарды өтеудің ережесіне
4-қосымша
Жұмысты (қызметті)
қабылдау
актісі
Медициналық ұйымның атауы __________________________
Есепті кезең ______________________________
---------------------------------------------------------------------------
Жұмыстың (қызметтің) атауы ! Төлеуге ұсынылды, ! Төлеуге
! мың теңге ! қабылданды,
! ! мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Бастапқы медициналық-санитарлық
көмек
---------------------------------------------------------------------------
Консультативтік-диагностикалық
қызмет
---------------------------------------------------------------------------
Стационарлық көмек
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту ________________________________________________________
________________________________________________________________
_________________________________________
Бағдарлама әкімшісі Медициналық ұйым
Лауазымы ______________ Лауазымы ______________
Аты-жөні ______________ Аты-жөні ______________
қолы _____________ қолы _____________
М.О. М.О.