Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына
өзгерістер мен төлықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 96 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.06.10. № 965 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесінде:
1-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
оныншы және он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
3-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
он бiрiншi және он екiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға іргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейiн ", шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердiң жалақысы, оның iшiнде сыйлық және материалдық көмек беру (еңбекақы төлеу қорын үнемдеу болған кезде), мерзiмiнен тыс жұмысқа, мереке және демалыс күндердегi жұмысқа ақы төлеу;";
он үшiншi және он төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"iссапар шығыстары;
шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер көрсету, жұмыстар, оның iшiнде банктiк қызметтер көрсету;
медициналық автокөлiк құралдарын мiндеттi техникалық тексеру;
ғимараттардың iшкi үй-жайларын және оларға iргелес аумақты санитарлық өңдеу, медициналық құрал-саймандарды зарарсыздандыру;
ғимаратты (объектiнi) және оған iргелес аумақты күзету;
негiзгi құралдар бойынша жалгерлiк ақы өтеледi.";
8-тармақтың жетінші абзацындағы "көмекке көзделген" деген сөздерден кейін ", шығыстар нормативтері негізінде есептелген" деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |