Астық сатып алу шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөніндегі кейбір
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 5 қазандағы
№ 998 қаулысы (ҚР Үкіметінің 23.10.98 г. № 1077; 20.11.98 г. № 1184;
25.12.98 г. № 1337; 10.02.99 г. № 106; 06.05.03 г. № 430 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды iске асыру, сондай-ақ iшкi астық рыногын қорғау және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 1999 жылдың астығына дәндi дақылдардың тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077; 25.12.98 ж. № 1337; 10.02.99 ж. № 106 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) 1 (бiр) миллион тонна азық-түлiктiк астық және дәндi дақылдардың тұқымын ішкі рынокта сатып алу үшiн "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тоғыз ай мерзiмге 98 248 000 (тоқсан сегiз миллион екi жүз қырық сегiз мың) АҚШ доллары көлемiнде несие қаражатын бөлу және осы жұмысты 1999 жылдың 28 ақпанына дейін аяқтау ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077; 25.12.98 ж. № 1337 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар бекітілсiн:
1997/98 жылдың астығын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен сатып алуды ұйымдастыру тәртібі (1-қосымша);
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несиелiк қаражатының есебiнен Астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы (2-қосымша).
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже" (3-қосымша);
3. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына:
1) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың алдындағы берешектерiн өтеудi қамтамасыз ету мақсатында олардың салық органдары тiзiмдеген астығын сатып алу;
2) тұқым өсiру шаруашылықтарынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен Тiзбеге сәйкес, 1 тоннасы үшiн 136 АҚШ долларына баламды бағамен 73 000 (жетпiс үш мың) тонна сорттық тұқымды және 1 тоннасы үшiн 104 АҚШ долларына баламды бағамен 80 000 (сексен мың тонна) тұқымға жарамды тауарлық бидайды сатып алу;
3) 1999 жылдың көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн 120 000 (жүз жиырма мың) тонна тұқымға жарамды бидайды резервке алу ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 25.12.98 ж. № 1337 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қор Ведомствоаралық комиссиясының ұсынымы бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған, Ведомствоаралық комиссия рұқсат еткен екінші деңгейдегі банктермен астық сатып алу үшін өзі берген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін несиелік және өзге де келісімдер жасасады.
5. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына және астық компанияларына сатып алынған астықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы белгiлеген элеваторларда сақтау ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн 1999 жылғы егiс жұмыстарын жүргiзу үшiн тұқыммен қамтамасыз етудiң тетiгiн әзiрлесiн;
2) облыс әкiмдерi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 1 (бiр) миллион тонна астық сатып алу туралы тапсырмасын iске асыру жөнiнде қажеттi түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.
ҚР Үкіметінiң 20.11.98 ж. № 1184 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды, 7-8-тармақтар тиiсiнше 8-9-тармақтар болып саналды
7. Екiншi деңгейдегi банктер берiлген несиелердi өтеу үшiн түпкiлiктi заемшылардан түсетiн қаражаттың бiр апта мерзiм iшiнде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының аударылуын қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С.Кәрiбжановқа жүктелсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Н. Балғымбаев |