Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына
1-қосымша
1997/1998 жылдың егiнiнiң астығын сатып алуды ұйымдастырудың Тәртібі
ҚР Үкіметінің 04.11.98 ж. № 1127; 23.10.98 г. № 1077; 25.12.98 г.
№ 1337; 06.05.03 г. № 430 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен қосымшаның атауынан сөздер алып тасталды
I. Жалпы шарттары
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Астықты сатып алуды қаржыландырудың көзi "Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры (бұдан әрi - Қор)" Қазақстан Республикасының Үкіметі беретiн 98 248 000 (тоқсан сегiз миллион екi жүз қырық сегiз мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі қаражат болады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша ақша орналастыру үшін Қормен агенттік және өзге де келісімдерді жасасады.
ҚР Үкіметінің 04.11.98 ж. № 1127; 23.10.98 ж. № 1077 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. "Қордың" қаражаты мынадай тәртiпте сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тоғыз ай мерзiмге бөлiнедi:
"Азық-түлiк корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына салық органдары тiзiмдеген ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң астығын сатып алу үшiн, олардың республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға берешектерiн өтеу есебiне, сондай-ақ тұқым сатып алу үшiн және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң астығы;
астық компанияларына екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) астық сатып алу үшiн.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Сатып алу бағдарламасына қатысу үшiн фирмаларды таңдауды Қордың несиелiк қаражатының есебiнен Астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) айқындайды.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қор Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша "Азық-түлік" келісім шарт-корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен несие келісімін жасасады, ал астық компанияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған екінші деңгейдегі банктердің кепілдігіне немесе несие қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге де қолайлы шарттарымен астық сатып алуға несие қаражатын береді.
II. Астықты сатып алу бағдарламасына қатысушыларға
қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Сатып алу бағдарламасына қатысуға Ведомствоаралық комиссияға өтiнiм (қажеттi құжаттарды) берген және мынадай негiзгi шарттарға жауап беретiн астық компаниялары жiберiледi:
несиелiк қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ететiн қабылданымды кепiлдiктерiнiң болуы;
өзінің ауыл шаруашылығы өндірісінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы ұсынған меншікті (немесе басқа заңдық негіздер бойынша пайдаланатын) желілік элеваторлық сыйымдылықтарының болуы;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерінен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) астықты сатып алу жөніндегі мiндеттемелердi қабылдау;
өзiне 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн астықты өтеу және оның сақталуын қамтамасыз етуге шоттар ұсынусыз несиелiк қаражаттың есебiнен сатып алынған астықты сақтау бойынша шығындарға ақы төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077; 25.12.98 ж. № 1337 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Астық сатып алу бағдарламасына қатысуға тiлек бiлдiрген компаниялар Ведомствоаралық комиссияның атына мынадай құжаттарды ұсынады:
а) қатысуға арналған өтiнiм (еркiн нысанда);
б) нотариалды куәландырған жарғылық және құрылтайшылық құжаттар;
в) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк пен статистикалық есеп кәртiшкесi;
г) жергiлiктi салық инспекциясының барлық деңгейдегi бюджетке мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтамасы;
д)
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Ведомствоаралық комиссия ұсынылған құжаттарды қараған соң Қорға несиелiк қаражатты беру үшiн компаниялардың мақұлданған тiзбесiн жолдайды.
III. Астықты сатып алудың және оны сақтаудың тәртібі
8. Астық компаниялары астықты ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiнен (оның iшiнде жеке тұлғалардан да) сатып алуды жүзеге асырады.
9. Сатып алу бағасы франко-элеватор шарттарында үшiншi сыныпты бидайдың 1 тоннасы үшiн 80 АҚШ долларын құрайды.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077; 25.12.98 ж. № 1337 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Қордың несиелiк қаражатының есебiнен астық компанияларының сатып алған астығы 1999 жылдың 1 сәуiрiне дейiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кепiл ретіндегі ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Сақтаудың белгiленген мерзiмi өтуi бойынша кепiлдi несие қаражатының есебiнен сатып алынған астық, оны астық компаниялары несиенiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшiн нарықтық бағалар бойынша iшкi де, сондай-ақ сыртқы да рыноктарда сатады.
12. Астықты сақтаудың бүкiл кезеңi iшiнде оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімiмен iшкi рынокта мерзiмiнен бұрын сатуға жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 25.12.98 ж. № 1337 қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Осы Ережемен реттелмеген астық сатып алудың өзге шарттарын Ведомствоаралық комиссия айқындайды.
IV. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 25.12.98 ж. № 1337 қаулысымен 13-тармақ алып тасталды
13. Қор белгіленген тәртіппен уәкілетті банктерден кепілдіктер қабылдайды және олардың өздеріне алған міндеттемелерді орындауы бойынша есеп жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Уәкілетті банк заемшымен несие келісімін және кепіл шартын жасасады қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына және олардың уақытында қайтарылуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына
2-қосымша
1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077; 25.12.98 ж. № 1337; 06.05.03 ж. № 430 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Есiмов Ахметжан Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, комиссия төрағасы;
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;
Иванов Леонид Александрович - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, комиссия төрағасының орынбасары;
Адасбаев Еркiн Әбенұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетiнің төрағасы;
Төлеубаев Темiржан Төлеубайұлы - Қостанай облысы әкiмдiгінің Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк департаментінің директоры;
Үйсiмбаев Асқарбек Съезбекұлы - Ақмола облысы әкiмдiгiнің Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
Сюникаев Рашид Абдуллович - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерін сатып алу және қайта өңдеу департаментінің бастығы;
Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Егiншілiк департаментiнің директоры;
Мұрзалбаев Нағмар Айтмаханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы қылмыстарын анықтау жөніндегі департаментi бастығының мiндетін атқарушы;
Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша);
Солюлев Александр Анатольевич - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының вице-президентi (келісім бойынша);
Дүйсебаев Мұхаметжан Жұмабекұлы - "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң атқарушы директоры (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына
3-қосымша
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік
қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен
астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
Жалпы ережелер
1. Астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Үкіметтің осы қаулысымен белгіленген астық сатып алу бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылып отыр.
2. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Комиссияның функциялары мен міндеттері
4. Қажет болған жағдайда облыстар бойынша астық және дәнді дақылдардың тұқымын сатып алу жөніндегі квоталарды белгіленген тәртіппен айқындау.
5. Республикалық астық инспекциясының ұсынуымен астық сатып алу бағдарламасына қатысатын желілік элеваторларды белгіленген тәртіппен айқындау.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынуымен екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің аталған бағдарламаға қатысуы туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдау.
7. Сатып алынатын астық пен дәнді дақылдардың тұқымдары сапасының негізгі өлшемдерін айқындау.
ҚР Үкіметінің 05.06.03 ж. № 430 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. 1997-1998 жылдардағы егiннiң астығын сатып алуға берiлген кредиттердiң қайтарымдылығымен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу.
8. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мен астық компанияларының астық сатып алуының көлемі мен шарттарын айқындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
9. Астық сатып алуды жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау, атап айтқанда:
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан бірінші кезекте астық сатып алуды ұйымдастыру шарттарын астық, компанияларының және "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының орындауы;
- 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулыға сәйкес берілген ақша қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау;
- сатып алынатын астықтың сапалылығын, оның сатып алу шарттарына сай болуын бақылау;
астық сатып алу кезінде бағалардың дұрыс қолданылуын бақылау.
10. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, астық сатып алуға қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Комиссияның құқықтары
11. Алдында қойылған міндеттерді орындау үшін Комиссияның:
орталық және жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардан Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
астық сатып алу бағдарламасын орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту немесе күшін жою жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
бағдарламаны іске асыру үшін министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды белгіленген тәртіппен тартуға құқығы бар.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссияны төраға басқарады, ол оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.
13. Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болмаған кезде төрағаның функцияларын атқарады.
14. Комиссия өз кеңестерін апта сайын өткізеді.
15. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші мәнге ие болады.
16. Ведомствоаралық комиссияның барлық шешімдері тиісті хаттамамен ресімделеді, оларды астық сатып алу бағдарламасына қатысушылар орындауға тиісті.