Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998
қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1184 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Екінші деңгейдегі банктер берілген несиелерді өтеу үшін түпкілікті заемшылардан түсетін қаражаттың бір апта мерзім ішінде "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына аударылуын қамтамасыз етеді деп белгіленсін";
7 және 8-тармақтар тиісінше 8 және 9-тармақтар болып есептелсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі