Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1337 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "1998 жылдың 15 желтоқсанына" деген сөздер "1999 жылдың 30 қаңтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже" (3-қосымша)";
аталған 3-қосымша осы қаулының қосымшасы болып қоса беріліп отыр.
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қор Ведомствоаралық комиссиясының ұсынымы бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған, Ведомствоаралық комиссия рұқсат еткен екінші деңгейдегі банктермен астық сатып алу үшін өзі берген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін несиелік және өзге де келісімдер жасасады."
4) аталған қаулының 1-қосымшасында:
6-тармақтың д) тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақтағы "Екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Осы Ережемен реттелмеген астық сатып алудың өзге шарттарын Ведомствоаралық комиссия айқындайды";
13-тармақ алынып тасталсын;
5) аталған қаулының 2-қосымшасында:
1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Буц Анна Александровна - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық тұқым инспекциясы бастығының міндетін атқарушы;
Мұхамбеталин Қуаныш Төлеуұлы - Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің кеңесшісі, "Азық-түлік" келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы байқаушы кеңесінің төрағасы;
Аслан Есполлаұлы Мусин, Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов, Равиль Тәжіғарұлы Шырдабаев, Виталий Леонидович Метте, Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев, Қабиболла Қабенұлы Жақыпов, Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев, Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев, Николай Иванович Баев, Ғалымжан Бәділжанұлы Жақиянов, Қалық Абдоллаев, Жандарбек Пазылжанұлы Байпақбаев аталған құрамнан шығарылсын.
2. Астық компанияларына Ақмола және Алматы облыстарының салық органдары есепке алған астықты сатып алуға рұқсат етілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
25 желтоқсандағы
№ 1337 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
5 қазандағы № 998
қаулысына
3-қосымша
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік
қоғамы несиелерінің есебінен 1997/98 жылдың егінінен
астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы
Ереже
Жалпы ережелер
1. Астық сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия
(бұдан әрі - Комиссия) Үкіметтің осы қаулысымен белгіленген астық сатып
алу бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылып отыр.
2. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Комиссияның функциялары мен міндеттері
4. Қажет болған жағдайда облыстар бойынша астық және дәнді дақылдардың тұқымын сатып алу жөніндегі квоталарды белгіленген тәртіппен айқындау.
5. Республикалық астық инспекциясының ұсынуымен астық сатып алу бағдарламасына қатысатын желілік элеваторларды белгіленген тәртіппен айқындау.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынуымен екінші деңгейдегі уәкілетті банктердің аталған бағдарламаға қатысуы туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдау.
7. Сатып алынатын астық пен дәнді дақылдардың тұқымдары сапасының негізгі өлшемдерін айқындау.
8. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мен астық компанияларының астық сатып алуының көлемі мен шарттарын айқындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
9. Астық сатып алуды жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау, атап айтқанда:
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан бірінші кезекте астық сатып алуды ұйымдастыру шарттарын астық компанияларының және "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының орындауы;
- 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулыға сәйкес берілген ақша қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау;
- сатып алынатын астықтың сапалылығын, оның сатып алу шарттарына сай болуын бақылау;
астық сатып алу кезінде бағалардың дұрыс қолданылуын бақылау.
10. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, астық сатып алуға қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіру.
Комиссияның құқықтары
11. Алдына қойылған міндеттерді орындау үшін Комиссияның:
орталық және жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардан Комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
астық сатып алу бағдарламасын орындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту немесе күшін жою жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
бағдарламаны іске асыру үшін министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды белгіленген тәртіппен тартуға құқығы бар.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру
12. Комиссияны төраға басқарады, ол оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауап береді.
13. Комиссия төрағасының орынбасары Комиссия төрағасы болмаған кезде төрағаның функцияларын атқарады.
14. Комиссия өз кеңестерін апта сайын өткізеді.
15. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші мәнге ие болады.
16. Ведомствоаралық комиссияның барлық шешімдері тиісті хаттамамен ресімделеді, оларды астық сатып алу бағдарламасына қатысушылар орындауға тиісті.