Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы
23 қазандағы № 1077 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.04.04 № 297 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 17, 152-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу".
2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Ведомствоаралық комиссия "1997/98 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібін" әзірлеп, бекітсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі