Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 Қаулысы
(2021.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 114 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат);
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
4. Комиссия өз қызметiнде:
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 (бұр. ред. қара); 2005.01.04 ж. № 295 (бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекіту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектілігiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тілінiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
3. Жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.
ҚР Үкіметінiң 2008.11.06. № 577 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 7-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 39 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-1-тармақ өзгертілді
7-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссияның хатшысы дауыс беру парағын қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен қоса Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10. алынып тасталды
11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп бередi.
ҚР Үкіметінiң 27.10.00 ж. № 1621; 03.04.02 ж. № 397; 09.10.02 ж. № 1099; 23.05.03 ж. № 486 (бұрынғы ред. қара); 20.02.04 ж. № 208 (бұр. ред. қара); 2005.01.04 ж. № 295 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.09.02. № 39 Қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының
құрамы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
«Астана» медициналық университетінің профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің редакциялық сараптама және актілерді шығару секторының меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы
«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының қазақ тілі кафедрасының профессоры (келісу бойынша)
«Ана тілі» ұлттық газеті «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісу бойынша)
«Түркістан» газеті «Айқын-Литер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы (келісу бойынша)
жазушы, аудармашы (келісу бойынша).