Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 20 ақпандағы № 208 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 114 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру";
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
2) аталған қаулының қосымшасында:
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
көрсетiлген құрамнан: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы, Абдрахманов Сауытбек, Сейдiмбек Ақселеу, Бодаубаев Болат Қамиұлы, Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |