Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік
терминология комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 27.10.00 ж. № 1621; 03.04.02 ж. № 397; 09.10.02 ж. № 1099;
23.05.03 ж. № 486; 20.02.04 ж. № 208 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 1 сәүірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы
Мемлекеттік терминология комиссиясы
(Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тілінiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
4. Комиссия өз қызметiнде:
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекіту;
Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру;
Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминология секцияларының ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң қатарынан жұмыс топтарын құру;
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектілігiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тілінiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
3. Жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10. алынып тасталды
11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінiң 27.10.00 ж. № 1621; 03.04.02 ж. № 397; 09.10.02 ж. № 1099; 23.05.03 ж. № 486 (бұрынғы ред. қара); 20.02.04 ж. № 208 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы
Мемлекеттік терминология комиссиясы мүшелерiнiң
ҚҰРАМЫ
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi, төраға
Хұсайын - Қазақстан Республикасы Білім және
Көбей Шахметұлы ғылым министрлігінiң "А. Байтұрсынов
атындағы Тiл білімi институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнының директоры, төрағаның
орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлігі Тiлдердi дамыту жөніндегі
департаментiнiң директоры, хатшы
Айымбетов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәди Сенатының Аппараты Редакциялау,
аударма және актiлер шығару
бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім
бойынша)
Айтбайұлы - Қазақстан Республикасы Білім және
Өмiрзақ ғылым министрлігінiң "А.Байтұрсынов
атындағы Тiл білімi институты"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны жанындағы Терминологиялық
орталықтың директоры
Қалиев - Қазақстан Республикасы Білім және
Байынқол Қалиұлы ғылым министрлігінiң Абылайхан
атындағы Қазақ мемлекеттік әлем
тiлдерi университетiнiң профессоры
Серғалиев - Қазақстан Республикасы Білім және
Мырзатай Серғалиұлы ғылым министрлiгінiң Л.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетiнiң қазақ тiл білімi
кафедрасының меңгерушiсi
Құрманбайұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
Шерубай университетінің кафедра меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы
(келісім бойынша)
Тұяқбаев - Қазақстан Республикасы
Төрегелді Рахманбердіұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау
және құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
саясат ғылымдарының кандидаты";
Юсуп - Қазақстан Республикасы Президентi-
Кеңес Сләмханұлы нiң Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң
бас сарапшысы (келісім бойынша)
Кекілбаев Әбіш - Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенатының депутаты
(келісім бойынша);
Омашұлы Дәуітәлі - Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
Аппаратының редакциялау және
аударма бөлімнің меңгерушісі
(келісім бойынша);