Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы
(2009.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамы бекітілсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 304-құжат);
«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 414-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (бұдан әрi - Мемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тілінiң терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
4. Комиссия өз қызметiнде:
байырғы қазақ лексикасы (кәсiби лексика, диалектизм, ескiрген лексика, ауызекi тiл үлгiлерi және т.б.) сөздерiнiң қорын барынша пайдалану;
басқа түркi тiлдерiнiң оң тәжiрибесiн термин шығармашылығында пайдалану;
халықтардың арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi интернационалдық терминдердi қолдану. Аталған принцип терминдердi қазақ орфографиясының заңдарына бағындыру жолымен iске асырылады;
ғылымның, техниканың салалық аяларында семантикасы немесе нысаны бойынша тегi жағынан жақын терминдердiң қолданылуын үйлестiру, сондай-ақ ұлттық және интернационалдық терминдердiң табиғи тепе-теңдiгiн сақтау принциптерiн басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 (бұр. ред. қара); 2005.01.04 ж. № 295 (бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
отырыстарда мақұлданған терминдер мен номенклатураларды қарау және бекіту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң түрлi салалары бойынша комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдердi республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
терминдер мен номенклатуралардың практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектілігiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тілінiң терминологиясын құру және жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшiн ғалымдарды, газеттер мен журналдар редакцияларының, теледидар мен радио хабарын таратудың, кiтап баспаларының, сондай-ақ республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiн тарту;
экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң тиiстi салалары бойынша терминология секцияларын құру.
3. Жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияның отырысы оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi.
Егер оған мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, отырыс күшi бар деп саналады.
7. Комиссияның хатшысы отырыстың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарының жүргiзiлуiне жауап бередi.
ҚР Үкіметінiң 2008.11.06. № 577 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады
8. Комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысушы мүшелердiң санының көпшiлiк даусымен ашық дауыспен қабылданады.
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінiң 20.02.04 ж. № 208 қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10. алынып тасталды
11. Мемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп бередi.
ҚР Үкіметінiң 27.10.00 ж. № 1621; 03.04.02 ж. № 397; 09.10.02 ж. № 1099; 23.05.03 ж. № 486 (бұрынғы ред. қара); 20.02.04 ж. № 208 (бұр. ред. қара); 2005.01.04 ж. № 295 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) ; 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 21
сәуірдегі № 367 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы
Мемлекеттік терминология комиссиясы мүшелерiнiң
ҚҰРАМЫ
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Айтбайұлы Өмірзақ | - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Ибраим Самат Бектенұлы | - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Шаймерден Ербол Шаймерденұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы |
Абдрахманов Сауытбек | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Бейсенбайұлы Жарылқап | - «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясын акционерлік қоғамының бас редакторы (келісім бойынша) |
Момынова Бағдан Қапайқызы | - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң профессоры |
Айымбетов Мәди | - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Аппараты Редакциялау, аударма және актiлер шығару бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша) |
Ахметов Мұхамедия | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ мемлекеттік медицина академиясы тағамтану кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы |
Қалиев Байынқол Қалиұлы | - «Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы |
Юсуп Кеңес Сләмханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Баспасөз қызметiнiң бас сарапшысы (келісім бойынша) |
Кекілбаев Әбіш | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша); |
Омашұлы Дәуітәлі | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аппаратының редакциялау және аударма бөлімнің меңгерушісі (келісім бойынша); |
Алпысбаев Төлеубек Жұмагелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті нормативтік-лингвистикалық проблемалар басқармасының бастығы, хатшы; |