17. Салық органдары:
1) шартты банк салымдарында орналастырылған;
2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
3) мемлекеттiк бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 199-бап өзгертілді
199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түскен табыстарға салық салуға қатысты қолдану тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.
Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттiк бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлік құралдарын пайдаланудан түскен кірісті резидент емеске төлеу кезінде салық агенті, егер мұндай резидент емес табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы болса, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Салық агенті салық органына берілетін төлем көзінен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірісті және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерін заңсыз қолданған жағдайда салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 200-бап өзгертілді
200-бап. Халықаралық шартты дивидендтерге, сыйақыларға
(проценттерге), роялтиге сенімгерлік басқару және кастодиандық
қызмет көрсету жөніндегі комиссияларға салық салуға қатысты
қолдану тәртiбi
1. Резидент емеске дивидендтер, сыйақылар (проценттер), роялти сенімгерлік басқару және кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар түрiндегi табыстарды төлеу кезiнде, егер осындай резидент емес табыстарды түбегейлi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резидент еместің резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей, салық агентiнiң тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 201-бап өзгертілді
201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен таза табысқа салық салуға қатысты қолдану тәртiбi
1. Егер резидент емес тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысты түбегейлi алушы болса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса, мұндай резидент еместiң резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 201-1-баппен толықтырылды
201-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі
1. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелері осы Кодекстің 198-202-баптарында белгіленген тәртіппен қолданылады.
2. Қазақстан Республикасында төлем көзінен салық салынбайтын көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға халықаралық шартты қолдануға өтініш беру негізінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Халықаралық шартты қолдануға өтініш резидент емес жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлегенге дейін не резидент емес жеке тұлға халықаралық шартқа сәйкес жеке табыс салығын төлеуден босауға үміттенген салық кезеңі аяқталғаннан кейін талап-арыздың ескіру мерзімі ішінде беріледі.";
202-бап. Халықаралық шартты Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолдану тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 198-201-баптарында аталған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алушы резидент емес осы халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша табыстарға төлем жасағанға дейiн салық агентiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына өтiнiш беруге құқылы.
2. Салық органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште аталған ақпарат дұрыс болған жағдайда берiлген өтiнiштi куәландырады.
3. Халықаралық шарт ережелерi дұрыс қолданылмаған жағдайда салық органы негiзделген бас тартуды резидент емеске табыс етедi.
4. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда, резидент еместiң халықаралық шарт ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтiнiшпен уәкiлеттi мемлекеттiк органға (қажет болған жағдайда резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) жүгiнуге құқығы бар.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 203-бап өзгертілді
203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш беру кезiнде қойылатын жалпы талаптар
1. Осы Кодекстің 198-бабын қолданған жағдайда, мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:";
1) өтiнiшпен бiрге:
жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн;
резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тізілімі үзінді жазбасының) көшірмелерін;
резидент еместің әр түрлi жұмыстарды орындаған кезiнде - орындалған жұмыстардың актiсiн, құрылыс жұмыстарын орындаған кезiнде - объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс алғанын растайтын шотты немесе төлем құжатын табыс еткен;
2) салық агентi есептелген және (немесе) төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды табыс еткен;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан өтiнiш берушiнiң мемлекетiнің құзыреттi немесе уәкiлеттi органы өтiнiш берушiнiң резиденттiгiн растаған кезде (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты қоса отырып). Бұл орайда осы баптың және осы Кодекстiң 198-202-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк елiндегi өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда аталған баптарда белгiлеген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттiгiн растаған органның мөрiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
2. Осы Кодекстің 202-бабын қолданған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қолдануға өтініш осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген өтінішпен бірге:
жұмыстарды (қызмет көрсетуді) орындауға немесе өзге де мақсаттарға келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тізілімі үзінді жазбасының) көшірмелерін табыс еткен кезде салық органы қабылдайды.
204-бап. Қазақстан Республикасында салықтың ұсталған және төленген сомалары туралы анықтама
Резидент еместің талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұстап қалған салықтардың сомалары туралы анықтама бередi.
8-бөлім. Қосылған құн салығы
32-тарау. Жалпы ережелер
205-бап. Қосылған құн салығы ұғымы
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
206-бап. Салық салу объектiлерi
Мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 207-бап өзгертілді
207-бап. Төлеушiлер
1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
33-тарау. Қосылған құн салығы бойынша
есепке қою
ҚР 21.03.02 ж. N 312 ; 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 208-бап өзгертілді
208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын
талаптар
1. Кез келген (он екi айдан аспайтын) кезеңнiң қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгіленген өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығына арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда, өткiзу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнің өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
3. Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнің соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 12000 еселенген шамасын құрайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
5. Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
6. Егер осы Кодекстің 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкілетті мемлекеттiк орган қосылған құн салығын төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
8. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде, оның осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
9. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде, тұлғаның өтiнiшiнсiз, оны қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
ҚР 21.03.02 ж. N 312 Заңымен 208-1-баппен толықтырылды
208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.
209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк
1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
2) осы Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртiбiн осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.
Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі ауыстырылуға тиіс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 210-бап өзгертілді
210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару
1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жерiндегi салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын әрекетсiз заңды тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органы жүргiзедi.
3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
4. Тұлға осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.
5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.
34-тарау. Салық салынатын айналым және салық
салынатын импорт
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым
1. Тауарға қатысты өткiзу бойынша айналым:
1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
тауар экспортын;
тауарды тегiн берудi;
жарғылық капиталға жарна төлеудi;
жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;
2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi
2-1) мүлікті қаржы лизингіне беруді;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепіл ұстаушыға кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;
5) кәсiпкерлiк қызмет мақсаты үшiн сатып алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын шараларды өткiзу үшiн, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшiн пайдалануын;
6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн бiлдiредi.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
2) санаткерлiк меншiк объектiлерiне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;
3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;
4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
3. Мыналар:
1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын , салық жылы ішінде жалпы сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiм-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
4) тауарды қайтару;
5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.