1. (Заңның 21-бабының 1-тармағына және 24-бабына сәйкес бiр көзден
мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн қолданудың негiздемесi жазылады) байланысты
бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлi қолдансын.
2. __________________________________________________________
(Өнім берушiнiң атауы)
мынадай негізде "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабында және Ереженiң ___ тармағында көзделген бiлiктiлiк
талаптарына сәйкес келедi.
___________________________________________________________________
(ықтимал өнім берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау
___________________________________________________________________
үшiн ұсынған құжат көрсетіледi)
3. (Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасатын өнiм берушiнiң атауы
және орналасқан жерi көрсетiледi) жалпы сомасы ____ (мемлекеттiк сатып
алу туралы шарттың бағасы көрсетiледi) (сатып алынатын бiртектi
тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң қысқаша сипаттамасы) мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасассын.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң
және хатшысының қолдары
Өнiм берушi басшының қолы, тегi, аты-жөнi және деректемелерi
10-қосымша
МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ
ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫ
(БАНКТIК КЕПIЛ)
Банктің атауы: ____________________________________________________
(банктiң атауы және деректемелерi)
Кiмге: ____________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы және деректемелерi)
N ____ КЕПIЛДIК МIНДЕТТЕМЕ
___________________ __ ж. "___" ____________
(орналасқан жерi)
_________________________________________ бұдан әрi - Өнiм берушi
(өнім берушiнiң атауы)
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сипаттамасы)
жеткiзуге (орындауға, көрсетуге) мемлекеттiк сатып алу туралы ___ ж.
"___" __________ N __ шарт жасасқанын назарға ала отырып және Сiз осы
Шартта Өнiм берушi банктiк кепiл түрiнде жалпы сомасы ______ теңге Шартты
орындауды қамтамасыз етудi енгізетiндiгiн көздедiңiз.
Осыған байланысты бiз ______________________________________
(банктiң атауы)
жоғарыда көрсетiлген Шарт бойынша кепiл болып табылатынымызды осымен
растаймыз және өзiмiзге Ciздің талабыңыз бойынша Сiзге
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
тең соманы Сiзден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ Өнiм
берушiнің Шарт бойынша өзiнің міндеттемесін орындағаны немесе тиiстi
түрде орындамағаны туралы жазбаша растама алған бойда төлеу үшiн өзiмiзге
қайтарып алынбайтын мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтiне дейiн қолданылады.
Осы кепілдiк міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепілдердің қолы және мөрi Күнi мен мекен-жайы
(Банк басшысының және
бас бухгалтерiнiң атынан)
__________________________ ________________________
11-қосымша
Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыру нысаны
__________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
______ жылы "___" _________ (конкурсты өткiзу орны көрсетiледi)
өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
атауы көрсетіледі) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi ашық конкурстың
қорытындыларын хабарлайды:
N ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша (конкурс жеңімпазының
атауы және мекен-жайы көрсетiледi) бағасы (тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердiң бiрлiгiнiң бағасы және конкурстық өтiнiмнiң жалпы бағасы
көрсетiледi) теңге жеңімпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, қорытындылар
туралы хабарландыруда мыналар көрсетiледi:
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылы "____" ____________ (конкурсты өткiзу орны көрсетіледi)
өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
атауы көрсетіледi) мемлекеттiк сатып алу жөніндегi ашық конкурс
өткiзiлмеген деп танылғанын хабарлайды, себептерi көрсетiлмейдi (қажет
болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмеген деп танылғаны
көрсетiледi).
12-қосымша
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 110 қаулысымен 12- қосымша өзгертілді
Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және қазыналық
кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы тауарлар,
жұмыстар және қызметтер тiзбесi
- тамақ өнiмдерi;
- тамақты ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;
- дәрi-дәрмек препараттары;
- жанар-жағар май материалдары;
- монша-кiр жуу бойынша көрсетілетiн қызметтер;
- жолдарды қысқы ұстау жөніндегі жұмыстар;
- автокөлiктiк қызметтер;
- қайтыс болған жалғыз басты және туыстары жоқ азаматтарды жерлеу;
- банктiк қызметтер.
- жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 13-қосымшамен толықтырылды
13-қосымша
Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарлама нысаны
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
___ жылғы "___" ________ (конкурсты өткiзу орны көрсетiледi)
өткізілген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетiлетiн қызметтердiң атауы көрсетiледi)
мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi жабық конкурстың қорытындыларын
хабарлайды:
N ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша бағасы (тауарлар,
жұмыстар және көрсетілетiн қызметтер бiрлігiнiң бағасы және конкурстық
өтінiмнің жалпы бағасы көрсетiледі)
теңгемен (конкурс жеңiмпазының атауы және мекен-жайы көрсетiледi)
жеңiмпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, қорытындылар туралы
хабарламада мыналар көрсетілсiн:
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылғы "___" ________ (конкурсты өткiзу орны көрсетiледi)
өткізілген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетiлетiн қызметтердiң атауы көрсетiледi) мемлекеттік сатып алу
жөнiндегi жабық конкурс себептерi көрсетiлмей өткізілмеді деп танылғанын
хабарлайды (қажет болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмедi
деп танылғаны көрсетiледi).
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 31 қазандағы
N 1158 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудің тәртiбi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 1998 ж., N 47, 422-құжат).
2. "Мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастырудың тиiмдiлiгін арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 966 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 304-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi N 1332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 412-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөніндегі кейбiр шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 389-құжат).