Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы N 1158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. N 825; 29.01.04 ж. N 110; 27.03.04 ж. N 371;
06.05.04 ж. N 508 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 31 қазандағы
N 1158 қаулысымен
бекiтiлген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу
ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттiк сатып алу процесiн
ұйымдастыру мен өткiзу
§ 1. Конкурстық комиссия құру мен оның қызметiнiң тәртiбi
§ 2. Конкурстық құжаттаманы дайындау
§ 3. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны, оларды
ұсыну, бағалау және салыстыру
§ 4. Сатып алуды өзге тәсiлдермен жүзеге асыру тәртiбi
§ 5. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды
сатып алудың салалық ерекшелiктерi
§ 6. Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер
жүргізу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, фармацевтикалық
және медициналық мақсаттағы өнiмдердi мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
§ 7. Бағдарламалық қамтамасыз ету жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың
ерекшелiктерi
§ 8. Мемлекеттiк ресурстарға астықты, сондай-ақ оларды сақтау
және өткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
§ 9. Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын
бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы
§ 10. Ұсынылған конкурстық құжаттама үшiн
ақы алудың тәртiбi мен шарты
§ 11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң тәртібі
§ 12. Өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк
сатып алу туралы мәлiметтердiң жариялану тәртiбi
3-тарау. Қорытынды ережелер
Қосымшалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, конкурстық комиссияны құру мен оның қызметiнiң тәртiбiн, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн және солар бойынша шарттар жасау мерзiмдерiн белгiлейдi.
2-тарау. Мемлекеттiк сатып алу процесiн
ұйымдастыру мен өткiзу
§ 1. Конкурстық комиссия құру мен оның қызметiнiң тәртiбi
2. Заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия құрады.
3. Конкурстық комиссияны конкурсты ұйымдастырушы әрбiр конкурсқа арнап құрады.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
4. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелерi кiредi. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ саннан тұруға және онда кемiнде үш адам болуға тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесi бола алмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ.
Конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушы конкурсты ұйымдастыру және өткiзу туралы конкурстық комиссия құру туралы шешiмдi бекiткен немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiн бiр көзден сатып алу тәсiлi жүзеге асырылған сәттен бастап жұмыс iстейдi.
Егер конкурс өтпеді деп танылған немесе оның қорытындылары жойылған жағдайда, конкурстық комиссия өзiнiң қызметiн тоқтатады.
5. Конкурстық комиссиялардың құрамына конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшылары немесе олардың орынбасарлары, тапсырысшының басшылары немесе олардың орынбасарлары, конкурсты ұйымдастырушының және/немесе тапсырысшының мамандары мiндеттi түрде енгiзiледi, сондай-ақ Заңда ескертiлгендердi қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының және/немесе тапсырысшының оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары енгiзiлуi мүмкiн.
6. Мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алу мәнi объектiлердi салу және/немесе күрделi жөндеу болса, конкурстық комиссиялардың құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлдерi, солардың келiсiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
7. Конкурстық комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады, ол комиссияның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
8. Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк, сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзуге жауапты конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бөлiмшесiнiң маманы болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы ықтимал өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы ұсынады, ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiм салынған конверттердi қабылдайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және отырыс өткiзiлгеннен кейiн оның хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен конкурстық өтiнiмдердi және конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, оларда конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ықтимал өнiм берушiнiң ұсынған уақыты мен күнi және ықтимал өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ұсынушы тұлғаның және конкурсқа қатысушының) тегі, есiмi, әкесiнiң есiмi көрсетiледi. Келiп түскен конкурстық өтiнiмдердi және конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу журналдары тiгiлуге, беттерi нөмiрленуге тиiс, соңғы бетi конкурсты ұйымдастырушының мөрiмен куәландырылуға тиiс. Сатып алу түрлерi бойынша бiрыңғай журналдар жүргiзуге жол берiледi.
Санкция берiлмеген қол жеткiзiлiмнен қорғаудың жеткiлiктi элементтерi болған кезде тiркеу журналы оны конкурс нәтижелерi бойынша кейiннен қағазға түсiре отырып электронды түрде ресiмделуi мүмкiн. Келiп түскен конкурстық өтiнiмдер мен ықтимал өнiм берушiлерді тiркеу журналдарын жүргiзу және сақтау конкурсты ұйымдастырушының iс жүргiзуiнде белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қажет болған кезде конкурсты ұйымдастырушы хатшының жұмысын орындау үшiн хатшылық белгiлей алады, бұл конкурсты ұйымдастырушының осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттарға қол қоюға хатшылық атынан уәкiлеттi жауапты тұлғаны көрсете отырып, конкурстық комиссия құру туралы бұйрығында көрiнiс табуға тиiс.
9. Конкурсты ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ол мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал бейiнi сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге сәйкес келетiн өзге мамандарды тараптардың уағдаластықтары бойынша ақылы, сонымен бiрге өтеусiз негiзде, техникалық сарапшы ретiндегi жұмыс үшiн тарта алады.
Қажет болған кезде конкурсты ұйымдастырушы техникалық сарапшылардан тұратын сарапшылар комиссиясын құра алады.
Ақылы негiздегi техникалық сарапшылар ретiнде тартылатын тұлғаларды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясы) ықтимал өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауысқа ие болуға құқығы жоқ. Техникалық сарапшылардың (сарапшылар комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сарапшылар комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
11. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ашық конкурс өткiзу туралы нысан бойынша жарияланатын хабарландыру жарияланғанға немесе осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жасалатын жабық конкурс өткiзу кезiнде ықтимал өнiм берушiлерге хабарлама жiберiлгенге дейiн конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекiтедi, қажет болған кезде техникалық сарапшыларды (сарапшылар комиссиясының құрамын) белгiлейдi, конкурстық құжаттаманы дайындайды және бекiтедi.
Осы тармақ бойынша барлық шешiмдер конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен немесе бұйрығымен (бұйрықтарымен) қабылданады.
12. Конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамамен танысуға тиiс.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
13. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде өткiзiледi. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшiн конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерi жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес төрағаның функциясы жүктелген төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесi айрықша пiкiр айту құқығына ие, ол жазбаша түрде жазылуға және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына тiркелуге тиiс. Конкурстық комиссияның қайсыбiр мүшесi өндiрiстiк немесе басқа себеппен болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi және осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiледi.
Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi саны болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытта өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды жүргiзу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.
Егер хатшы жариялаған уақытта конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi саны болмаған жағдайда, 24 сағат өткеннен кейiн конкурсты ұйымдастырушы тиiстi шешiммен конкурстық комиссияның жоқ мүшелерiн ауыстыру бөлiгiне осындай ауыстырудың себептерiн көрсете отырып, конкурстық комиссияның құрамына өзгерiстер енгізедi.
14. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның барлық қатысушы мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары мен хатшысы қол қояды.
§ 2. Конкурстық құжаттаманы дайындау
15. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал өнiм берушiлерге Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетiлген ақпаратта баяндалған конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
16. Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгi негiзiнде жасалады.
§ 3. Конкурстық өтiнiмдердiң мазмұны, оларды
ұсыну, бағалау және салыстыру
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын ықтимал өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмде:
1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тiзбесi:
ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және сатуға, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң, куәлiктерiнiң, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
егер сатып алатын жұмыстары мен көрсететiн қызметтерi лицензияланбайтын болған жағдайда, ықтимал өнiм берушi орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен бiрге заңды тұлға жарғысынан алынған үзiнді көшiрменiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен алынған заңдастырылған үзiндi көшiрме (Қазақстан Республикасының резиденттерi емес үшiн). Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген Yлгi жарғының негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң қарсаңында ықтимал өнiм берушiнiң банктiң (банктердiң) алдында үш айдан асатын мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылып, банктiң (банктердiң) мөрi басылған банктiң (банктердiң) анықтамасының түпнұсқасы (егер ықтимал өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болып табылса, бұл анықтама осындай банктердiң әрбiрiнен ұсынылады);
бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылғы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайда, онда соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша бухгалтерлiк теңгерiмiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi;
бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда табыс етілмеуi мүмкiн;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен мiндетті түрде аудит жүргiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылғы аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайда, соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi;
аудиторлық есептiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда табыс етiлмеуi мүмкiн;
уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша тауарлар өндiру және/немесе бepу, қызметтер көрсету және жұмыстар орындау үшiн мамандықтар бойынша бiлiктiлiгi, жұмыс стажы көрсетiлген қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметті қамтитын жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiлген акция ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң қарсаңында үш айдан асатын салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектiң жоқтығы немесе болуы туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
егер ықтимал өнiм берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылған және Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, осы резидент еместiң салық есебiнде жоқ екендiгi туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер.
3) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және ол болған кезде шегерiмнiң нақты мөлшерi көрсетiлетiн iлеспе қызметтердiң құнын қоса алғанда, берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң түпкi бағасын құрайтын, ықтимал өнiм берушiнiң барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнiм берушi ұсынған баға;
4) сатып алу үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлылығын растауға шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi немесе ықтимал өнiм берушiнiң берiлетiн тауардың/көрсетiлетiн қызметтiң бiрiншi партиясымен куәлiктерiнiң және/немесе шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынатындығы туралы кепiл хаты;
5) техникалық ерекшелiктер (ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе қазақстандық стандарттарға сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен ережелердi қоса алғанда, ұсынылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге техникалық сипаттама беру);
6) ұсынылатын iлеспе қызметтер;
7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм беруші конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақшамен енгiзсе, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжат);
8) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылуы үшiн қажеттi басқа да құжаттар болуға тиiс.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаның конкурстық өтiнiмiнде:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм және жеке куәлiктiң, паспорттың немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары анықтамасының көшiрмесi;
2) iс-әрекетке қабiлетті болып табылатын ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi:
ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және сатуға, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуге құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң, куәлiктерiнiң, дипломның, сертификаттың, басқа да құжаттарының (кәсiби бiлiктiлiгiнiң бар екендiгiн растау үшiн) нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабiлеттiлiктiң болуын растау үшiн) және ықтимал өнiм берушiнiң ұсынылатын тауарға, көрсетiлетiн қызметке меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттар;
уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша тауарлар өндiру және/немесе беру, қызметтер көрсету және жұмыстар орындау үшiн мамандықтар бойынша бiлiктiлiгi, жұмыс стажы көрсетiлген қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және ол болған кезде шегерiмнiң нақты мөлшерiн көрсете отырып, берiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң түпкi бағасын құрайтын ықтимал өнiм берушiнiң барлық нақты шығындары баяндалған ықтимал өнiм берушi - жеке тұлға ұсынған баға;
4) сатып алу үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлылығын растауға шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi немесе ықтимал өнiм берушiнiң берілетін тауардың/көрсетiлетiн қызметтiң бiрiншi партиясымен куәлiктерiнiң және/немесе шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынатындығы туралы кепiл хаты;
5) техникалық ерекшелiктер;
6) ұсынылатын iлеспе қызметтер;
7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм беруші конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақша қаражатымен енгiзген жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжат).
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. N 508 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын және конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген, мәнi ықтимал өнiм берушіде бар тауарлар болып табылатын ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаның конкурстық өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiм және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының көшiрмесi немесе iшкi iстер органдарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмастыруға қабылдағандығы туралы анықтамалары;
2) қабiлеттi болып табылатын жеке тұлға - ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi:
әлеуметтiк жеке кодты тағайындағандығы туралы куәлiктiң, Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
ықтимал өнiм берушiнiң ұсынылып отырған тауарға меншiк құқығын немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
егер конкурсқа меншiк иесiнiң өкiлi қатысқан жағдайда, конкурстың мәнi болып табылатын тауарды сату құқығына арналған сенiмхаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) ықтимал өнiм берушi - жеке тұлға ұсынатын осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және шегерiм болған кезде оның нақты мөлшерiн көрсете отырып, берiлетiн тауарлардың ақырғы құнын құрайтын ықтимал өнiм берушiнiң барлық iс жүзiндегi шығыстарынан тұратын баға;
4) сатып алу үшiн тауарлардың қолайлылығын растауға сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
5) техникалық ерекшелiктер;
6) ұсынылып отырған iлеспе көрсетiлетiн қызметтер;
7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақшамен енгiзсе, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудi растайтын құжат).
19. Заңның 14-бабының 2-тармағында тiзбеленген жағдайларды қоспағанда, ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi ақша кепiлi түрiнде конкурсты ұйымдастырушының тиiстi шотына енгiзедi.
20. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген тiлде жасалуға және ұсынылуға тиiс.
21. Тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қойылатын техникалық талаптар қолданыстағы халықаралық және/немесе ұлттық стандарттарға, нормалар мен ережелерге негiзделуге тиiс.