Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 13 шілдедегі № 966 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы № 1158 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау мемлекеттік қаражатты ұтымды және тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік мекемелер - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi, тиiсті бюджеттердi бекiткеннен немесе нақтыланғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегі агенттігіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген республикалық және жергілiктi бюджеттердiң көрсеткiштерi негізiнде қалыптастырылған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi туралы деректердi ұсынсын.
2. Мемлекеттік мекемелер:
1) конкурсты дайындау кезiнде конкурстық құжаттамада отандық әлеуеттi берушiлерге, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне басымдық берудi көздесiн, сондай-ақ елде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бәсекелестi рыногы болған жағдайда, біліктiлiк талаптарын қалыптастыру кезiнде тек отандық әлеуетті берушiлермен ғана шектелсiн;
1)-1 заңнамада белгіленген тәртiппен жөңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтау кезінде екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда отандық ықтимал өнім беруші - тауар өндірушінің конкурстық өтініміне басымдық берсін;
2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарда көзделген өзiнiң мiндеттемесiн орындамаған және (немесе) тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлер туралы мәлiмет ұсынсын.
Ескерту: 2 тармақ ҚР Үкіметінің 27.07.00 ж. № 1150 қаулысымен толықтырылды
3. Мемлекеттік органдарға штат санының шегінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және жүргiзуге жауапты тиiсті бөлiмшелер құру жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар тиiстi республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға сатып алуларды мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарда белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асыруды ұсынсын.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне заңдарда белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендей шараларды қабылдау ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
13 шілдедегі
№ 966 қаулысымен
бекітілген
_____________________________________
мемлекеттік мекеме - бағдарламаның әкімшісінің атауы
199 жылға арналған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге
қажеттіліктің жоспарланатын жиынтық номенклатурасы
________________________________________________________________________
Ерекше Тауарлар. Қысқаша Өлшем Қажет. Өлшем Жалпы Мемлекеттік
лік коды дың, жұмыс. сипатты бірлігі тілік. бірлігі сомасы сатып алу.
тардың және (тауар. тің (үшін (мың ларды жүзеге
қызмет лардың, көлемі баға теңге) асырудың
көрсету. жұмыстар. (саны) (теңге) таңдап алын.
лердің дың және ған тәсілі
атауы қызмет көр.
сетулердің
сипаттамасы)
________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________
Конкурсты Тауарларды
өткізудің берудің,
жоспарлан. жұмыстарды
ған уақыты орындаудың,
(айы) қызметтер
көрсетудің
мерзімдері
(айы)
___________________________
9 10
___________________________
Ескертпе: 1) 7-бағанда қорытындылар әр ерекшелік және тұтас алған алғанда бүкіл номенклатура бойынша шығарылады.
2) 2 бағандағы 161-ерекшелік бойынша бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы көрсетілсін.
Басшысының аты-жөні, қолы
Орындаушының аты-жөні, лауазымы, телефоны Толтырылған күні