Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 110 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:
12-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |