Білім туралы 1999 ж. 7 маусымдағы N 389-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 22.11.99 ж. N 484-1; 11.06.01 ж. N 207-II; 24.12.01 ж. N 276-II;
09.07.04 ж. N 597-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2-тарау. Білім беру ұйымдары (9 - 17 баптар)
3-тарау. Білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері (18 - 27 баптар)
4-тарау. Білім беру жүйесін басқару (28 - 35 баптар)
5-тарау. Білім беру процесі субъектілерінің құқықтары (36 - 42 баптар)
мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері
6-тарау. Білім беру экономикасы (43 - 45 баптар)
7-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет (46 - 48 баптар)
8-тарау. Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін (49 бап)
жауапкершілік
9-тарау. Өтпелі ережелер (50 бап)
ҚР 11.06.01 ж. N 207-II Заңымен мәтін бойынша "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер тиiсiнше "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылды
Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.06.01 ж. N 207-II; 09.07.04 ж. N 597-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылымипедагог кадрлар даярлау нысаны;
2) академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны;
2-1) бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң білiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн бiлiм бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар;
3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде білiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
4) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттay - тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн білiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
5) бакалавр, магистр - жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;
6) гимназия - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды олардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiп, салаға бөлiп, саралап оқытуды көздейтiн, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны;
6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;
7) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыру; кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiн кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алу; конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы iске асырылатын, тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары;
8) мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi не жергiлiктi атқарушы орган құратын ұйым;
9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын бiлiм беру мекемесi;
10) девианттық мiнез-құлық - балалар мен жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемi жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемi кетiп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекеттер жасауы;
11) дистанциялық оқыту (алыстан бiлiм беру) - оқыту нысандарының бiрi, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы бiлiм беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметi мен дамуына нысаналы және әдiстемелi түрде ұйымдастырылған басшылық жасау;
12) қосымша бiлiм беру - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң бiлiмге деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегi қосымша бiлiм беру бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi;
13) доцент, профессор:
тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақ;
жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми атақ;
14) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметкерлерiн даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;
14-1) бiрыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында жоғары сатыда бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi;
15) жеке педагогикалық қызмет - жеке нысанда бiлiм беру қызметiн көрсетуге бағытталған қызмет;
16) институт - кәсiптiк жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
17) интернаттық ұйымдар - белгiлi бiр санаттағы азаматтардың жатын орын берiле отырып, бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары;
18) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының студенттерiн нақты мамандық бойынша бiр жылдық даярлау нысаны;
19) бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау - олардың тиiстi бiлiм деңгейiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
19-1) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
20) бiлiктiлiк - бiтiрушiнiң бiлiмi туралы құжатында көрсетiлген кәсiптiк қызметтi орындауға немесе бiлiмiн жалғастыруға деген кәсiби даярлығының түрi мен дәрежесi;
20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны;
21) колледж - орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлаудың бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;
22) лицей - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды кәсiби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны;
23) шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы бiлiм беретiн мектеп;
24) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе Қазақстан Республикасында құрылған шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
25) бiлiм беру - қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсiби бiлiктiлiгінiң жоғары деңгейiне қол жеткiзудi мақсат ететiн үздiксiз тәрбиелеу мен оқыту процесi;
26) бiлім беру гранты - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiмге төлеу үшiн тегiн берiлетiн нысаналы ақша сомасы;
27) бiлiм беру кредитi - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiм алуға төлеу үшiн берiлетiн нысаналы кредит;
27-1) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, бiлiм алушылар контингентiнiң, бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйiн және өзгерiстер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
28) жалпы бiлiм беретiн мектеп - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс iстей алатын үш сатыдан: бастауыш, негiзгi және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны;
28-1) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiр оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
28-2) аралық мемлекеттiк бақылау - бiлiм сапасын бiлiм беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi;
29) кәсiптiк мектеп - жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны;
30) кәсiптік лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлім беру бағдарламаларын iске асыратын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны;
31) кәсiп - адамның бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған кәсiбiнiң, еңбек қызметiнiң негiзгi түрi;
32) клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiн тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны;
33) мамандық - бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған белгілi бiр қызмет түрi үшiн қажеттi, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжiрибесi арқылы алынған бiлiм, шеберлiк және дағдылар кешенi;
34) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу үшiн берiлетiн ақша сомасы;
35) студенттiк кредит - бiлiм алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн нысаналы кредит;
36) университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын; жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлердi қайта даярлауды және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын; iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзетiн; өзiнiң қызмет саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны;
37) оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын құжат;
38) оқу жоспары - тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi оқу пәндерiнiң тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн негiзгi құжат;
39) бiлiм беру ұйымының филиалы - бiлiм беру ұйымының одан тыс жерде орналасқан және бiлiм беру бағдарламаларын осы Заңда белгiленген шекте iс жүзiне асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
39-1) штаттағы оқытушы - бiлiм беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және жеке еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы;
40) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ бiлiм беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бiрi;
40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы бiлiм беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы бiлiм беретiн орта оқу орны;
41) элитарлық бiлiм - ерекше дарынды азаматтар үшiн мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын білiм беру бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.
41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен бiлiм беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы.
09.07.04 ж. N 597-II ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi
1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
2) әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi;
3) бiлiм берудiң зайырлы сипаты;
4) жеке адамның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;оқу мен тәрбиенiң бiрлiгi;
6) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
7) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiгiн кеңейту;
8) бiлiм берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты;
9) бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсiптiк бағдарлау;
11) бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.
2. Бiлім беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестіктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.
09.07.04 ж. N 597-II ҚР Заңымен 4-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
4-бап. Азаматтардың бiлiм беру саласындағы құқықтарының мемлекеттiк кепiлдiктерi
1. Азаматтардың бiлiм алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бiлiм беру жүйесiн дамыту және бiлiм алу үшiн тиiстi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн жалпы орта бiлiм мен кәсiптiк бастауыш бiлiм алуға және егер азамат осы деңгейлердiң (олардың сатыларының) әрқайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттар шегiнде тегiн кәсiптiк орта бiлiм мен кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға кепiлдiк бередi. Бiлiм алушыларға бiлiмнiң тегiн берiлуi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын ұстауды бюджеттен қаржыландыру, бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алуды бюджеттен төлеу, не мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын беру арқылы iске асырылады.
3. Кәсiптiк бiлiм алу үшін конкурстық негiзде берiлетiн мемлекеттiк бiлiм беру кредитi мен мемлекеттік студенттiк кредиттi қамтитын мемлекеттiк бiлiм беру кредитiнiң жүйесi де құрылады.
Конкурс шарттары мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттердi тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге мейлiнше қабiлеттi және даярлығы бар азаматтардың алуына кепiлдiк беруге тиiс.
Мемлекеттiк емес бiлiм беру кредитiн дамытуды мемлекет салық салу жөнiнен жеңiлдiктер беру арқылы ынталандырады.
4. Мемлекеттiк бiлiм беру гранты, мемлекеттiк бiлiм беру кредитi мен мемлекеттiк студенттiк кредит туралы ереженi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
5. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың бiлiм алуы кезеңiнде оларды ұстау шығындарын толық немесе iшiнара көтередi.
Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтардың санатына:
жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасыларының балалары;
азаматтардың заңмен айқындалатын өзге де санаттары жатады.
Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
6. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы жалпы бiлiм беретiн мектепке бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегiн оқыту ұйымдастырылады.
7. Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
8. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың орта бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету үшiн шағын жинақталған мектептер мен интернаттық ұйымдардың жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.
9. Мемлекет ерекше дарынды азаматтардың элитарлық бiлiм, оның iшiнде шетелде бiлiм алуына қажеттi жағдай жасайды.
5-бап. Оқыту және тәрбиелеу тiлi
1. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбiр бiлiм деңгейi үшiн мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартқа сәйкес мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс.
3. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тілдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тілдерiнде оқытатын бiлiм беру ұйымдары немесе бөлiмшелерi (сыныптар, топтар және басқалар) құрылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. N 597-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша:
бiлiмнiң мазмұнына;
оқып және тәрбиеленiп жатқандардың оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;
бiлiм алушылардың даярлық қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей стандарттары белгiленедi..
2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндетті.
3. Бiлiм берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбi мен олардың қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
7-бап. Бiлiм беру жүйесi
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын:
1) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының;
2) бiлiм берудiң түрлi деңгейлерiне арналған сабақтас бiлiм беру бағдарламалары мен бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының;
3) бiлiм беру бағдарламаларының iске асырылуы мен бiлiм беру жүйесiнiң дамытылуын қамтамасыз ететiн бiлiм берудi басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
8-бап. Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi
1. Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
2. Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;
3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
6) бiлiм беру ұйымдарының еркiндiгiн, дербестiгiн кеңейту, бiлiм беру iсiн басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
8) еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
9) жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;
10) алуан түрлi және көп қызметтi бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу.
2-тарау. Білім беру ұйымдары
ҚР 11.06.01 ж. N 207-II Заңымен 9-бап өзгертілді; 09.07.04 ж. N 597-II ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Бiлiм беру ұйымдары
1. Бiр немесе бiрнеше бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және (немесе) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң күтiмi мен тәрбие алуын қамтамасыз ететiн заңды тұлғалар бiлiм беру ұйымдары болып табылады.
Бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Бiлiм беру ұйымдарының қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк ережелерiмен және солардың негiзiнде әзiрленген жарғылармен реттеледi.
2. Бiлiм беру ұйымының бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
3. Бiлiм беру ұйымының мәртебесiн (үлгiсiн, түрiн) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк талаптары, тиiстi үлгiдегi Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережелерi ескерiле отырып, оның жарғыларында көрсетiледi.
Бiлiм беру ұйымдарының мәртебесiн растау немесе өзгерту мемлекеттiк аттестаттау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары:
1) мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi және бiлiм беру кәсiпорындары);
2) жеке меншiк болуы мүмкiн.
5. Бiлiм беру ұйымдары:
1) мектепке дейiнгi, мектептен тыс, арнаулы және жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар;
2) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, жоғары кәсiптiк, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк және қосымша кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары болып бөлiнедi.
Бiлiм беру ұйымдары түрлерiнiң номенклатурасын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Жеке адамды тәрбиелеуде, оқытуда, кәсiби қалыптастыруда аса зор үлес қосқан жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ерекше мәртебе берiлуi мүмкiн.
Жекелеген жағдайларда ерекше мәртебенi Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.
10-бап. Бiлiм беру ұйымының жарғысы
1. Бiлiм беру ұйымының жарғысында мыналар белгіленуге тиiс:
1) атауы, орналасқан жерi (заңды мекен-жайы);
2) құрылтайшылары;
3) бiлiм беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны, үлгiсi мен түрi;
4) бiлiм беру ұйымының мiндетi мен қызметi;
5) бiлiм беру процесiнiң мақсаты, iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесi;
6) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбi;
7) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру (оның iшiнде оқыту және тәрбиелеу тiлi (тiлдерi), бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ режимi);
8) бiлiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм алушыларды аралық аттестаттау жүйесi, оларды өткiзудiң нысандары мен тәртiбi;
9) ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тiзбесi мен тәртiбi;
10) бiлiм беру ұйымдары мен бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң және (немесе) олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң қатынастарын регламенттеу мен ресiмдеу;
11) бiлiм беру ұйымдарына құрылтайшы бекiтiп берген меншiк объектiлерiнiң пайдаланылу тәртiбi;
12) бiлiм беру ұйымының өз қызмет процесiнде сатып алған меншiгiн қалыптастыру тәртiбi;
13) бiлiм беру ұйымын қаржыландыру көздерi, олардың қызметiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
14) кәсiпкерлiк қызметiнiң болуы және түрлерi;
15) құрылтайшының құзыретi;
16) бiлiм беру ұйымының құрылымы, басқару органдарын құру тәртiбi, олардың құзыретi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;