3101. Акциялар бойынша сыйлықақы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Акциялар бойынша сыйлықақының (акцияның сату/сатып алу бағасы мен олардың нақты құнының арасындағы айырма) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша акцияның сату/сатып алу бағасы мен олардың нақты құнының арасындағы оң айырманың сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша акцияның сату/сатып алу бағасы мен олардың нақты құнының арасындағы теріс айырманың сомасы жазылады.
3510. Банктің резервтік капиталы (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгіленген мөлшерде банк қалыптастырған резервтік капиталының сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің резервтік капиталына таза кірістен есептеу есебінен түскен сома жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің резервтік капиталды мақсатқа сай пайдалануы кезіндегі сомасы есептен шығарылады.
3540. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резерві (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің негізгі құрал-жабдықтарды индекстеу немесе қайта индекстеу (қайта бағалау) нәтижесінде пайда болған қайта бағалау резервтерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнын көтеру кезіндегі оларды қайта бағалаудан болған оң айырманың сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалаудан болған теріс айырма сомасы олардың баланстық құны азайған жағдайда жазылады, сондай-ақ негізгі құрал-жабдықтарды N 3599 есепшотқа қайта бағалаудың оң сомасы пайдаланылуына немесе негізгі құрал-жабдықтардың шығарылу сәтіне қарай есептен шығарылады.
3561. Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнын қайта бағалау резервтері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнын қайта бағалау резервтерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнын оң қайта бағалаудың сомасы, сондай-ақ олар бойынша шығарылған немесе банктің тиісті баланстық есепшоттарымен корреспонденциядағы бағалы қағаздардың басқа категориясына аударылған жинақталған қайта бағалаудың сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнын теріс қайта бағалаудың сомасы, сондай-ақ олар бойынша шығарылған немесе банктің тиісті баланстық есепшоттарымен корреспонденциядағы бағалы қағаздардың басқа категориясына аударылған жинақталған қайта бағалаудың сомасы жазылады.
3580. Өткен жылдардың жұмсалмаған таза кірісі (жабылмаған зиян) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің өткен жылдардағы жұмсалмаған таза кірісінің (өтелмеген зиянның) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің өткен жылдардағы жұмсалмаған таза кірісінің (өтелмеген зиянның) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің өткен жылдардағы мақсатқа жұмсалмаған таза кірісінің (өтелмеген зиянның) сомасы есептен шығарылады.
3581. Шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалау резервтері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Есепті жылдың аяғында валютаны сатып алу-сату нәтижесінде есепті жылдың аяғында оның қалдығы болған жағдайда пайда болған шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалау резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша қаржы қызметінің нәтижелері бойынша есепті жылдың аяғында пайда болған шетел валютасын оң қайта бағалаудың (бағамдық айырманың) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша өткен жылдардағы шетел валютасының банктің балансынан келесі жылы шығу кезіндегі қайта бағалау резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы есептен шығарылады.
Талдаулық есепке алуда шетел валютасының әрбір түрі бойынша, оның ішінде құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар бойынша жеке есепшоттар жүргізіледі.
3582. Тазартылған қымбат металдарды өткен жылдардағы қайта бағалау резервтері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Есепті жылдың аяғында тазартылған қымбат металдарды сатып алу-сату нәтижесінде есепті жылдың аяғында оның қалдығы болған жағдайда пайда болған өткен жылдардағы тазартылған қымбат металдарды қайта бағалау резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша қаржы қызметінің нәтижелері бойынша есепті жылдың аяғында пайда болған тазартылған қымбат металдарды оң қайта бағалаудың (бағамдық айырманың) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша өткен жылдардағы тазартылған қымбат металдардың банктің балансынан келесі жылы шығу кезіндегі қайта бағалау резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы (бағамдық айырма) есептен шығарылады.
3585. Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып теңгемен заемдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып теңгемен заемдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша заемдардың валюталық баламасын (есепті жылда заемдарды оң және теріс бағалау арасындағы нәтижелері бойынша пайда болған оң сальдо) белгілей отырып теңгемен заемдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып банкке заемдарды өтеу немесе заем сомасы банктің балансынан есептен шығару кезіндегі олардың теңгемен қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы есептен шығарылады.
3586. Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып теңгемен салымдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Салымдардың валюталық баламасын белгілей отырып теңгемен салымдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырма) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша салымдардың валюталық баламасын (есепті жылда заемдарды оң және теріс бағалау арасындағы нәтижелері бойынша пайда болған оң сальдо) белгілей отырып теңгемен заемдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша заемдардың валюталық баламасын белгілей отырып банкке заемдарды өтеу немесе заем сомасы банктің балансынан есептен шығару кезіндегі олардың теңгемен қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтерінің (бағамдық айырманың) сомасы есептен шығарылады.
3599. Бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған зиян) (пассив).
Есепшоттың мақсаты: Банктің есепті жылдағы қызметінің қаржылық нәтижесінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің есепті жылдағы бөлінбеген таза кірісінің (жабылмаған зиянның) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бөлінбеген таза кірісті белгіленген тәртіппен бөлу немесе оны N 3580 баланстық есепке жатқызу кезіндегі сомасы, сондай-ақ банктің пассивінде теріс белгімен берілген есепті жылдағы зиянының сомасы есептен шығарылады.
4051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшот бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік есепшот бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік есепшот бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4052. Басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Корреспондент-банктерде ашылған корреспонденттік есепшоттар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша корреспондент-банкте ашылған корреспонденттік есепшот бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4101. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне салған (бір түнге) салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бір жұмыс түніне салған салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бір жұмыс түніне салған салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4102. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне салған талап ету салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік салым шарты бойынша салған талап ету салымдары салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне салған талап ету салымдары салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4103. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне салған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік салым шарты бойынша салған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне салған мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4104. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі міндетті резервтер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4201. Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4251. Басқа банктерге салынған (бір түнге) салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге жұмыс күнінен кейінгі бір түнге салған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке жұмыс күнінен кейінгі бір түнге салған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4252. Басқа банктерге салынған талап ету салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге банктік салым шарты бойынша салған талап ету салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке салған талап ету салымдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4253. Басқа банктерге салынған (бір айға дейін) қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір айға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша салынған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке салынған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4254. Басқа банктерге салынған (бір жылға дейін) қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша салынған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке салынған қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4255. Басқа банктерге салынған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылдан артық мерзімге банктік салым шарты бойынша салынған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке салынған ұзақ мерзімді салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4256. Басқа банктерге салынған шартты салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге банктік салым шарты бойынша салған шартты салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке салған шартты салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4257. Салымдар бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге банктік салым шарты бойынша салған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша басқа банктің банк салған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4301. Басқа банктерге берілген овердрафт заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктерге басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша берілген овердрафт заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктерге басқа банктің корреспонденттік есепшоты бойынша берілген овердрафт заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістердің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4302. Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылға дейінгі мерзімге берген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке берген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4304. Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге бір жылдан артық мерзімге берген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке берген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4305. Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге берген қаржы лизингі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке берген қаржы лизингі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4306. Басқа банктердің банктің заемдары бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктердің банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша басқа банктің банк берген заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады немесе баланстан шығарылады.
4308. Басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке "Кері РЕПО" операциялары бойынша берген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4349. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы.
Есепшоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар бойынша комиссиялық сыйақы сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің басқа банкке берген заемдар бойынша комиссиялық сыйақының сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4351. Банктің бас офисімен есеп айырысулар бойынша кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банк филиалдарының бас офисімен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуларымен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк филиалының бас офисімен есеп айырысулар бойынша сыйақы алуымен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4352. Банктің жергілікті филиалдарымен есеп айырысулар бойынша кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің жергілікті филиалдарымен есеп айырысулар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің жергілікті филиалымен есеп айырысулар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4353. Банктің шетелдік филиалдарымен есеп айырысулар бойынша кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің шетелдік филиалдарымен есеп айырысулар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің бас офисінің шетелдік филиалымен есеп айырысулар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4401. Клиенттерге берілген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге банктің есепшоттары бойынша берген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиентке банктің есепшоты бойынша берген овердрафт заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4403. Клиенттердің кредиттік карточкалары бойынша сыйақы алумен байланысты байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің кредиттік карточка ұстаушыларға берген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің кредиттік карточка ұстаушыға берген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4405. Клиенттердің ескерілген вексельдер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Клиенттердің банк ескерген вексельдері бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша клиенттің банк ескерген вексельдері бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4408. Клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берілген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге "Кері РЕПО" операциялары бойынша берген заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиентке "Кері РЕПО" операциясы бойынша берген заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4411. Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге бір жылға дейінгі мерзімге берген заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиентке берген қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4417. Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге үш жылдан артық мерзімге берген заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиентке берген ұзақ мерзімді заемдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4420. Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің клиенттерге берген қаржы лизингі бойынша негізгі борышы бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің клиентке берген қаржы лизингі бойынша негізгі борышы бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4422. Клиенттердің форфейтинг бойынша сыйақы алуымен байланысты кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының вексельдерді сатушыға айналымсыз сатып алуы арқылы алынған борыштық міндеттемелерінің талаптары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының вексельдерді сатушыға айналымсыз сатып алуы арқылы алынған борыштық міндеттемелерінің талаптары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомасы жазылады.