4900. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).
Есепшоттың мақсаты: Банк алған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк алған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4921. Банктік қызметтен түскен өзге де кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің кірістердің басқа баланстық есепшоттары бойынша жүргізілмейтін банктік қызметінен түскен өзге де кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің банктік қызметтен түскен өзге де кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4922. Банктік емес қызметтен түскен өзге де кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Банктің кірістердің басқа баланстық есепшоттары бойынша жүргізілмейтін банктік емес қызметтен түскен өзге де кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің банктік емес қызметтен түскен өзге де кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4941. Төтенше кірістер.
Есепшоттың мақсаты: Дүлей күштің болуынан туындаған төтенше кірістердің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің дүлей күштің болуынан туындаған төтенше кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4942. Есепті кезеңде анықталған өткен кезеңдердің банк қызметімен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің есепті кезеңде анықтаған және түскен өткен кезеңдердің банк қызметімен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша есепті кезеңде анықтаған және түскен өткен кезеңдердің банк қызметімен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4943. Есепті кезеңде анықталған өткен кезеңдердің банктік емес қызметпен байланысты кірістері.
Есепшоттың мақсаты: Банктің есепті кезеңде анықтаған және түскен өткен кезеңдердің банктік емес қызметпен байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша есепті кезеңде анықтаған және түскен өткен кезеңдердің банктік емес қызметпен байланысты кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
4999. Салықтарға дейінгі кіріс.
Есепшоттың мақсаты: Банктің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегенге дейінгі кірістерінің сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банктің кірістердің тиісті баланстық есепшоттарын жабу кезінде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегенге дейінгі кірістерінің сомасы жазылады.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің N 3599 баланстық есепшотқа есептен шығарылған шығыстар мен сомаларды N 5999 баланстық есепшотпен сальдолағаннан кейін тиісті баланстық есепшоттарды жабу кезіндегі шығыс сомасы жазылады.
5021. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкте ашылған корреспонденттік есепшоты бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5022. Шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Шетелдік орталық банктердің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша шетелдік орталық банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшоты бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5023. Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Корреспондент-банктердің банкте ашылған корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша корреспондент-банктің банкте ашылған корреспонденттік есепшоты бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5024. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банкте ашылған корреспонденттік есепшоттары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банкте ашылған корреспонденттік есепшоты бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5034. Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан бір жылға дейінгі мерзімге алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар cомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар cомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5036. Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан бір жылдан артық мерзімге алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5038. Банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Үкіметтен және Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5044. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылға дейінгі мерзімге алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымынан алған қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5046. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан бір жылдан артық уақытқа алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымынан алған ұзақ мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5048. Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің халықаралық қаржы ұйымынан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5051. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5052. Шетелдік орталық банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетелдік орталық банктен алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5053. "РЕПО" операциялары бойынша басқа банктерден алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің "РЕПО" операциялары бойынша басқа банктерден алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің "РЕПО" операциялары бойынша басқа банктен алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5054. Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен алған қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5056. Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір жылдан артық мерзімге алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен алған ұзақ мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5058. Банктің басқа банктерден алған заемдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған заемдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен алған заемдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5059. Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5064. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылға дейінгі мерзімге алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алған қысқа мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5066. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан бір жылдан артық мерзімге алған заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алған ұзақ мерзімді заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5068. Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5091. Басқа банктермен жүргізілетін операциялар бойынша сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктермен жүргізетін операциялар бойынша сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банкпен жүргізетін операциялар бойынша сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5095. Басқа банктерден алынған заемдар бойынша комиссиялық сыйақы.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған заемдары бойынша комиссиялық сыйақы сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен алған заемдары бойынша комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5111. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5112. Шетелдік орталық банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетелдік орталық банктен алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5113. Басқа банктердің овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен алған овернайт заемдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5121. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5122. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қабылдаған мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5123. Шетелдік орталық банктердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетелдік орталық банктен қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5124. Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің шетелдік орталық банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің шетелдік орталық банктен қабылдаған мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5125. Басқа банктердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5126. Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары (бір жылға дейін) бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір жылға дейінгі мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған қысқа мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5127. Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден бір жылдан артық мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5130. Басқа банктердің кепілдік-салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктердің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған кепілдік-салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктердің басқа банктен қабылдаған кепілдік-салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5133. Басқа банктердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің басқа банктерден банктік салым шарты бойынша қабылдаған шартты салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің басқа банктен қабылдаған шартты салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5151. Банктің бас офисімен есеп айырысулар бойынша шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банк филиалдарының оның бас офисімен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың кредиті бойынша банк филиалдарының оның бас офисімен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.
5152. Банктің жергілікті филиалдарымен есеп айырысулар бойынша шығыстар.
Есепшоттың мақсаты: Банктің бас офисінің оның жергілікті филиалдарымен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасын есепке алу.
Есепшоттың дебеті бойынша банктің бас офисінің оның жергілікті филиалымен есеп айырысулары бойынша шығыстар сомасы жазылады.
Есепшоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы N 4999 баланстық есепшотқа есептен шығарылады.