5) жоғарыда көрсетілген жүктемені басқару қайсыбір қосымша келісім бойынша мүмкінділі кез келген жағдаяттар.
744. Жүктеме пайдаланушыларын реттеу не ажырату шарттың немесе келісімнің бөлігі ретінде атқарылады және алдын ала келісіледі, сондықтан осындай басқаруды жүзеге асыру үшін ешқандай басқа ресми ескертпе хабарламалар талап етілмейді. Ажырату фактісі бойынша тұтынушыға ажырату себебі хабарланады.
745. Жиілік төмендеген кездегі автоматтық жиіліктік жүктемеден босату жүйесі бүкіл жүйедегі не оның жеке оқшауланған бөлігінде жиілік 49.00Гц-ке дейін түскен кезде жүйені қорғау үшін арналған. Мұндай жиіліктің төмендеуі энергияны өндіру мен тұтынатын қуат арасындағы баланстың болжанбаған уақиға не уақиғалар туындатқан едәуір бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Осындай мән-жайларда жиілік төмендеген кездегі автоматтық жиіліктік жүктемеден босату жүйесі жүктемені бөліктер бойынша ажырату үшін атқарымдайтын болады.
746. Автоматтық жиіліктік жүктемеден босату жүйесіне 49.00Гц-тен 46.50Гц-ке дейін тағайыншалармен жалпы жүктеменің шамамен 60 пайызы қосылады. Автоматтық жиіліктік жүктеменің тағайыншамалары мен көлемдері бойынша шешімдерді ТО қабылданады.
747. Тұтастай алғанда, егер мұндай ажыратылым тиянақты ескертумен және бұл Ережелердің осы тарауына сәйкес жүргізілсе, ажыратылым үшін бір тараптан да ешқандай өтелім төленбейді.
15-тарау. Болжанбаған жағдаяттарды жоспарлау
748. Бұл тарау жүйені электр стансасының мүмкіндіктерін және жүйенің жұмыс шектеулерін ескере отырып, қысқа мерзімде толық жүктемесін қалпына келтіру үшін толығымен не ішінара ажыратқаннан соң болжанбаған жағдаяттар мен қалпына келтіруге міндеттер мен жоспарларды жасау шараларын айқындайды.
749. Осы тараудың міндеті болып мыналар табылады:
1) Жүйенің құлауынан қорғаудың жақсартылған тетігіне қол жеткізу;
2) Жүйенің барлығы не бөлігінің ажыратылуы нәтижесінде толық токтан ажыратудан қалпына келтіру шараларын орындау;
3) Барлық қатысушы тараптармен келісілген қалпына келтіру жоспарларын қамтамасыз ету;
4) Егер жүйе бөлінген және оның жекелеген бөліктері өзара үндеспеген болса, жүйенің жаңадан үндестірілген бөліктері үшін талаптарды айқындау;
5) Басшылардың тәуліктің 24 сағаты ішінде апаттық жағдаяттағы орындалуға міндетті шешімдерді қабылдау үшін жедел араласуын қажет ететін не қажет етілуі мүмкін жүйенің нақтылы немесе әлеуетті салмақпен және кеңінен істен шығуын жоюға қатысатын яки қатыса алатын НО, ҰЭЖҰ, электржелілік компаниялар мен пайдаланушылардың жоғарғы басшылығын керекті байланыспен және шаралармен қамтамасыз ету.
750. Осы бөлім келесі тараптарға жатқызылады:
1) TO;
2) НО;
3) Электржелілік компаниялар;
4) 10кВ және 35кВ-тық желіге қосылған ЭӨҰ-н кіргізген ЭӨҰ;
5) 110кВ-тық және одан жоғары желіге тура қосылған жүктеме пайдаланушылары.
751. Кешенді тораптық жүйеде зақымданулар уақыттың қысқа мезгілінде кең ауқымдарды қамтуы мүмкін. Мұны кепілдеу үшін қорғаныштың тиімді шаралары, сондай-ақ қорғаныш жоспарын айқындау қажет.
752. ТО энергожүйенің сенімді де тұрақты қосарлас жұмыс үшін жауапкершілікке ие және осыған қол жеткізуге мүмкіндік беретін қорғаныш жоспарын дайындауы тиіс. ТО өзінің қорғаныш жоспарын электржелілік компаниялармен және өзге пайдаланушылармен үйлестіреді. Қорғаныш жоспарын барлық тараптар басшылыққа алады.
753. Қорғаныш жоспары мынаны кіргізеді:
1) қорғаныш жүйесінің қағидалары мен ұйымдастырылуы;
2) техникалық жабдыққа талаптар;
3) ТО, электржелілік компаниялар мен өзге пайдаланушылар арасында міндеттерді айқын да бірмәнді бөлу.
754. Реле қорғанышы (РҚ) мен апатқа қарсы автоматиканың (АА) сан алуан түрлері мен тұрпаттары үшін кескін құрылымы, іс-қимыл қағидалары, қолдану түзімдері, тағайыншамаларды таңдау нормативтік-техникалық құжаттар негізінде жасалады.
755. БЭЖ-нің сенімді атқарымданудың негізгі шарттарының біріне Қазақстан энергорыногы субъектілерінің электр қондырғылары мен жабдықтарында ТО-мен келісілген көлемдерде осы Ережелер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес атқарымданатын реле қорғанышы, түзімдік және апатқа қарсы автоматика құралдарының болуы жатады.
756. БЭЖ-дегі немесе оның жекелеген бөліктеріндегі апатқа қарсы автоматика мыналар үшін арналған:
1) апаттық жағдаяттардың ауқымын шектеу;
2) апаттық жағдаяттарды кезінде жою;
3) едәуір аумақта тұтынушылардың электрмен жабдықталуының бұзылуын ілестіретін жалпыжүйелік апаттардың алдын алу.
Автоматика автоматтық қайта қосуды (АҚҚ), автоматтық резервті енгізу (АРЕ), автоматтық қоздыруды реттеу, жиілік пен активті қуатты автоматтық реттеуді (ағынды автоматтық шектеумен бірге) кіргізе отырып, реле қорғанышымен және энергожүйедегі автоматтық басқарудың басқа құралдарымен өзара іс-әрекетте болады.
757. Апатқа қарсы автоматика (АА) жүйесі келесі атқарымдарды орындайтын жүйеліктерден тұрады:
1) орнықтылықтың бұзылуын автоматтық алдын алу (ОБАА);
2) асинхрондық түзімді автоматтық жою (АТАЖ);
3) кернеудің жоғарылауын автоматтық шектеу (КЖАШ);
4) кернеудің төмендеуін автоматтық шектеу (КТАШ);
5) жиіліктің төмендеуін автоматтық шектеу (ЖКАШ);
6) жиіліктің жоғарылауын автоматтық шектеу (ЖЖАШ);
7) автоматтық жабдық жүктемесін босату (АЖБ).
758. АА-ның әрбір апатқа қарсы басқарудың белгілі бір міндеттерін атқаратын жекелеген қарапайым не күрделі автоматикалардан не АА құрылғыларынан тұрады.
759. Қазақстан БЭЖ АА жүйесінің басқарымдық әсер етулеріне ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан электржелілік пайдаланушылардың жабдығы мен электр қондырғылары тартылады.
760. Қазақстан не оның жекелеген аймақтарының БЭЖ-нің Ресейдің БЭЖ-мен немесе (және) Орталық Азияның БЭЖ-мен қосарлас жұмысының түзімінде Қазақстан БЭЖ АА шектесуші энергобірлестіктерде (Орал БЭЖ, Сібір БЭЖ, Орта Еділ БЭЖ, Орталық Азия БЭЖ) іске асырылатын басқарымдық әсер етулерді түзілдіре, сондай-ақ, өз кезегінде, шектесуші энергобірлестіктерде түзілген басқарымдық әсер етулерді атқара алады.
761. Генераторларды өшіру (ГӨ) басқарымдық әсер етулер ретінде ОБАА, АТАЖ, ЖЖАШ, АЖБ жүйеліктерінде қолданылады және ажыратылатын генераторлардың қуатымен сипатталады.
762. Жүктемені ажырату (ЖА) басқарымдық әсер етулер ретінде ОБАА, АТАЖ, ЖЖАШ, КТАШ, АЖБ жүйеліктерінде қолданылады және ажыратылатын генераторлардың қуатымен сипатталады.
Жүктемені ажырату АҚҚ-ға тыйым салумен және АҚҚ-ға рұқсат етілумен атқарылады.
763. Резервті енгізу жүйеліктердің басқарымдық әсер етулері ретінде былайша қолданылады:
1) ЖКАШ (жиіліктің төмендеуінің алдын алу және АЖБ-дің әрекетімен ажыратылған тұтынушылардың қосылуын тездету үшін);
2) ОБАА (ЖА-ға әсер етуін үйлестіре - апаттан соңғы түзімде статикалық орнықтылықтың нормативтік қорын қамтамасыз шарттары бойынша жүктеменің ажыратылу ұзақтығын кеміту үшін).
Резервті енгізу резервтегі гидрогенераторларды автоматтық іске қосумен не СК түзімінде жұмыс істейтін гидрогенераторларды активті түзімге ауыстырумен жүзеге асырылады.
764. Жүйені бөлу (ЖБ) ОБАА, АТАЖ, ЖКАШ жүйеліктерінің басқарымдық әсер етулері ретінде қолданылады. Жүйені бөлу желілерді ажыратумен не қосалқы станса шиналарын алдын ала таңдалған қималарда бөлумен жүргізіледі.
ЖБ қималарын таңдау кезінде бөлім нүктелерін барынша кеміту және коммутацияланатын ажыратқыштардың саны, сондай-ақ бөлуден кейінгі жүйенің бастапқы тәсімдері жұмысының сенімділігі ескерілуі тиіс.
765. Шунттаушы реакторларды ажырату ОБАА және КТАШ жүйеліктерінің басқарымдық әсер етулері ретінде қолданылады.
766. Шунттаушы реакторларды қосу КЖАШ жүйеліктерінің басқарымдық әсер етулері ретінде қолданылады.
767. Автоматтық жиіліктік жүктемеден босату (АЖБ) ТО автоматтық жиіліктік жүктемеден босату стратегиясы үшін жауапкершілікке ие. Бұл келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылдауды діттейді:
1) жиіліктің әрбір қадамында түсіру үшін жүктеменің жалпы көлемі;
2) жүктеме түсірілетін жиіліктер;
3) уақыт ұстамы, егер жиіліктің әрбір қадамы үшін белгіленсе;
4) Әрбір электржелілік компанияда әрбір жиілік кезіндегі ажырату үшін жүктеме көлемі.
768. ОБАА жүйелігі апаттық ұйтқулар кезінде орнықтылық бұзылуының алдын алу және апаттан кейінгі жағдайларда қамтылатын ауданның берілген қималарына статикалық орнықтылықтың нормативтік қорын қамтамасыз ету үшін арналған.
Қазақстанның БЭЖ-де ОБАА жүйелігі 1150-500-220кВ-тық негізгі желідегі алуан апаттық ұйтқулар кезінде апатқа қарсы басқару міндеттерін шешу жолымен Қазақстан БЭЖ-нің шектесуші энергобірлестіктермен (Ресей БЭЖ, Орталық Азия БЭЖ) қосаралас, Қазақстан БЭЖ-нің жекелеген энергоаудандарының өзара немесе шектесуші энергобірлестіктердің біреуімен жұмысының орнықтылығын сақтауды қамтамасыз ететін АА құрылғыларының жиынтығымен құралған.
Қазақстан БЭЖ-де ОБАА-ның басқарымдық әсер етулер ретінде мыналар қолданылады: генераторларды ажырату (ГА), жүктемені ажырату (ЖА), жүйені бөлу (ЖБ), резервтік гидрогенераторларды енгізу (РГЕ), шунттаушы реакторларды ажырату.
769. АТАЖ жүйелігі асинхрондық түзімдердің (АТ) туындауын тіркейтін АА құрылғылар жиынтығын көрсетеді:
1) энергоаудан ішіндегі электр стансалар арасында;
2) БЭЖ-де не оның жекелеген бөліктерінде.
АТАЖ асинхрондық жүріс циклдерінің белгілі бір санын және әрбір циклдың (АТАЖ-дың негізгі, резервтік және қосымша құрылғылары) ұзақтығын бақылаумен АТ-н жоюды не болмаса АТАЖ-ды туындауының бастапқы кезеңінде тоқтатуды (ӘБА құрылғысы - "әлсіз байланыс" автоматикасы).
АТ-н жою қамтылған ауданның асинхрондық түзімінің кез келген қималары үшін әдетте ауданды осы қима бойынша үндессіз жұмыс істейтін бөліктерге бөлу жолымен жүзеге асырылады.
770. Жекелеген жағдайларда бөлу әрекетін атқару алдында қайта үндесу мақсатында АТАЖ-дың келесі басқарымдық әсер етулері қолданылады:
1) генераторларды өшіру (ГӨ) - қарастырылған ауданның артық бөлігінде;
2) жүктемені ажырату (ЖА) - тапшылық бөлігінде.
771. Қазақстан БЭЖ-де КЖАШ жүйелігі үлкен қашықтықтық ӘЖ-1150-500кВ және кейбір ӘЖ-220кВ орнатылған жергілікті КЖА-ның жергілікті құрылғыларымен түзіледі.
КЖАШ бұл жоғарылау желінің біржақты ажыратылуымен, фазаның ажыратылуы, өткіннің үзілуімен туындаған кезде энергия жүйесінің электржабдығындағы кернеудің көтерілуін шектеу үшін қызмет етеді.
КЖАШ-дің басқарымдық әсер етулері ретінде мыналар қолданылады:
1) шунттаушы реакторларды қосу;
2) кернеудің көтерілуін тудырған желі ажыратылуы.
772. Қазақстан БЭЖ-дегі КТАШ 500кВ және 220кВ-тық тораптық қосалқы стансаларында орнатылған жергілікті КТА құрылғыларынан тұрады.
КТАШ арналымы - энерготораптардағы кернеудің жүктеменің орнықтылық шарттары бойынша лайықсыз мәндеріне дейін төмендеуінің және кернеу көшкінінің алдын алу.
Сонымен бірге, 500кВ желісіндегі КТА құрылғылары жүйеаралық байланыстардағы статикалық орнықтылықтың нормативтік қорын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.
КТА құрылғылары оның ұзақтығын ескере отырып, кернеуді төмендетуді бақылайды және басқарымдық әсер етулерді түзілдіреді:
1) КТА-500кВ - шунттаушы реакторларды ажырату;
2) КТА-220кВ - жанасымды 110-35кВ-тық желідегі жүктемені ажырату.
773. ЖТША жүйелігі қамтылатын ауданның тұтынушылары мен жабдығының мына жиіліктердегі жұмысының алдын алады:
1) 45 Гц-тен төмен;
2) 10сек-тан артық ішінде 46 Гц-тен төмен;
3) 20сек-тан артық ішінде 47 Гц-тен төмен;
4) 60сек-тан артық ішінде 48,5 Гц-тен төмен.
774. ЖТША мынаны атқарады:
1) автоматты жиіліктік резерв енгізу (АЖРЕ);
2) автоматты жиіліктік жүктеме босату (АЖБ);
3) үлкен жергілікті қуат тапшылықтары кезінде қосымша жүктеме босату;
4) жиілікті қалпына келтірген кезде ажыратылған тұтынушылардың қоректенуін қалпына келтіру (ЖАҚҚ);
5) теңдестірілген жүктемелі электр стансаларын немесе генераторларды бөліп шығару; электр стансалардың өз мұқтаждарын қоректендіруге
генераторларды бөліп шығару.
ЖЖАШ жүйелігін құрайтын құрылғылар ЖЭМ турбиналарының автоматтары
іске қосылуы мүмкін жиіліктің ұйғарынсыз көтерілуін алдын алу, сондай-ақ
ЖЭС-дағы жиіліктің блоктардың жүктемесі ұйғарынды жүктемелердің аралық
шектеріне ары кетпейтін мәндеріне дейін ұзақ көтерілуін шектеу үшін
арналған.
АЖШ құрылғылары жиіліктің көтерілуіне де, оның көтерілу жылдамдығына да селт ете және стансаның генераторларында жеке-дара да, тораптық қосалқы стансаларда да орнатыла алады (АЖШ-дің орталық құрылғылары).
ЖЖАШ-дің басқарымдық әсер етулері ретінде мыналар қолданылады:
1) Генераторларды ажырату;
2) Жүйені бөлу.
775. Қазақстан БЭЖ-де АЖБ жүйелігі ток бойынша елеулі жүктемек
кезінде оның зақымдануының алдын алу үшін жабдықты автоматтық жүктемеден
босатуды қамтамасыз ететін жергілікті АА құрылғыларынан тұрады.
АЖБ жүйелігінің құрылғылары қорғалатын электр жабдықтағы (желідегі,
трансформатордағы) токтың көтерілуіне тікелей селт етеді.
776. АЖБ-дың басқарымдық әсер етулері ретінде мыналар қолданылады:
1) генераторларды ажырату;
2) жүктемені ажырату;
3) артық жүктелінген жабдықты ажырату.
777. Электржелілік компаниялар электр желісі зақымданған кезде электр желісінің қорғанышын қамтамасыз етеді.
778. Реле қорғанышының жүйесі электр жүйесінің (электр қондырғының) қалған, зақымданбаған бөлігінен зақымданған элементті ажыратқыштардың көмегімен автоматтық ажыратуды қамтамасыз етеді; егер зақымдану электр жүйесінің жұмысын тікелей бұзбаса, реле қорғанышының тек сигналға әрекеті рұқсат етіледі.
779. Ажыратқыштар істен шыққан кездегі резервілеу құрылғылары (АШРҚ). 110:-1150 кВ-тық электр қондырғыларында ескеріледі, кернеулері 6:-35 кВ ЭҚ үшін АШРҚ нормативтік құжаттарда ескеріледі.
780. Электрқондырғының әрбір элементінде талғаулықты қамтамасыз ететін уақытымен элементтің кез келген телімінде зақымдануларды ажырататын қорғаныш көзделуі тиіс.
781. Резервтік қорғаныш.
Қорғаныштар не ажыратқыштар істен шыққан кезде шектесуші элементтердің әрекеті үшін ұзақ резервтік әрекетті қамтамасыз ету үшін арналған резервтік қорғанышты ескерген жөн.
Егер элементтің негізгі қорғаныш жүйесі абсолюттік талғаулыққа ие болса, онда осы элементте жергілікті де, алыстатылған да резервілік атқарымдарын орындайтын резервтік қорғаныш жүйесі орнатылуы тиіс.
782. Реле қорғанышы және автоматика (РҚА) құрылғылары мынаны қамтамасыз етуі тиіс:
1) сезгіштік - ҚТ-ды іздеп табу қабілеті;
2) шалт қимыл - зақымданған элементті электр желісінен ҚТ-дың зақымданушы әсер етуін, соның ішінде өндіруші қондырғылардың үндестігін жоғалтуын тезірек барынша азайту үшін ажырату қабілеті;
3) Талғаулық - қорғаныштың электр желісінен тек зақымданған элементті ажырату қабілеті;
4) Сенімділік - ішкі ҚТ-ды еңсере білу және оның жұмысы көзделмесе іске қосылмау қабілеті.
783. Қорғаныш жүйесі РҚ құрылғыларының әрекеттері мен ахуалдары туралы ақпаратты кіргізе қорғалатын электр жабдығының зақымданулары туралы ақпаратты жинау және талдау барысын жеңілдетуі тиіс.
784. Жаңа технологияны келесі басымдықтарға қол жеткізу үшін қолданған жөн:
1) РҚ құрылғыларының өзіндік бақылау мен өзіндік резервілеу мүмкіндіктерін ұлғайту;
2) РҚ құрылғыларының техникалық қызметтеуіне шығындарды азайту;
3) РҚ құрылғыларының энергия тұтынуын азайту;
4) РҚ құрылғыларының ауқымдарын және материал сыйымдылығын кеміту;
5) РҚ құрылғыларының электр энергиясын өндіруді, жеткізу және таратуды автоматты басқарудың біртұтас жүйелеріне қосу мүмкіндіктері.
785. Жаңа объектілерді енгізу және жүйедегілерді жаңғырту кезінде мынау ескерілуі тиіс:
1) қорғаныш (автоматика), апаттық оқиғаларды тіркегіш және зақымданған жерін (Қ.Т.) анықтағыш атқарымдарын қосарлайтын РҚ-тың қазіргі заманғы цифрлық бағдарламалы құрылғыларымен жарақтандыру;
2) РҚ құрылғыларын қашықтықтық технологиялық және апатқа қарсы басқарудың, ақпаратты, техникалық шамалардың - РҚ құрылғыларының тағайыншамалары мен әрекет қағидаларының тапсырмасын (өзгерістерін) жинау және талдаудың жаңадан жасалатын көп деңгейлі жүйелеріне кіріктіру.
786. 110:-1150 кВ-тық ӘЖ-нің қорғанышы бір құрылғы істен шыққан кезде (техқызметтеу, ақаулық және т.б.) осы ӘЖ-дегі қысқаша тұйықталу (Қ.Т.) ең кемі екі құрылғымен жойылатындай атқарылады.
787. Бұл жағдайда екінші қорғаныш ретінде шектесуші жалғанымдар жағынан жырақтық резервілеуді егер ол қажетті шалт қимылмен және сезгіштікке ие болса қолданған орынды. Басқаша жағдайда 1150 кВ-тық ӘЖ және 220:-500 кВ-тық ӘЖ үшін жақын резервілеу шарттарын сақтай отырып қосарланушы қорғаныш атқарылуы тиіс.
788. 500-1150 кВ-тық желілер үшін негізгі ретінде егер орнықтылық ойластырулары бойынша мұндай талап алынып тасталмаса, қорғалатын телімнің кез келген нүктесінде Қ.Т. болған кезде кідіріссіз істейтін қорғаныш ескерілуі тиіс.
789. Кернеуі 110-220 кВ-тық желілер үшін негізгі қорғаныш үлгісі туралы, соның ішінде қорғалатын телімнің кез келген нүктесінде Қ.Т. болған кезде кідіріссіз істейтін қорғанышты қолдану туралы мәселе ең алдымен орнықтылықты сақтау талабын ескере отырып шешілуі тиіс.
790. 500:-1150кВ-тық желілер үшін қорғаныш жабдығы мен бір фазалы автоматтық қайта қосу құрылғысының (БАҚҚ) өлшеуіш органдары желі жұмысының барлық жағдайларында олардың қалыпты атқарымдануын қамтамасыз ететіндей арнайы жасалуы тиіс.
791. Егер негізгіге жоғарыжиіліктік қорғанышы (Ж.Ж. қорғанышы) не бойлықтық саралау қорғанышы қабылданса, онда резервтік ретінде мынаны қолданған жөн:
1) көпфазалы Қ.Т.-дан әдетте қашықтықтық, басым түрде үшбасқыштық;
2) жерге тұйықталудан - басқыштық токтық бағытталған не нөлдік дәйектемелі бағытталмаған қорғаныштар, сондай-ақ қашықтықтық қорғаныштар.
792. 500:-1150 кВ-тық желілерде, сондай-ақ 220 кВ-тық жауапты желілерде толымсыз фазалық түзімнен қорғаныш ескерілуі тиіс.
793. Бүкіл ӘЖ зақымданған жерді анықтау үшін аспаптармен жарақтануы керек.
ӘЖ-де апатқа дейінгі түзімді жаза және оқиғалардың дәйектілігін, соның ішінде реле қорғанышы мен автоматика құрылғыларының іске қосылуын тіркей отырып. ҚТ кезіндегі өтпелі процестерді цифрлық тіркеу жүзеге асырылуы қажет.
794. Алуан сыныптық кернеудегі желілердің резервтік қорғаныштарының сенімділігін арттыру және келісім талаптарын жақсарту үшін автотрансформатордың (АТ) саралау қорғаныштары екі жинақталымнан орнатылуы тиіс. Көрсетілген қорғаныш жиынтықтары жақын резервілеу қағидаларын сақтай отырып қосылуы керек.
795. АТ-дың резервтік қорғаныштары қосарлаушылықтың орнына алыс резервілеуді қолданған кезде шектесуші ӘЖ-дің қорғаныштарын толыққанды алыс резервілеуін қамтамасыз етуі тиіс.
796. АТ-дың ішкі зақымдануларынан қорғаныштар өрт сөндіру құрылғыларын іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Осы санаттағы барлық трансформаторларда оқиғалардың дәйектілігін тіркегіш орнатылуы тиіс.
797. Алуан сыныптық кернеудегі желілердің резервтік қорғаныштарының сенімділігін арттыру, динамикалық орнықтылық бұзылуларының алдын алу және келісім талаптарын жақсарту үшін 500 және 1150 кВ-тық тарқатушы құрылғылардағы (ТҚ) жинамалы шиналардың екі жиынтықтық саралау қорғаныштарын орнату ұсынылады.
798. ҚС-ның шинажалғағыш не секциялық ажыратқыштары бар 10:-220 кВ-тық жинамалы шиналары үшін шинажалғағыш ажыратқыштарында (ШЖА) мен секциялық ажыратқыштарда (СА) жекелеген секциялық қорғаныштарды егер осы бөлек қорғаныштардың әрекеттері динамикалық орнықтылықтың талаптарын қанағаттандыратын болса қоса отырып, шиналардың бір жинақтамалық саралау қорғаныштарын орнату рұқсат етіледі.
799. Ажыратқыштардың істен шығуын резервілеу құрылғылары шектесуші ажыратқыштарды олардың автоматтық қайта қосуына тыйым салумен әсер етуі тиіс. АШРҚ тәсімдері олардың шектесуші жалғанымдарды ажыратуға кездейсоқ іске қосылуының алдын алатындай атқарылуы керек.
800. Мемлекетаралық және жүйеаралық желілердегі РҚ құрылғыларының тағайыншамалары әрбір тараппен дербес таңдалады және өзара келісіледі. Мұнда егер үшінші жақтың РҚ құрылғыларының тағайыншамаларына тиісілсе, онда келісім осы үшінші жаққа да таралуы тиіс. Тағайыншамаларды дұрыс таңдаудың негізгі жауапкершілігіне тағайыншамаларды таңдайтын тарап ие болады. ТО Қазақстан БЭЖ-нің жеткізуші желісіндегі реле қорғанышының тағайыншамаларын дұрыс таңдау үшін оның жедел басқаруындағы реле қорғанышы құрылғылары бөлігінде қамтамасыз етеді.