836. Ақпараттың құпиялық шекарасы мен қол жетер межелерін өкілетті орган белгілейді.
837. Жегу жоспарланған әрекет болып табылады, ол туралы электржелілік компания немесе пайдаланушы ТО-ға не электржелілік компанияның пайдаланушысына алдын ала хабарлауы тиіс. Бұл әрекеттер тұрақты негізде атқарылады
838. Байланысты ұстап тұру үшін барлық тараптар нақты жағдаятқа байланысты ТО және/немесе электржелілік компаниямен қажетті ақпаратпен шынайы алмасуды қамтамасыз етуге тиісті жабдықтың болуын кепілдеуі тиіс.
Қажетті талаптар:
1) тікелей телефон арнасы;
2) факс;
3) электрондық поштаның арнаулы адресі.
839. ТО-ның диспетчерлік орталықтары, кернеуі 220, 500 және 1150 кВ қосалқы стансалар, ТО-ның жедел басқарымындағы электр стансалар, кернеуі 220кВ және одан жоғары желіге жалғанған электр энергия тұтынушылары үшін екі тәуелсіз бағыт бойынша ТО-ның диспетчерлік орталығымен байланыс арналарын ұйымдастыру керек.
840. ЭҚЭКР-дің кез келген субъектісінің әрбір диспетчерлік орталығы (ДО) меншік нысанына қарамастан жедел-диспетчерлік басқару үшін байланыстың тікелей арналарымен жабдықталуы керек. Мыналармен байланыс қамтамасыз етілуі тиіс:
1) АЭЖҰ-ның ДО мен осы диспетчерлік бекеттердің жедел басқарымындағы 35 кВ және одан жоғары кернеулі қосалқы стансалар арасында;
2) Электржелілік компанияның ДО мен пайдаланушылар ДО арасында;
3) АЭЖҰ-ның ДО мен АДО-ның ДО арасындағы;
4) ОДБ мен АДО-ның ДО арасындағы;
5) шектесуші басқару аймақтары бар АДО-ның ДО арасындағы;
6) АДО-ның ДО мен электр энергиясын ірі тұтынушалардың ДО арасындағы;
7) ОДБ мен іргелес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтары (ДО) арасындағы;
8) АДО-ның ДО мен шектесуші басқару аймақтары бар іргелес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтары (ДО) арасындағы.
841. Жабдық пен ӘЖ-нің жұмыс түзімдерінің жоспарлы өзгерістері туралы ТО мен ӘЖ субъектілері жабдықтың диспетчерлік басқару тәсілі бойынша таралуына сәйкес, сондай-ақ шарттар талаптарына сай және нормативтік құжаттарға сәйкес хабарланады.
842. Хабар алушы соларға байланысты салдарлар мен тәуекелді дұрыс та толайым бағалауы үшін ӘЖ мен жабдықтың жұмыс түзімінің жоспарланған өзгерістері туралы хабарламалар жеткілікті жіктемеге ие болуға тиіс. Алушы хабарлама алуына байланысты туындаған сұрақтарды түсіндіріп беруін өтінуі мүмкін.
843. Жабдықтарды жегу кезіндегі хабарламалар келесі жағдайларда ұсынылады:
1) ажыратқыштың не айырғыштың жоспарланған жегімі немесе олардың кез келген дәйектілігі яки екеуінің құрамдасуы;
2) осы Ережелерге сәйкес келісілген энергоқондырғы және (немесе) аппаратураның жоспарланған тоқтатымын атқару;
3) өндіруші қондырғының үндестігі және бейүндестігі;
4) өндіруші қондырғының жегім түзімінің өзгеруі;
5) жиілік бойынша нұсқаулық және активті қуатты бақылау;
6) кернеуді бақылау жөніндегі нұсқаулық;
7) жүйе қорғанышының өзгерістері;
8) жегімге енгізу шарасы;
9) басқа жағдайлар.
844. Кездейсоқ оқиғалар туындаған кезде хабарламалар келесі жағдайларда ұсынылады:
1) қондырғы мен аппаратураның апаттық сигналдау, қалыпсыз жұмыс түзімдері мен қуаттың уақытша өзгерістері кірген мәселелері;
2) басқару жабдығының, байланыс пен өлшеу құрылғыларының зақымданулары;
3) қорғаныш, соның ішінде асқын жүктемеден болған автоматика және қорғаныш құрылғыларының мәселелері, сондай-ақ қорғаныштың жалған іске қосылуы;
4) қалыпты түзімнің кез келген бұзылысы, негізгі жабдықтың зақымданулары мен ажыратулары;
5) электржабдықтау бұзылыстары;
6) активті және реактивті қуаттың келісілген кестелерінің бұзылуы;
7) адамдармен жазатайым уақиғалар кіргізілген қауіпсіздік техникасының бұзылысы немесе әлеуетті қауіп-қатер;
8) өрттер, қоршаған ортаның ластануы және қалыпты жұмыс түзіміне әсер ететін басқа да апаттық оқиғалар;
9) ядролық не радиациялық жағдайларға байланысты оқиғалар немесе қауіпсіздіктің кемуіне яки өндіру деңгейінің (қуаттың) төмендеуіне әкеп соғатын ядролық қондырғыларды жегімдеу ережелерінің бұзылуы;
10) қолайсыз ауа райының болуы және оның болжамы;
11) өзге де кездейсоқ оқиғалар.
845. Оқиғаның сыйпаттамасы және хабарлама алушының салдарлар мен мүмкін болар тәуекелді дұрыс бағалау үшін мүмкіндік берілетіндей оқиғалар туралы хабарлама жеткілікті түрде егжей-тегжейлі болуы тиіс. Хабарламада операцияларды жүргізу туралы ақпарат беретін адамның есімі көрсетілуі тиіс. Алушы хабарламаны түсіну үшін сұрақ бере алады, ал хабарлаушы жақ қажетті ақпаратты тапсыру үшін барлық күшін салуы керек.
846. Хабарлама пайдаланушы оқиғаларды дұрыс қарап және оның салдарлары мен мүмкін болар тәуекелді дұрыс бағалау үшін тез берілуі тиіс.
847. Хабарлама жазбаша түрде беріледі және бұлай мүмкін болмаса ол ауызша нысанда тапсырылады. Жазбаша хабарлама оқиға басталар алдында ауызша мәлімдемемен расталуы мүмкін.
848. Кез келген ауызша хабарламаны оның дұрыстығына және толық ұғынықтылығына көз жету үшін алушы қайталауы тиіс.
849. Іске қосу туралы хабарлаулар кемінде екі апта бұрын жазбаша нысанда берілуі және ауызша ескертумен расталуы тиіс.
850. Салмақты апаттың бүкіл жүйеге не оның бөлігіне кеңінен таралу тәуекелі кезінде ТО түзімнің бұзылысы әлеуетті түрде таралатын барлық пайдаланушыларға жүйедегі салмақты апат туралы ескерту шығарады. Бұл ескертуді ауызша не жазбаша түрде беру керек және ол ТО және (немесе) электржелілік компания қажетті деп санайтын ақпаратты мазмұндайды.
851. Жүйедегі салмақты апат туралы ескертудің әрекеті кезінде жүйедегі салмақты апат туралы ескертуді алған әрбір пайдаланушы жегімді жүзеге асырып жатқан өз қызметкерлерін ескертуге және жабдық пен аппаратураны осындай апаттардан сәтті шығуға барлық қажетті шараларды алдын ала қабылдайды.
852. Ірі соқтығыс - жүйенің жегіміне әсер ететін оқиға және келесідегідей өрнектеледі:
1) жабдықтың және (немесе) аппаратураның қолдан не автоматты түрде ажыратылуы;
2) кернеу - ЭЖЕ-нің кернеуді реттеу;
3) жүйе жиілігі - маңызды оқиғаның ұйғарынды шектерінен тыс;
4) жүйенің орнықсыздығы;
5) жүйенің асқын жүктемесі;
6) рынок немесе жүйенің жұмысына әсер ететін байланыс жүйесінің ауыр зақымдануы;
7) кісі өліміне не ауыр зақымдануларға әкеп соғатын жазатайым уақиғалар.
853. Барлық ірі соқтығыстар жазбаша есепте көрсетілуі тиіс. Болған оқиға ірі соқтығыс болып табылады ма деген сауал жөнінде дау-дамай туындаған кезде шешімді ТО қабылдайды. Бұл ереже БЭЖ-нің кез келген бөлігіндегі оқиғаға қатысты, тарқатушы желіні кіргізе отырып қолданылады.
854. Егер тарап электр желінің жұмысына едәуір әсер ететін, ТО не электржелілік компания қарастырған оқиғаны ТО не АЭЖҰ-ға хабарласа, ТО және/не электржелілік компания мұндай тараптың осы оқиға туралы жазбаша есеп беруін талап ете алады.
855. Пайдаланушының жұмысына едәуір әсер ететін, пайдаланушы қарастырған оқиғаны ТО не электржелілік компания пайдаланушыға хабарлаған кезде пайдаланушы ТО және/не электржелілік компания жазбаша нысанда есеп беруін талап ете алады.
856. Жоғарыда келтірілген жағдайлардың кез келгенінде қай жүйеде оқиға болған тарап төрт сағат ішінде осы оқиға фактісі бойынша жазбаша есеп дайындайды. Жазбаша есеп талап етілетін жерде есеп бір апта ішінде басталып, бір ай ішінде аяқталуы тиіс.
857. Егер маңызды оқиға бір не одан асқан ЭЖҰ және/немесе пайдаланушы жүйесінде болса, бір не барлық тараптар есеп не бірлескен есеп тапсыруы тиіс.
858. Ірі соқтығыс жарияланған жағдайда және жазбаша есеп ЭЖҰ-ға берілген кезде электржелілік компания осы тараптардың кез келген
пайдаланушысы ірі соқтығысты бірлесе жіліктей зерттелуін жазбаша түрде талап ете алады. Кез келген тарап сондай-ақ басқа мүдделі тараптардың бірлескен зерттеуге кіргізілуін талап етуі мүмкін.
859. Жұмыс тапсырмалары мен бірлескен зерттеуге қатысы бар бүкіл мәселелер бірлесе зерттеудің басталуына дейін келісілуі тиіс.
860. Бірлескен зерттеу бастапқы сұрату сәтінен екі апта ішінде басталады да, бастапқы сұрату сәтінен екі ай ішінде аяқталады.
861. Жазбаша есептің негізгі мақсатына болған уақиғаның туындау себептерін айқындау жатады.
862. Жазбаша есептің мазмұнына мыналар кіреді:
1) басшылық түйіндемесімен стандарттық бет;
2) орналасқан орны;
3) ірі соқтығыстың қысқаша баяны;
4) ірі соқтығыстың күні мен уақыты;
5) зақымданулар;
6) осы оқиға әсерін тигізген қызметкерлер, мердігерлер не жұртшылық мүшелері;
7) зақымданған жабдық;
8) әсерге душар болған электр тұтыну және/немесе энергия өндіру, соның ішінде МВТ пен тиілген тапсырыскерлердің саны;
9) зерттеу тобы;
10) осы соқтығысқа әкеп соққан оқиғалар;
11) оқиғадан соң іле-шала жасалған әрекеттер;
12) қорытындылар (негізгілер және қосалқылар, егер бұл қолданылса);
13) соқтығыс себебі (тікелей және негізгі себептер);
14) ұсыныстар;
15) ары қарайғы әрекеттер.
863. Қосымшаларға жұмыс тапсырмалары, коммутация журналы, оқиғалар журналы, қауіпсіздік техникасы жөніндегі құжаттама, жүйенің тәсімі, фотосуреттер және т.б. секілді тиісті құжаттардың көшірмелері кіреді.
Құжаттың құпиялығын сақтау мақсатында көшірмелер есепте көрсетілген
фамилиялар жалпы жұрт көрмейтіндей өзгертілуі тиіс.
864. Жазбаша есептің кез келген алушысы кез келген тұстарын анықтау мақсатында сұрақ қоя алады, ал, есеп әзірлеген тарап қозғалған мәселелерге мүмкіндігінше жауап беруі тиіс.
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 314 бұйрығымен бекітілген
Электржелілік Ережелерге
1-қосымша
Электр қондырғыларындағы жұмыстар үшін
рұқсаттама - жүктелім нысаны
Кәсіпорын ──────────────────────────────────────────────────────────────
Бөлімше ────────────────────────────────────────────────────────────────
Рұқсаттама-жүктелім N ────────
Жұмыс жетекшісі ──────────────────── рұқсаттама берілетінге ─────────────
Жұмыс өндірушісіне ─────────────────── бақылаушыға ──────────────────────
Бригада мүшелерімен ─────────────────────────────────────────────────────
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Жұмыс санаты ────────────────────────────────────────────────────────────
Тапсырылады ─────────────────────────────────────────────────────────────
─────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Жұмысты бастау: күні ───────────────────── уақыты ───────────────────────
Жұмысты аяқтау ─────────────────────── уақыты ───────────────────────────
Жұмыс орнын дайындау жөніндегі шаралар
1-кесте
Өшірулер жүргізу мен жерге қосу орнатылуы тиіс электр қондырғыларының атауы | Не өшірілуі және қай жерде қосылуы тиіс |
1 | 2 |
| |
| |
| |
| |
| |
Апаттық дайындық уақыты ─────────────────────────────────────────────────
Жеке нұсқаулар ─────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Жүктелімді берді: күні ──────────────────── уақыты ────────────────────────
Қол қоятындар ───────────────────────────── Фамилия ───────────────────────
Рұқсаттамаға рұқсат беру
2-кесте
Рұқсаттамаға рұқсат алған (лауазымы, фамилиясы мен қолы) | Рұқсаттамаға рұқсат берді күні, уақыты қызметкердің қолы |
| |
| |
| |
| |
| |
Жұмыс орны дайындалды, даярланды, кернеу астында қалды
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Рұқсаттама беруші ─────────────────────────────────────────────────────────
(қолы)
Жетекші (Жұмыс өндірушісі және бақылаушы) ────────────────────
(қолы)
Жұмысқа күнделікті жіберу және аяқтау
3-кесте
Бригадаға түсіндірілген және Жұмыс аяқталды, дайындалған жұмыс орнына жіберілді Бригада таратылды |
Жұмыс орнының атауы | Күні, уақыты | Қол қойғандар | Күні, уақыты | Жұмыс өндірушісі қолы (бақылаушы) |
Рұқсаттама берілген | Жұмыс өндірушісі қолы (бақылаушы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Бригада құрамындағы өзгерістер
4-кесте
Бригадаға енгізілді (фамилиясы, аты-жөні, тобы) | Бригададан шығарылды (фамилиясы, аты-жөні, тобы) | Күні, уақыты | Рұқсат беру (қолдары) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| | | |
| | | |
| | | |
Жұмыс толық аяқталды, бригада таратылды, бригадамен орнатылған жерге
ұштаулар алынып тасталды
Хабарланды ──────────────────────────────────────────────────────────
(кімге, лауазымы) (фамилиясы)
Күні: Уақыты:
Жұмыс өндірушісі
Немесе бақылаушы ───────────────────── жұмыс жетекшісі ──────────
(қолы) (қолы)
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
N 314 бұйрығымен бекітілген
Электржелілік Ережелерге
2-қосымша
Ұйғарынды ағындарды есептеулерге негізгі талаптар
1. Негізгі қағидаттар
Желі не қима бойынша ағын келесі жәйттермен шектеледі:
1) ЭЖЖ мен жабдықтың ұйғарынды ток жүктемесімен;
2) Қалыпты және апаттан кейінгі түзімдердегі орнықтылықтың нормативтік қорымен.
Ұйғарынды ағындарды есептеу талаптарын анықтайтын негізгі нормативтік құжатқа "Энергожүйе орнықтылығы бойынша басшылық нұсқаулары" жатады. Бұл құжатта энергожүйелерді орнықтылау шарттары бойынша қималардағы активті қуат жөніндегі статикалық орнықтылықтың ең төменгі қор коэффициенті (Кр) мен жүктеме түйіндеріндегі кернеу бойынша коэффициенті (Кu) нормаланады. Сонымен қатар, динамикалық орнықтылық та, апаттан соңғы түзімдердегі статикалық орнықтылықтың нормаланған қор коэффициенттері де қамтамасыз етілуі тиіс.
Орнықтылық талаптары бақыланатын ЭЖ мен қималар бойынша активті қуаттың ұйғарынды ағындарын таңдауға белгілі бір ықпал жасайды. Ұйғарынды ағындар ең жоғары ұйғарындылар мен апаттық ұйғарындыларға бөлінеді.
1.1. Статикалық орнықтылыққа талаптар
Статикалық орнықтылық деп жүйенің шағын ұйтқулар кезінде бастапқы жұмыс түзімін дербес қалпына келтіруді түсінеміз. Статикалық орнықтылық жүйенің қалыптасқан жұмыс түзімі болуының қажетті шарты болып табылады. Энергожүйенің осы түзімі үшін статикалық орнықтылығының қоры оның орнықтылық шекарасына жақындығымен анықталады, ол орнықтылықтың апериодтық не тербелістік бұзылуымен шарттасылуы мүмкін.
Статикалық орнықтылық қоры Кр және Кu коэффициенттерімен сипатталады, олар келесі формулалармен анықталады:
Pnp-Р-/\Р§
а) Кр=------------,
Р
мұндағы Р - бастапқы түзімде қарастырылатын қима арқылы өтетін активті қуат; Pnp - статикалық орнықтылық бойынша шектік түзімдегі; /\Р осы қимадағы активті қуаттың бейреттік тербелістерінің амплитудасы.
U-Ukp
б) Кu=----------,
U
мұнда U - бастапқы түзімде жүктеме түйініндегі кернеу; U кр шекараға сәйкес сол түйіндегі шетінді кернеу, одан төмен қозғалтқыштардың статикалық орнықтылығы бұзылады.
Активті қуат пен кернеу жөніндегі қор коэффициенттерінің мәндері "Басшылық нұсқауларда" талап етілгендерден кем болмауы тиіс:
Ең жоғары ұйғарынды ағындар кезінде Кр = 0.2, Кu = 0.15;
Апаттық ұйғарынды ағындар кезінде Кр = 0.08, Кu = 0.10.
1.2. Динамикалық орнықтылыққа талаптар
Динамикалық орнықтылық жүйенің кенеттен түзімнің шалт бұзылуларында, мәселен, қысқа тұйықталулар, желілердің ажырауы кезінде және т.б. жұмысын жалғастыра беру қабілетімен айқындалады.
Нормативтік ұйтқулар
бұл кезде қима бойынша ең жоғары ұйғарынды ағын түзімінде апатқа қарсы басқаруды ескере отырып, динамикалық орнықтылық қамтамасыз етілуі тиіс:
Қалыпты тәсім үшін:
1) қосфазалы, жерге ҚТ-мен, табыссыз АПВ-мен ажырауы;
2) бір ажыратқыштың істен шығуымен, УРОВ әрекетімен және табыссыз АПВ-мен бірфазалы ҚТ желісі элементінің ажырауы;
3) ортақ тіреулерде құрастырылған қостізбекті желінің екі тізбегінің немесе қысқалау желінің жартысынан ұзын ортақ дәлізде орын тепкен екі желінің бірден ажырауы;
4) генератордың не жоғары кернеу жағындағы ортақ ажыратқышы бар
генераторлар блогының ажырауы салдарынан қуаттың апаттық бейбалансының туындауы.
Жөндеу тәсімі үшін:
1) қосфазалы, жерге ҚТ-мен, табыссыз АПВ-мен ажырауы;
2) бір ажыратқыштың істен шығуымен, УРОВ әрекетімен және табыссыз АПВ-мен бірфазалы ҚТ желісі элементінің ажырауы;