2) Орталықтандырылған диспетчерлендіруге жататын өндіруші қондырғылардағы өндіруді автоматтық басқару;
3) Жүктемені реттеу.
619. Осы бөлімнің мақсатына ТО-ға келесіні қысқа мерзімде орындау үшін барынша мүмкіншілікті беру жатады:
1) Жүйе жиілігін осынау ЭЖЕ-дегі осы 12-тарауында келтірілген жиілік жөніндегі стандарттардың талап етілген деңгейінде ұстау.
2) Тәуліктік кестеде жиілікті реттейтін басқа мемлекеттің энергетикалық компаниясымен келісілген қуаттың келісім-шарттық ағындарын қолдау.
620. Осы бөлім мыналарға таралады:
1) ТО-ға;
2) Кернеуі 10кВ және 35кВ электр желісіне тікелей қосылған өндіруші қондырғылары бар ЭӨҰ-н кіргізген ЭӨҰ-на;
3) Кернеуі 110кВ және одан жоғары электр желісіне тікелей қосылған жүктеме тұтынушыларына.
621. Қазақстан БЭЖ жиілікті реттеу жөніндегі стандарттарда белгіленген талаптар шеңберінде жүйенің жиілігін қолдау үшін жұмыс істейді. Осы талаптар жиілік пен қуат ағындарын реттеу жөніндегі 3-Қосымшаға тіркеледі. Барлық стандарттарды сақтауға бағытталған бүкіл шаралардың қабылдануын ТО қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қазақстан БЭЖ-де жұмыс істейтін барлық тараптар ТО-ның қойылған міндетке қол жеткізу мақсатындағы берген өкімдерін орындайды.
Қазақстан БЭЖ-нің Ресей БЭЖ-мен және Орталық Азия БЭЖ-мен бөлекше жұмыс түзімі кезінде осы Ережелердің 3-Қосымшасында келтірілген жиілікті реттеу стандарттары тек қана Қазақстан БЭЖ-не жатқызылады.
Ресей БЭЖ-мен және Орталық Азия БЭЖ-мен қосарлы жұмыс түзімі кезінде жиілік жиілікті реттеудің шарттарына сәйкес қолдау табады.
622. Қазақстан БЭЖ-нің көтерме рыногындағы әрбір қатысушы тұтынудың өндіру, сальдо-ағындары үшін берілген диспетчерлік тәуліктік кестесін (жиілік бойынша түзетімімен) атқаруы тиіс және оларды сақтауды өз күші мен қаражаты есебінен іске асырады. Қалыпты түзімде жиілікті не келісім-шарттық мемлекетаралық сальдо-ағынды қолдау ЭҚЭКР қатысушыларының тәуліктік кесте бекіткен сальдо-ағынын сақтау арқылы жүзеге асырады.
623. Қалыпты түзімде ТО Қазақстан БЭЖ-де не басқа мемлекеттердің жиілік реттегіш бірлестігімен жиілікті не сальдо-ағынды реттеу жөнінде қажетті үйлестіруді жүзеге асырады.
624. Технологиялық бұзылыстар туындаған кезде ТО олардың алдын алу мен жою жөніндегі ЭЖЕ-не сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. ТО-ның жиілік пен қуат ағындарын реттеу жөніндегі осы бөліміне сәйкес ЭҚЭКР қатысушыларына берген нұсқаулықтары орындауға міндетті болып табылады.
625. ТО техникалық талаптардың орындалуына бақылау жасау үшін ЭҚЭКР субъектілеріне жүйелік сынақты жүргізу құқысына ие. Жүйелік сынақ пен тексеру осы Ережелердің 4-бөліміне сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
626. Қазақстан БЭЖ-дегі өндіруші қуатты апаттық кеміткен кезде кернеуі 10кВ және 35кВ желіге қосылған өндіруші қондырғылары бар өндіргіштерді кіргізген ЭӨҰ-ның , кернеуі 35кВ және одан жоғары желіге тура қосылған жүктеме пайдаланушыларының қызметкерлері ТО-дың үйлестіруімен:
1) ЖЭС-тегі айналмалы резерв және ГЭС-тегі резервті жұмылдыру есебінен оқшау жұмыстың жиілігін немесе қосарлас жұмысты қалпына келтіруі (соның ішінде ЭҚР ПУЛы арқылы);
2) өндіруді апаттық кеміткен электр стансасында немесе өзара резервілеу шарттары бар электр стансаларда салқын резервті өрістетуі (соның ішінде ЭҚР ПУЛы арқылы);
3) өндіруді апаттық кеміткен өндіруші жүктемесінің тұтынушылары үшін шектеу енгізуі, шектеуді енгізген сайын реттеуге тартылған ЖЭС пен ГЭС-тің жүктемесін босатуды жүргізуі тиіс.
Жиілік немесе қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерге шарты жоқ ЭҚЭКР қатысушыларының жұмыс түзімі нормативтік құжаттарда баян етілген талаптарға сәйкес айқындалады;
4) шектеуші пайдаланушылардың электржабдықтауы резервтің өрістеуі бойынша қалпына келтірілсін.
627. Жүйелік сипаттамалар мен резервтер электр энергиясын өндірушілермен және басқа пайдаланушылармен қамтамасыз етіледі. Бұл қызметті орталықтан ТО үйлестіреді, оған БЭЖ жиілігін реттеу жөніндегі стандарттарға сәйкес жүйенің жиілігін қолдауды қамтамасыз ету үшін кез келген уақытта мүмкінділі резервтің дәл мөлшерінің болуына жауапкершілік жүктеледі.
628. Жүйелік сипаттамалар мен резервтер мынаны жасауы тиіс:
1) Жүктеменің және/немесе өндіруші қондырғының көлеміндегі өзгерістерден жүйедегі жиіліктің елеусіз тұрақты өзгерістеріне селт ету;
2) Электр энергиясын жалпы көлемде өндіру мен тұтынудың шұғыл өзгерістерінен туындаған жүйедегі жиіліктің терең өзгерістеріне, мәселен, өндіруші қондырғының жоғалтуларына не жүктеменің жалпы қажеттілігіндегі жиі кездеспейтіндерге селт ету.
629. Жиілік сипаттамасы - жүйедегі жиілік өзгерістеріне автоматтық селт ету. Ол 702-708-тармақтарында егжей-тегжейлі сыйпатталғандай бастапқы және қайтармаға бөлінеді.
630. Жиіліктік сипаттама өндіру мен тұтыну тұтастығының бірлігі қағидасына негізделеді және барлық энергожүйеде қамтамасыз етіледі. Өндірілген және тұтынылған активті қуат арасында тепе-теңдік бұзылған кезде ортақ жүйеде қосарлас жұмыс істейтін, жиіліктің реттелуін қамтамасыз ететін бүкіл электр энергия өндірушілері жаңа тепе-теңдік балансын жасауға қатысады.
631. Жиіліктік сипаттама жүйе жиілігінің азаюы не ұлғаюын тоқтату және оны берілген деңгейде қалпына келтіру үшін ортақ жүйедегі активті қуат өндірімінің тез ұлғаюын не кемуін айқындайды. Әдетте, жүйенің берілген деңгейі атаулы түрде 50 Гц-ті құрайды немесе айрықша жағдайларда бұл жиілік реттейтін энергожүйе яки ТО жиілікті қалпына келтіруге өкім беретін өзге деңгей болады.
632. Жиілікті бастапқы реттеу электр станса турбиналарының айналу жылдамдығы реттегіштерінің әрекеті есебінен атқарылады.
Электр стансаның жиілікті бастапқы реттеуге қатысу әдетте турбинаның айналу жылдамдығының реттегішін баптау түзіміне тәуелді.
Электр стансалар турбинаның айналу жылдамдығын реттегіштің жұмыс түзімін ТО-мен келістіруі тиіс.
633. Бастапқы реттеу аралығы - бұл қуаттың реттеу саласы, мұнда бастапқы реттегіштер жиілік ауытқыған кезде екі бағытқа да автоматты түрде селт ете алады. Бұл аралық бастапқы реттеуге қатысатын турбиналардың атаулы қуатының 5%-нен кем болмауы тиіс.
634. Бастапқы реттеу үшін қуат резерві Қазақстан БЭЖ электр стансаларының жалпы қуатының 2,5%-нен кем болмауы және мүмкін көп генераторлардың арасына таратылуы тиіс.
635. Бастапқы резервтің жұмылдыру уақыты ТО талаптарына сәйкес болуы керек.
636. Турбиналардың айналу жылдамдығын реттегіштерінің статизмі 5%-дан аспауы, ал сезбеушілік дәрежесі ең 5%-дан аспайды, ал сезбеушілік дәрежесі ең төмен, кез келген жағдайда - 0.2 Гц-тен аспауы тиіс.
637. Жиілік не қуат ағындарының сальдосын қайталай реттеу Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің үйлесімді-біріктіргіш қағидасымен немесе қолдан жұмыс істейтін жиілік пен қуатты автоматтық реттегіштер (ЖҚАР) көмегімен жүзеге асырылады.
638. Қайталай реттеу аралығы - қайталай реттегіш қуаттың реттеу аралығы. Онда қайтарма реттегіш (немесе диспетчер) автоматты түрде (не қолдан) қарастырылатын уақыт тұсында жұмыс нүктесінен екі бағытқа қимылдай алады.
Қайтарма резерв - бұл жұмыс нүктесі мен қайталай реттеу аралығының ең жоғары мәні арасында орналасқан қайталай реттеу аралығының оң бөлігі.
Қазақстан БЭЖ-дегі осы резервтің жиынтық шамасы ең ірі агрегаттың қуатынан кем болмау немесе ауытқуы БЭЖ-нің ағымдық тұтынуының 8%-на дейін болуы тиіс.
639. Қайталай реттеудің жұмылдыру уақыты ТО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
640. Қазақстан БЭЖ-нің жиілік сипаттамасы сынақ арқылы анықталады және мұндай деректер жоқ кезде статизм 4%-ға тең деп қабылданады.
641. Тұрақты резерв - жиіліктің бастапқы және қайтарма жиілігін қамтамасыз ету үшін активті қуаттың жеткілікті резервін қалпына келтіруді кепілдейтін генератор. Тұрақты резервті қамтамасыз ететін генераторды ТО жасасқан шарттарға сәйкес айқындайды. Тұрақты резервті іске қосу келесі жағдайларда автоматты түрде не қолдан атқарылады:
1) төтенше оқиға болып өткеннен кейін бастапқы жиілік сипаттаманы және/не қайтарма жиілік сипаттаманы өзгерту кезінде, бұл керекті жиілік сипаттамасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді;
2) болжанған оқиға кезінде запастағы резерв ретінде;
3) электр энергияның үдемелі жоғалтулар жағдайына қосымша резервті ұсыну.
642. Резерв резерв уақтысында іске қосылатындай және бастапқы жиілік сипаттамасы мен/немесе қайтарма жиілік сипаттамасын қалпына келтіру мүмкіндігі болатындай белсенді болуы тиіс.
643. Тұрақты резервте мыналар болады:
1) үндесу қондырғысы;
2) тоқтап тұрудағы қондырғы;
3) үзіктік жүктеме.
644. Үндесу қондырғысы тұрақты резервті келесі жағдайларда қамтамасыз ете алады:
1) жүйеге үндескен, бірақ бос істейтін өндіруші қондырғылар;
2) ең жоғары өндірілуінен төмен өндірім қуатымен жұмыс істейтін өндіруші қондырғылар.
645. Тоқтап тұрудағы қондырғы талап етілген уақыт шегінде резерв енгізуді қамтамасыз ететін шарт кезінде тұрақты резервті қамтамасыз ете алады.
646. Тұтынушылардың қосымша жүктелімдерін ажырату (үзіктік жүктелім) тұрақты резервті енгізу жөніндегі шаралар ретінде қолданылуы мүмкін.
647. Резервті қолдану мүмкіндігі ең болмағанда 4 сағат бойы қамтамасыз етілуі тиіс.
648. Орнын басу резерві - жұмысқа қосылған соң тұрақты резерв шамасын сақтау мақсатында үздіксіз істейтін генераторлар. Орнын басу резервін қамтамасыз ететін электр стансалары ТО-мен келісілген резервті жұмылдыру мерзімінде жұмысқа әзірлігі мақсатында алдын ала анықталады. ТО осы атқарымды орындайтын электр стансаларда орнын басу резервін дер кезінде енгізуді қамтамасыз етеді. ЭӨҰ ТО-ды орнын басу резервтерінің көлемдері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.
649. Орнын басу резервін енгізу шұғыл жүргізіледі және келесі мән-жайларда қажет етіледі:
1) өндіруші қондырғының істен шығуы секілді айрықша мән-жайлар;
2) бастапқы көзден қалпына келе алмайтын өндірудің ұзақ уақыт жоқтығы.
650. Орнын басу резерві қажетті жиілік сипаттамасын ұзақ мерзімдік мезгілде қамтамасыз ету үшін тұрақты резервті сақтауға мүмкіндік жасайды.
651. Қажетті уақыт шегінде резервті енгізу қамтамасыз етіледі деген шартпен орнын басу резервінде мыналар болады:
1) жылу электр стансаларында ыстық резерв түзіміндегі генераторлар.
2) гидрогенераторлар.
652. Орнын басу резерві жұмысқа 60 минут шеңберінде кірісуі және толық қуатқа ең қысқа мерзімде шығуы тиіс. Резерв енгізу себептерін жойғанға дейін орнын басу резервінің белгісіз мерзімге үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс.
653. ТО жиіліктің ұлғаю жағына қарай ауытқуы кезінде жиілікті қолдау үшін резервтердің жеткіліктігін кепілдеуі тиіс.
654. Жиілік 50 Гц деңгейіне көтерілген кезде бүкіл электр стансалары технологиялық шектелу шеңберінде өндірудің кемуіне қатысуы тиіс.
655. Жоғарғы жиілік бойынша реттеуді қамтамасыз ететін электр стансаларды ТО айқындайды.
656. Барлық гидроөндіргіш қондырғылар жұмыс күйінде автоматтық жиілікті-сезгіштік түзімде жұмыс істеуі тиіс және жылу электр стансаларының барлық өндіруші қондырғылары жүктеменің өзгертілуін ұйғарынды шекте қамтамасыз етуі тиіс. Айрықша жағдайларда ТО техникалық ақаулық не жабдықтың орнықсыз жұмысы кезінде өндіруші қондырғылардың жиілікті реттеуге қатыспауына уақытша рұқсат беруі мүмкін.
657. Өндіруші қондырғылардың қуат өндіруіндегі өзгерістерден жүйедегі жиілік өзгерісі кезінде берілген жиілікті реттеуге қатысатын электр станса операторы адам өміріне қауіп төндіретін және жабдық зақымдануынан басқа жағдайларда өндірімнің көтерілуіне/төмендеуіне кедергі жасамауы тиіс.
658. Өндіруші қондырғыларға төменде келтірілген талаптар міндеттілі болып табылады және егер ТО осы талаптарды алып тастамаса, ең қажетті талаптарды көрсетеді.
Электр стансалары турбиналардың айналу жылдамдығына қалыпты енгізілген реттегіштермен жұмыс істеуі тиіс.
Электр стансалары турбиналардың айналу жылдамдығы реттегіштерінің жұмыс түзімін ТО-мен келісіп алуы тиіс.
659. Турбиналардың айналу жылдамдығы реттегіштерінің статизмі 5%-дан аспауы тиіс.
660. Турбиналардың айналу жылдамдығы реттегіштерінің сезбеушілік аймағы - 0,2Гц-тен жоғары болмауы тиіс, бұл 0.04%-ды құрайды.
661. Тәуліктік кестені бағамдау жылдамдығы.
Тәуліктік кестені бағамдау жылдамдығы ТО-дың белгілеген талаптарына сәйкес болуы тиіс.
662. Әрбір өндіруші қондырғы шығудың қалыпты қуаттан (20)% мөлшерінде үздіксіз өзгеруімен жиіліктегі қадамдық өзгеруіне селт ету қабілетіне ие болуы тиіс.
663. Қазақстан БЭЖ бөлігі оқшауланған жұмысқа бөлінген кезінде жоғарыда келтірілген талаптар энергожүйенің бөлінген бөлігі үшін күшіне ие. Алайда, көптеген жағдайларда барлық талаптардың толық көлемінде орындалуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да мұндай жағдаятта бірінші кезектегі міндетке Қазақстан БЭЖ-нен БЭЖ-нің бөлінген бөлігінің қосарлас жұмысын қалпына келтіру жатады.
664. Жиілік пен қуат ағындарын реттеу жөніндегі бөлімде жан-жақты сыйпатталған жиілік реттеуіне бүкіл талаптар Қазақстан БЭЖ-нің қалыпты атқарымдануын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Сонда да кейбір жағдайларда резервті аймақтар бойынша жайғастырудың қосымша қажеттіліктері болуы мүмкін (аймақтық резерв). ТО рыноктың жағынан негіздемелі талап кезінде осы шешімді қабылдау жөнінде түсінік береді.
665. ТО ЭҚЭКР қатысушыларынан олардың техникалық талаптарды орындау қатысында ақпарат сұрату құқысы бар.
666. Жиілік пен қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсету құны ЭҚЭКР қатысушыларының шарттары негізінде есептеледі.
12-тарау. Кернеуді бақылау
667. Кернеуді реттеу жөніндегі осы тарау кернеу мен реактивті қуатты реттеу бойынша кернеу мен техникалық жабдықты реттеу қатысында талаптар мен өлшемдерді анықтайды.
668. Осы бөлімнің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) жеткізу кезіндегі барынша аз жоғалтулармен бірге кернеудің қажетті деңгейлерін қамтамасыз ету үшін электржеткізу торабында және сонымен байланысты пайдаланушылар жүйелерінде кернеу деңгейлеріне қол жеткізу жөніндегі қауымдастыру талаптарын белгілеу;
2) электржелілік компанияларға өздерінің тарқатушы желілерінде тиісті кернеу деңгейлерін белгілеу;
3) электр желісінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және тұтастығын қолдау;
4) электр желісі мен пайдаланушы кәсіпорнына зиян келтіруден қашу;
5) осы тарауда көрсетілген шеңберде пайдаланушылардың жалғаным нүктелерінде кернеуді ұстау.
669. Осы тарау келесі тараптарға таралады:
1) ТО;
2) электржелілік компанияларға;
3) энергия өндіруші ұйымдарға;
4) тұтынушыларға.
670. БЭЖ-де кернеуді бақылау мынаны қамтамасыз етуі тиіс:
1) тұтынушыда қажетті кернеу;
2) электр стансаларымен желілерінің жабдығы үшін ұйғарынды мәндер шегіндегі кернеу деңгейлері;
3) Қазақстан БЭЖ электр стансаларының сенімді қосарлас жұмысымен жүйе орнықтылығы;
4) Қазақстан БЭЖ жүйеаралық байланыстарының өткізу қабілеті;
5) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясы жоғалтуларының барынша азайтылуы.
671. ТО электр берілісінің жеткізу желісіндегі кернеудің оңтайлы деңгейлерін қолдауға жауап береді, ал электржелілік компаниялар тарқатушы желілер үшін жауап береді.
672. БЭЖ-дегі кернеуді бақылау келесі талаптарға жауап береді:
1) реактивті қуат жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
2) кернеуді динамикалық реттеуге жеткілікті реактивті қуатын қамтамасыз ету:
кернеуді қалыпты түзімде реттеуді қамтамасыз ету үшін;
қысқа тұйықтаулар жағдайында кернеудің кемуін шектеу үшін;
3) статикалық және динамикалық реактивті қуат резевтерін көрсету.
673. Жабдықтың зақымдануын болдырмау және БЭЖ мен пайдаланушылардың тұрақты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшін кернеу деңгейлері БЭЖ-нің қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ келесі кестелерде көрсетілгендей, ұйғарынды мәндер шеңберінде болуы керек.
Қазақстан БЭЖ-нің барынша үлкен жұмыс кернеулер
12.1-Кесте
Атаулы кернеу | Ең үлкен жұмыс кернеуі | Кернеудің ең жоғарғы ауытқуы |
1150кВ 1200кВ Макс. ───── 500кВ 525кВ Макс. ───── 220кВ 252кВ Макс. ───── 110кВ 126кВ Макс. ───── 35кВ 40.5кВ Макс. ───── 10кВ 12кВ Макс. [-10%+10%] 6кВ 7.2кВ Макс. [-10%+10%] |
674. Әрбір электржелілік компания бекітілген кернеу кестесі мен
12.1-кестеге сәйкес өз қосалқы стансаларында кернеу деңгейлерін ұстайды.
Кернеу сатылы құрылым бойынша кернеудің жоғарғы сыныбынан төменгісіне
дейін мына дәйектемемен реттеледі: 1150, 500, 220, 110, 35, 10кВ, 6кВ
және 0,4кВ.
675. Ең жоғарғы мәндер негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары
негізінде белгіленеді, ал ең төменгі мәндер БЭЖ бен барлық өндіруші
қондырғылардың орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету шартынан ТО-мен
және электр желілік компаниямен есептеледі әрі белгіленеді.
676. Кесте берген шекте энергожүйенің бақылау нүктелерінде кернеуді
реттеу өкілетті диспетчерлік орталық энергожүйе мен оның жекелеген
тораптарында реактивті қуаттың тиісті тепе-теңдігін ұстау, электр
желілерде реактивті қуат ағындарын артық тарату жолымен жүзеге асырылады.
Реактивті қуаттың ағындарын оңтайлы басқару - электр желілерде электр
энергиясының жоғалтуларын азайту құралдарының бірі. Реактивті қуаттың
ағындары электр стансаларының генераторларында және үндестік
қарымталауыштарда орнатылған шалт қимылды автоматтық қоздыруды
реттегіштермен, трансформаторлар мен автотрансформаторлардағы
реакторлармен және автоматтық кернеу реттегіштермен, жабдықталған РПН
құрылғыларымен реттеледі.
677. Кернеу мен реактивті қуатты реттеудің негізгі мақсаттары келесі
екі негізгі құбылысқа ие:
1) Активті қуаттың ең төменгі жоғалтуларына қол жеткізу үшін
реактивті қуаттың ағындарын шектеу;
2) Жүйеде кернеу деңгейлерін қолдау үшін реактивті қуаттың қажетті
балансын қамтамасыз ету, сөйтіп электр желінің орнықты да қауіпсіз
жұмысын қамтамасыз ету.
Өндірілген реактивті қуат пен тұтынылған реактивті қуаттың
арасындағы баланс жүйенің техникалық және жегімдік сипаттамаларының
күшімен аймақтық деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс.
678. ТО қолдана алатын кернеуді реттеу тәсілдері келесіні кіргізеді:
1) Электр желісінің жабдығы:
Трансформатор анцапфтарын ауыстырып қосу;
Желілерді коммутациялау ;
Реакторлар мен конденсаторларды коммутациялау;
Реактивтік қуатты статикалық қарымталауыштар (РҚСҚ);
2) Өндіруші жабдық:
Өндіруші қондырғының реактивті қуатын өндіру;
Өндіруші қондырғының трансформатор анцапфтарын ауыстырып қосу;
3) Электр энергия тұтынушыларының жабдығы:
қуат коэффициентін түзету.
679. Кернеуді реттеу мақсатына реактивті қуаттың ағындарын
оңтайландыру жатады. Осы мақсатпен кернеудің оңтайлы деңгейлері
қамтамасыз етіледі. Бұған қол жеткізетін стратегиялар келесі:
1) кернеуді үшіншілік реттеуге сәйкес қолдан реттеумен бірге
оңтайландыру;
2) шынайы уақыт түзіміндегі операциялар деректері негізінде дербес
зерттеулер мен шешімдер.
680. Барлық өндіруші қондырғылар автоматтық кернеу реттегішімен
(АКР) реттелетін және үндескен жағдайдағы тұрақты іс-қимылда әрі
автоматтық түзімде жегімденетін қоздыру жүйесіне ие болуы тиіс.
681. ЭӨҰ АКР-ті әрекеттен шығаруы не шектеуі келесі жағдайларда
болады:
1) қызметкерлер мен/немесе жабдықтың қауіпсіздігі үшін;
2) өндіруші қондырғының сенімділігін қамтамасыз ету үшін;
3) шектеу ТО мен электр энергия өндірушісі арасында алдын ала
келісілген.
682. Егер өндіруші қондырғы АКР-тің бақылауымен жегілмесе, ТО электр
энергетикалық жүйенің жұмыс қауіпсіздігін тіпті өндіретін қондырғының
өшірілуіне дейін ұйғарылған стандарттар шеңберінде қамтамасыз етуге
қажетті дәрежеде шектеу салуы мүмкін.
683. Кернеуді және реактивті қуатты реттеу үш бөлек үлгіге бөлінуі
мүмкін - бастапқы, қайтарма және үшіншілік.
684. Кернеуді бастапқы реттеу - бұл кернеу мен реактивті қуатты
минут сайын реттеу. Көптеген жағдайларда реттеу автоматты түрде арнаулы
жабдықпен жүзеге асырылады.
685. Кернеуді бастапқы реттеу АКР өндіруші қондырғысымен, үндестік
қарымталаушылар ретінде әрекет жасайтын өндіруші қондырғылармен және
реактивті қуаттың статикалық қарымталаушысы (РҚСҚ), үндестік қарымталаушы
(ҮҚ) ретіндегі басқарылмалы қарымталаушы құрылғылармен атқарылады.
686. АКР-мен өндіруші қондырғылар кернеудің ауытқу фактісі бойынша
реактивті қуат өндірімін тез өзгерту мүмкіндіктеріне ие болады.