801. РҚ-ның тағайыншамаларын таңдау және келістіру кезінде оларға негізгі талаптар сақталуы тиіс, соның ішінде:
1) ҚТ туындаған кезінде кез келген түрдегі желі элементінің екі жағынын тез де сенімді ажыратуды қамтамасыз ету;
2) қалыпты, жөндеулік және апаттан кейінгі жұмыс түзімдерінде артық ажыратуларсыз электр желісінің барлық элементтері бойынша ұйғарынды қуат ағынын қамтамасыз ету;
3) істен шыққан қорғаныштардың немесе ажыратқыштың резервілеуін қамтамасыз ету;
4) ҚТ-ды ажыратқаннан соң ажыратқыштарды автоматтық қайта қосуды (АҚҚ) ӘЖ-нің екі жағынан АҚҚ-ға рұқсат ететін қорғаныштардың әрекетімен қамтамасыз ету;
5) қабылданған жегу түзімдерінде динамикалық орнықтылықты қамтамасыз ету.
802. РҚ құрылғыларының тағайыншамаларын таңдауды және келістіруді әрі желідегі жекелеген элементтің РҚ тағайыншамаларын өзгертуді мына кездерде атқару қажет:
1) жегімге жаңа желілерді, электр стансаларын, қосалқы стансаларын және т.с.с. енгізгенде;
2) РҚ құрылғыларын жаңартқанда;
3) қалыптық жүйелік түзімдердің және желі тәсімі кескіндерінің жұмысы бұзылған кезде.
Жоғарыда көрсетілген қағидалардан ауытқулар осы тағайыншамаларды таңдау мен келістіруге қатысқан ұйымдар басшылығымен бекітіледі.
803. Тағайыншамаларды таңдау қағидалары нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Қағидалардан ауытқулар айрықша жағдайларда рұқсат етіледі. Электр жеткізу жүйесі үшін ТО тағайыншамалардың кез келген өзгерістерін келісімдеуді қамтамасыз етеді.
804. РҚ-ның барлық жүйелері іс-қимылдағы ережелер мен техникалық қызметтеудің нормалары негізінде жүргізілетін реттілі сынақтар мен техникалық қызметтеуден өтуі тиіс.
805. Реле қорғанышының тағайыншамалары немесе қорғаныш жүйесімен байланысты өзге мәселелер қатысында туындаған кез келген кереғарлықтарды нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
806. Қазақстан БЭЖ-нің алуан апаттық жағдаяттар кезіндегі қызметкерлердің қолмен істейтін операциялары ТО бекітетін "Қазақстан БЭЖ-нің 220-500-1150 кВ-тық желісінде апаттардың алдын алу, өршітпеу және жою жөніндегі Нұсқаулығы" (ары қарай - Нұсқаулық) негізінде реттелімденеді.
807. Нұсқаулықта әртүрлі нұсқаулармен қатар электр стансалар мен қосалқы стансалардың жедел жұмыскерлерінің қолымен жасайтын әрекеттерінің реті мен шарттары мыналармен байланысты айқындалған:
1) жиіліктің жоғарылауымен;
2) жиіліктің төмендеуімен;
3) кернеудің жоғарылауымен;
4) кернеудің төмендеуімен;
5) аймақаралық және аймақтық байланыстардың артық жүктемесімен;
6) асинхрондық түзім мен синхрондық тербеулердің туындауымен;
7) Қазақстан БЭЖ-нің бөлінуімен;
8) 220-500-1150 кВ-тық ӘЖ-нің зақымдануымен және ажыратылуымен;
9) өндіруші қуаттың елеулі бөлігінің жоғалуымен;
10) ажыратқыштар мен айырғыштардың зақымдануымен;
11) РҚ және АА құрылғыларының ақауларымен және істен шығуларымен.
808. Осы Нұсқаулық негізінде энергорынок субъектілері өз энергообъектілерінің жедел қызметкерлері үшін апаттарды жою жөнінде жергілікті Нұсқаулықтарды жасақтауы тиіс.
809. Толық өшіру - БЭЖ-де барлық өндірім тоқтатылып, ешқандай электр қоректендіру болмайтын жағдаят. Осындай мән-жайларда ТО-дың басшылығынсыз (ұйғарымынсыз) электр желісі атқарымының түзімін автоматтық қалпына келтіру мүмкін емес.
810. Ішінара өшірілу - бұл БЭЖ-нің жекелеген бөлігінде электр энергиясын өндіруді толық тоқтату.
811. Толық токтан ажырату не ішінара токтан ажырату ішінде және ары қарайғы қалпына келтіру ішінде осы Ережелерде немесе БЭЖ үшін сенімділік стандарттарында баяндалған сенімділіктің қалыпты стандарттары қолданыла алмайды. Толық өшіру кезінде нарықтық шаралар орындалуы мүмкін және ТО-дың шешімі бойынша қайта жандануы мүмкін. Ішінара токтан ажырату кезінде қалыпты нарықтық шаралар мыналармен байланысты өшірілген және ТО-дың шешімі бойынша қайта жандана алатын бөлігінде қолданылмайды. Қажет жағдайда ТО токтан ажыратылмаған электр желісінің басқа бөліктерінде нарықтық шаралардың тежелуі туралы шешім қабылдайды.
Кейбір гидроэлектр стансалары мен өндіруші қондырғылар ТО-да токтан ажыратылғаннан кейін сыртқы электрлік қоректендіру көзінсіз іске қосылу қабілетіне ие ретінде тіркеледі.
812. Токтан толық ажырату кезінде ТО БЭЖ-нің барлық компанияларына және пайдаланушыларға толық ажырату болады және ТО қара стартты жүзеге асыруға, сондай-ақ "нольден бұрылудың" басталуы туралы хабарлайды.
Ішінара токтан ажырату жағдайында ТО электр желісінің токтан ажыратылған барлық компаниялары мен пайдаланушыларына электр желісінің осы бөлігі токтан ажыратылды деп және ТО "нольден бұрылуды" жүзеге асыруға ниет етіп отырғанын, сондай-ақ электр желісінің токтан ажыратылған бөлігі үшін "нольден бұрылудың" басталуы туралы хабарлайды.
813. "Нольден бұрылу" - электр желісін Біртұтас электр энергетикалық жүйе ретінде қысқа мерзімде қалпына келтіру. Ішінара токтан ажырату кезінде "нольден бұрылу" шарасы толық ажырату үшін осыған ұқсас шара секілді, тек бұл біртұтас электр энергетикалық жүйенің бөлігі үшін қолданылады. Ішінара токтан ажырату БЭЖ-нің токтан ажыратылған жүйесін ғана қозғамайтын жәйтін қаперге алу маңызды.
Қалпына келтіру шарасы қалыпты атқарымдануын белгіленген тәртіпте сақтаған электр желісінің бөлігінен кернеуді беру деп бастауы тиіс.
Гидроэлектр стансалары олардың Қазақстан БЭЖ ОДБ-да тіркелінген қызмет көрсетулерін атқару үшін "нольден бұрылуды" қамтамасыз етуге дайын болуы және жарақталынуы тиіс. Бұл гидроэлектр стансалары кернеуді тез де тиімді беріп және Қазақстан БЭЖ-не электр желісін қосу барлық электр желісі бойынша айқындалуы тиіс. Гидроэлектр стансалары электр қорегінің негізгі де, қосалқы да көздері бола алады. Соңғы жағдайда күштемелі қондырғы кішірек еншілес күштемелі қондырғыны қоректендіру көзі ретінде қолдана отырып жұмыс істей бастайды.
Толық токтан ажырату немесе ішінара токтан ажыратудан кейінгі қалпына келу - бұл кейбір дәрежеге дейін анықталмаған шаралар кешені, сондықтан да "нольден бұрылудың" жіліктелген жоспары (тәсімі) иеліктегі гидроэлектр стансаларын қолдану мен жайғастыруға, олардың жегімдік сипаттамалары мен реттемелік аралығына, сондай-ақ электр желісінің жегімдік сипаттамаларына жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. "Нольден бұрылу" шарасын жасақтау және жүзеге асыруға жауапты ТО болып табылады.
ЭҚЭКР субъектілері "нольден бұрылу" шараларын іске асыру үшін электр стансаларының жүктемесін көтеру, тұтынушыларды шектеу (ажырату), электр желісінің тәсімін өзгерту жөніндегі ТО-ның барлық ұйғарымдарын орындауы тиіс.
814. Басқару үдерісінің барлық баспалдақтарында қаперге келесілер алынуы тиіс:
1) иелік өндіруші қуат электртұтынудан артық не оған сәйкес келетініне және тұтынушыны әрбір қосқан сайын электртұтыну қуат резервтерінің қажетті көтерілуін қамтамасыз ететініне көз жеткізуі керек;
2) жиілікті ұстап тұру үшін электр стансаларында реттеудің жеткілікті аралығы қамтамасыз етілуі тиіс;
3) желілік кернеуді жұмыс шектерінде басқару;
4) жылу электр стансалары реттегіштерінің пара-парлық іс-әрекетін қамтамасыз ету;
5) электр тұтынуды қалпына келтіруді қаншалықты мүмкін болғанша барынша тез де сенімді жүргізу.
815. "Нольден бұрылудың" тұтқалық кезеңдері мынадай:
1) электр желісінің тәсімін, электр стансаның негізгі жабдығының ахуалын білу;
2) қалпына келтіру жолдарын дайындау;
3) "нольден бұрылу" және кернеуді негізгі мен қосалқы электр стансаларынан беру;
4) әрбір кезең үшін желінің барынша сенімді де орнықты электр тәсімін жасау;
5) электр стансаларын үндестіру және ең ақыр аяғы - біртұтас электр тәсімін қалпына келтіру;
6) электр стансаларын үндестіру және ең ақыр аяғы біртұтас электр жүйесін қалпына келтіру;
7) электр тұтынуды толық қалпына келтіру.
Кезеңдердің кезегін өзгерту үшін "нольден бұрылу" бойынша шаралар жеткілікті түрде икемді болуы тиіс.
816. "Нольден бұрылу" жоспары (тәсім).
"Нольден бұрылу" үшін шара көрсетіледі, Қазақстан БЭЖ ОДБ Жоспарда (тәсімде) дүркін-дүркін жаңартады. Жоспарда (тәсім) ең аз дегенде келесі мазмұндалуы тиіс:
1) негізгі күштемелі қондырғылардың "нольден бұрылуға" тән өндіргіш күш шараларымен тізімі;
2) қосалқы күштемелі қондырғылардың "нольден бұрылуға" тән өндіргіш күш шараларымен тізімі, іске қосқан кезде олардың электр қорегін қамтамасыз ететін күштемелі қондырғының атауы;
3) шетіндік пайдаланушылардың атом электр стансаларын қосқандағы тізімі;
4) апаттық телефон нөмірлерінің жіліктелген тізімі;
5) тікелей (шұғыл) іске қосылуын тексеру тізімі, олар былайша атқарылуы тиіс.
"Нольден бұрылу" жоспарын ТО қамтамасыз етеді. Электр стансасы "нольден бұрылудың" біртұтас жоспарына және "нольден бұрылудың" жергілікті жоспарларына ие болуы тиіс. "Нольден бұрылудың" біртұтас жоспары мен "нольден бұрылудың" жергілікті жоспарлары Қазақстан БЭЖ ОДБ-мен, РЭӨҰ-мен, өндіруші компаниямен және тиісті АДО-мен бірлесе жасалады.
Күштемелі қондырғының жеке-дара жоспарларынан (тәсімдерінен) басқа осы жоспарларды (тәсімдерді) жасауды және үйлестіруді ТО қамтамасыз етеді. Барлық жоспарлар жыл сайын қайта қаралуы, жаңартылуы тиіс және егер де қажет болса БЭЖ-не тартылған барлық тараптарға қарағаны жөн.
817. ТО-ның диспетчерлік орталықтарында мынаны қарастыратын "нольден бұрылудың" бағдарламалары мен тәсімдері жасақталуы тиіс:
1) БЭЖ-н кері бұру үшін энергия көздерін, соның ішінде қосалқыларын айқындау;
2) кернеуді беру тәсімі мен электр желісіндегі қажетті ауыстырып қосулар;
3) электр стансалары мен тұтынушылардың электрмен жабдықтау тәсімдерін қалпына келтіру тәртібі;
4) электр стансалардың қосалқы және негізгі жабдықтарын іске қосу үшін іске қостыратын қазандықтар мен дизель электр стансаларын кері бұру;
5) кернеуді токтан ажыратылған аудандарға берген кезде асқын жүктемеге немесе кернеудің ұйғарынсыз деңгейлерге дейін көтерілуіне жол бермеу үшін желіні алдын ала бөлшектеуді қарастыру;
6) жағдаят тұрақтанып, электр стансасының кері бұрылуына қарай ЭҚЭКР субъектілерін "нольден бұрылу" барысы мен ТО-ның қалыпты жұмысты нарықтық қатынастарды кіргізе отырып жандандыру жөніндегі көздемелері туралы хабардар ету қажет.
818. Электр стансаның "нольден бұрылуға" әзірлігін іс жүзінде күтілетін және шынайы жай-күйде өткізілуі тиістілерге барынша жақын шарттармен жүргізеді. Кезінде жергілікті ішінара тексерулер болып табылады. Бұл шаралар электр стансаларының сыртқы қоректену көзінсіз кері бұрылуын және электр стансасының, қосалқы стансалардың, байланыс жүйесінің және басқарудың тексерілуін кіргізуі тиіс.
819. Байланыс, телеөлшеулер мен телесигналдау құралдары толық токтан ажыратудан соң энергожүйе жұмыс түзімін қалпына келтіру үшін негіз болып табылады. Байланыстың барлық тіршілік құралдарының, үшінші тұлғалардан электрмен қамтамасыз етілгендерін қоса отырып электрмен қоректендірудің толық жоғалуынан кейін ең болмағанда 24 сағат атқарымдануы тиіс. Кейбір басқарудың тұтқалы объектілері (басқару орталықтары) электрмен қоректену жоғалған соң жұмыстың ұзағырақ мерзімін талап ету мүмкін.
Басқару жүйелері сондай-ақ электр қоректенудің жоғалуымен үлгіленген апат жағдайында жыл сайын сынақтан өтуі тиіс.
820. Кадрларды даярлау және нұсқаунамалар.
Электр желісін қалпына келтіру үдерісіне тартылған жұмыскерлер қалпына келтірудің жолдарын іс жүзінде жүзеге асыруға дүркін-дүркін оқытылып-үйретілуі тиіс. Энергожүйенің үлгілемелік құрылғылары және столдағы машықтанулар жаттығу кезінде қолданылуы тиіс.
821. БЭЖ-нің (энерготораптың, электрқондырғысының) бөліктері бір-бірімен үндестіктен шыққан, бірақ толық не ішінара ажырату жоқ жерлерде ЭҚЭКР субъектілеріне қысқа мерзімнің ішінде қалыпты жұмысқа жету үшін өндіруді және/немесе электрмен жабдықтауды дербес реттеуге ТО рұқсат бере алады. ТО үндестік орын алған кезде пайдаланушыларға хабар беруі керек. Гидроэлектр стансалары байланысқан электр желісінің бөлігі электр желісінің қалған бөлігінен бөлінген және электр желісінің қалған бөлігімен үндесу құрылғыларының жоқ мән-жайларында энергообъектілердің жедел қызметкерлері ТО-ның нұсқаулары бойынша әрекет жасауы тиіс.
822. ТО-ның барлық басқару орталықтары электрмен жабдықтаудың стандарттық сапалары кезінде қажетті сенімділікпен жұмыс істеуге қабілетті болуы тиіс. Басқару орталықтарының біреуі не көп мөлшері айрықша мән-жайлардан жарамсыз болған жағдайда басқару орталықтарымен байланысы жоғалған кездегі басқару орталығының атқарымдарын дублерлерге тапсыра отырып іс-қимыл жоспары (тәсімі) іске кіріседі. Алдын ала Қазақстан БЭЖ-дегі барлық басқару буындарының дублерлеріне жұмысты құжатпен бекіту қажет.
823. Басқару орталығы дағдарысқа ұшыраған кезде іс-қимыл жоспарын ТО әзірлеуі тиіс және оған ең кемі мыналар кіру керек:
1) тапсырыс атқарымдарын басқару орталығынан орындалуын қамтамасыз ету үшін апаттық байланыстардың болуы;
2) дублерлердің жедел қызметкерлер тізімі;
3) басқару атқарымын тапсыру үшін жіліктелген шаралар.
Басқару орталығының дағдарысы кезінде іс-қимыл Жоспарын ОДБ мен АДО жүзеге асырады.
Осыған ұқсас жоспар олардың диспетчерлік бекеттерінің жоғалымдарын жабу үшін дублерлер ретінде электржелілік компаниялардағы ДО-н тарта отырып, АДО даярлауы тиіс.
824. Басқару орталығы дағдарысқа ұшыраған кездегі іс-қимыл жоспары қажетті аппаратқа кез келген жерде қол жеткізілетінін және жұмыскерлер өздеріне тапсырылған міндеттерді атқару үшін толық үйретілгенін кепілдейтін, тіршілік қабілетін айғақтайтын жыл сайын шынайы түзімде толық не ішінара тексеріліп тұруы тиіс.
825. Жойылатын жүйелік апат - бір тараптың электр қондырғыларындағы оқиға, ол ТО пікірінше, басқа тараптың электр қондырғысына салмақты және/не кең таралған әсерге ие болады немесе болуы мүмкін. Бір тараптың электр қондырғысындағы апат басқа тараптың қондырғысына әсер ете алмаса, мұндай апат жүйелі апат болып табылмайды.
826. Әрбір пайдаланушы ОДБ-мен және жергілікті электржелілік компаниялармен жазбаша түрде телефон нөмірлерімен алмасады, онда ұйымдар атынан шешім шығаруға өкілетті және тәуліктің 24 сағаты ішінде байланысқа шыға алатын басқарма өкілдері бар.
Жаңа пайдаланушылар телефон нөмірлері олар байланыс шартына қол қойған кезде қамтамасыз етіледі. Нөмірлер мазмұндалған ақпараттың өзгеруіне қарай жазбаша түрде берілуі тиіс.
827. Бұзылу туындаған кезде мынаны атқару қажет:
1) егер бұзылу пайдаланушының электрқондырғысында туындаса, бұл туралы ТО мен электржелілік компаниялар кез келген басқа пайдаланушылармен бірге хабарлануы тиіс;
2) егер бұл электржелілік компанияның электр қондырғысында болса, электр желілік компания осы туралы ТО мен барлық пайдаланушыларды хабардар етеді;
3) егер де бұзылуды алдымен ТО тапса, онда ТО бұл туралы электржелілік компаниялар мен пайдаланушыларға хабарлайды.
828. Электржелілік компанияны не пайдаланушыны бұзылудың орын алғаны туралы хабардар болған соң ТО егер қажет болса телефонмен қосымша ақпаратты беруі тиіс.
Бұзылу туралы хабарлама берілген кезде ТО бұзылудың шын мәнісінде орын алғаны мен жүйелі апат болғанын айқындауы тиіс және егер осылай болса ТО жүйелік апаттың себептерін анықтап, оны жоюға кірісе алады.
ТО тез арада барлық электржелілік компаниялар мен бүкіл жергілікті пайдаланушыларды жүйелік апат туралы хабардар етеді.
Апаттың себебі тағайындалған тұсынан аймақтық басқару орталықтарының диспетчерлері арасындағы байланыс жүйесі ОДБ диспетчеріне оның талабы бойынша берілуі тиіс.
829. Қазақстан БЭЖ-де оны ТО-дан тәуелсіз себептер бойынша оқшау жұмысқа шығуына байланысты Екібастұз ауданында өндірілетін едәуір қуаты жоғалған кезде ауыр апаттың болуы мүмкін, мұнда мыналардың болуы ғажап емес:
1) жиілік тасқынының туындауы;
2) орнықтылықтың бұзылуы;
3) аймақтық электр стансалары мен энерготораптарының теңдестірілген жүктемелі жиіліктік бөлу автоматика әрекетімен жеке жұмысқа шығуы, БЭЖ-нің бейүндестік түзімді жою автоматикасының іс-қимылымен бөліктерге бөлінуі;
4) жиіліктік бөлу автоматикасымен жарақтанбаған электр стансаларының толық тоқтатылуы;
Ұлттық желіден қоректенетін тұтынушылардың негізгі бөлігін өшіру.
830. Апаттық жағдаят туындаған сәтте ТО:
1) тоқтаған электр стансаларының барлық тікелей тұтынушыларына жүйедегі апат туралы және оларға электр энергияның жеткізілімдеуінің толық тоқтатылғаны туралы тез арада хабарлайды.
Жүйедегі апат туралы хабар алған әрбір тұтынушы электржабдықтауды тоқтатудың ауыр салдарларынан құтылу үшін жегімді жүзеге асыратын өз қызметкерлерін ескертуге барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
2) Әмір береді:
- блоктық электр стансаларына энергоблок генераторлары ажыратқыштарының ажыраған күйін тексеру, өзіндік мұқтажды қоректендіруді тексеру туралы;
- Электр стансасынан шығатын барлық аймақаралық және түпкірлік 110-220-500 кВ-тық ӘЖ ажыратылсын;
- Шығыс аймағының ГЭС-нен 220 кВ-тық ӘЖ бойынша кернеуді қабылдау тәсімі әзірленсін;
- Өзіндік мұқтажды қоректендіруді сақтау кезінде энергоблоктарды кері бұруға кірісу;
3) ГЭС-те кемінде 300 МВт-тық айналмалы резерв жасау үшін қосымша ГГ қосылсын және 220 кВ-тық ӘЖ бойынша блоктық электр стансалардың шиналарына олардың өзіндік мұқтаждарын қоректендіру үшін кернеу берілсін;
4) Бір мезетте көршілес мемлекеттер энергожүйелерінің диспетчерлеріне өшірілген тұтынушыларды электрмен жабдықтау жөнінде көмек көрсету туралы сұрау салу;
5) Кернеуді қабылдау үшін 220 және 500 кВ-тық өшірілген қосалқы стансалардан тармақталатын 220 және 500 кВ-тық ӘЖ-н ажырату туралы ТО, РЭПО; ЭЖТ диспетчерлеріне өкім беру;
6) Блоктық электр стансаларында жүктемені жинауға қарай аймақаралық ӘЖ бойынша жиілік пен қуат ағындарын бақылай отырып, өшірілген аудандарға кернеу беру;
7) Көршілес мемлекеттердің энергожүйелерінен кернеуді беру қоректендіру желісінде кернеу мен жүктеме деңгейлерін бақылай отырып, ең алдымен жауапты тұтынушыларды (шахталар, қазандықтар, сумен жабдықтау) біртіндеп қоса 220 және 500 кВ-тық желілерді қосумен атқарылсын;
8) Кезең-кезеңмен, қысқауақыттық өшірілу туралы ескерте отырып, көршілес мемлекеттердің энергожүйелерінен қорек алған Қазақстан БЭЖ тұтынушыларының жүктемесін келісім-шарттық энергокөздерінен қоректенуге көшіру;
9) БЭЖ-нің жекелеген бөліктерін үндестіру және аймақтық электр стансалары мен энерготораптарды қосарлас жұмысқа қосу.
220 кВ-тық барлық шунттаушы байланыстарды тұйықтау.
Электр стансалар жұмысының түзімін қалпына келтіруге қарай электр энергия жеткізілімдеулерін келісім-шарттық энергокөздерден тәуліктік кестеге сай қамтамасыз ету.
16-тарау. Жұмыс және/немесе оқиғалар туралы ақпарат алмасу
831. Осы тарау электр желісіне қосылған тараптарға келесі талаптарды айқындайды:
1) Жүйе жұмысына және/не оқиғаларға жатқызылатын, оның жұмысына әсер ететін не әсер етуге қабілетті ақпаратпен алмасу;
2) Жазбаша есептерді, әсіресе егер қажет болса алдымен ТО-ға және/немесе электржелілік компанияға жазбаша түрде баяндаған маңызды оқиғалардың толық сыпаттамасын даярлау;
3) Осындай оқиғаларды бірлесе зерттеу тетіктері.
832. Жұмыспен және/немесе оқиғамен байланысты осы тараудың міндеттері мыналар:
1) Ақпарат алмасумен қамтамасыз ету;
2) Жүйе жұмысы және/немесе оқиға барысында туындайтын мүмкінділі тәуекелдерді бағалау;
3) Жүйенің тұтастығын сақтау мақсатында тиісті тараптың қажетті әрекеттерді атқаруын растау;
4) Оқиғадан соң зерттеу жүргізу.
833. Бұл тарау келесі қатысушыларға таралады:
1) TO;
2) НО;
3) Электржелілік компания;
4) ЭЖҰ, тарқатушы желіге жалғанған өндіруші қондырғыларымен бірге ЭЖҰ-н кіргізе отырып;
5) қосылым нүктесінде ең жоғары жүктемелі [5мВ] және одан жоғары тұтынушыларды.
834. Бұл тарау апатты бағалау және қарастыру үшін ашық әрі дер кезіндегі ақпарат алмасуды мыналарға қол жеткізу үшін қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді:
1) Қарастыруға қажет оқиға туралы толымды ақпарат алу;
2) Кез келген мүмкінділі оқиғаны және сонымен байланысты тәуекелдерді бағалауды жеңілдету және оның алдын алу үшін керекті шараларды қабылдауға мүмкіндік беру немесе оның туындауынан болатын теріс салдарларды азайту;
3) Ақпаратты қажетті саралаудың деңгейін белгілеу;
4) Оқиға туралы жазбаша хабарды қамтамасыз ету;
5) Ірі бұзылулар туралы ақпарат хабарлаудың тәртібін белгілеу;
6) Бірлесе зерттеу ретін белгілеу;
7) Ақпараттың құпиялығы мен мүмкінділігінің қажетті межелерін белгілеу;
8) Есепке алуды ұйымдастыру мен іс-қимылға енгізу шараларын келісу тәртібін орнату.
835. Қазақстан БЭЖ жұмысындағы технологиялық бұзылыстарды зерттеу, сыныптау, ресімдеу мен есепке алу нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленеді.