Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару
мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 ақпандағы N 290 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 02.05.01 ж. N 591; 08.08.01 ж.
N 1041; 03.08.01 ж. N 1029; 08.10.01 ж. N 1298; 04.12.01 ж.
N 1565; 05.12.01 ж. N 1575; 25.02.02 ж. N 248; 20.04.02 ж.
N 452; 27.06.02 ж. N 699; 25.09.02 ж. N 1051; 27.09.02 ж. N 1062;
28.12.02 ж. N 1405; 24.01.03 ж. N 90; 13.03.03 ж. N 244 енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 маусымдағы N 630 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет тарапынан кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 27.06.02 N 699; 28.12.02 ж. N 1405 қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін):
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ұлттық компанияны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын ескере отырып, қарыз алу лимиттерiн қоса алғанда, ұйымның жыл сайынғы бизнес жоспарларын;
орталық аппарат бойынша шығыстарды және демеушiлiк көмек ретiнде бөлiнетiн қаражатты (әлеуметтiк шығыстарды) бөлiп, ұйымның бюджетiн;
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
2) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшін) алдында жыл сайынғы бизнес жоспары мен ұйым бюджетiнiң iске асырылуы туралы тоқсан сайын есеп беруiнiң жүзеге асырылуын;
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан:
ұлттық компанияны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын, жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт;
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келiсiм бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен тiзiм бойынша аудиторлық ұйымдардың бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес ол аяқталғаннан кейiн 90 күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қаржы жылының қорытындысы бойынша ұйымның жыл сайынғы аудитiнiң жүргiзiлуiн;
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын;
7) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен тiзiм бойынша несиелiк рейтинг агенттiктерiнiң кемiнде бiреуiнде несие рейтингiнiң жыл сайын расталуын;
8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келiсiлуiн;
9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшін) алдында еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдарды, сондай-ақ оған жарғылық капиталға мемлекеттің салымы ретiнде берiлген активтердi басқару туралы, ұйымның өз қызметiнiң көрсеткiштерiне еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң ықпалы туралы жарты жылдық есептер берудi жүзеге асыруын;
11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін) алдында ұйымның жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерiстер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейiн енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482 ; 27.06.02 ж. N 699 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне берудi:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 08.10.01 ж. N 1298 қаулыcымен қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. N 1051 қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды
3. Уәкiлеттi органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң сайлануын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 27.06.02 ж. N 699 қаулыcымен қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың)
тізбесі
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; 02.05.01 ж. N 591; 03.08.01 ж. N 1029; 25.02.02 ж. N 248; 25.09.02 ж. N 1051; 27.09.02 ж. N 1062 (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді); 24.01.03 ж. N 90; 13.03.03 ж. N 244 қаулыларымен 1-қосымша өзгерді
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2. алып тасталды
3. алып тасталды
4. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
5. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" ЖАҚ
6. алып тасталды
7. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
8. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
9. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
10. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ
11. "Қазпочта" ААҚ
12. "Қазақтелеком" ААҚ
13. алып тасталды
14. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
15. "Қазаэронавигация" РМК
16. "Ақтау теңiз сауда порты" РМК
17. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
18. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ
19. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. N 1051 қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
2-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар
директорлар кеңестерiнiң құрамдары
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482, 2001.08.08 ж. N 1041, 08.10.01 ж. N 1298 2001.12.04 ж. N 1565 2001.12.05 ж. N 1575 20.04.02 ж. N 452 қаулыларымен 2-қосымша өзгерді
1. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ:
Еламанов Болат Далдайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Иденов Мақсат Бағытұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм бойынша);
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның президентi;
Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі;
Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Маңғыстау облысының әкімі.
2. "ҚазТрансОйл" ЖАҚ:
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның президентi.
3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ:
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Ыбырайымов Серiкхан Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының орынбасары;
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi.
4. "Қазпочта" ААҚ:
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ:
Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi.
6. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төраға;
Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
Босс Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның президентi.
7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрайым;
Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Бахмутова Еленеа Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
Аймағамбетов Көпжасар Төленұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Экономикалық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Сүлейменов Серiк Жүсiпұлы - "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның директоры.
8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ:
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты;
Гусак Дмитрий Иосифович - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның президентi;
Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша).
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. N 482; қаулыcымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алып тасталды
10. "Қазақтелеком" ААҚ:
Нәлібаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға;
Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi;
Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы.
ҚР Үкіметінің 03.08.01 ж. N 1029 қаулыcымен 10-1-тармақ алынып тасталды
10-1. алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 290 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
тiзбесi
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 216 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат).
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегi N 1404 қаулысы.
4. "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысы.
5. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 500-құжат).
6. "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 577-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 153-құжат).
8. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1083 қаулысы.
9. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1766 қаулысы.