Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 30 маусымдағы № 630 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:
1-тармақта:
11) тармақшада "2001 жылғы 31 наурызға дейiн" деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
2), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
3) тармақшада:
"ұлттық компанияны" деген сөздер "ұлттық компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын, "компанияның" деген сөзден кейiн "қызметi мен оны" деген сөздермен толықтырылсын;
", жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
9) тармақшада "және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдары" деген сөздер ", тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар)" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер беру жүзеге асыруын;";
11) тармақшада "жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының" деген сөздер "орта мерзiмдi жоспардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1 тармағында "сауда" деген сөз "бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1 тармағында "мен бизнес жоспарларының" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |