Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 ақпандағы № 248 қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi - «ҚазМұнайГаз» ҰК) жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттік тiркеудi;
3)
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған және басқа да келісімдерге және осы қаулыны iске асыруға бағытталған оларға iлеспе өзге де құжаттарға тиiстi өзгерістер енгiзудi қамтамасыз етсiн;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК-на өкiлеттi орган Функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi, өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған келісімдерге қатысты материалдарды беретiн болсын;
3) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
«ҚазМұнайГаз» ҰК мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда келісім-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттік мүдделердi бiлдiруiнiң тәртібі туралы;
мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» ҰК арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi дәл ажырату туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн.
4. «ҚазМұнайГаз» ҰК белгiленген тәртiппен:
1) Жабық акционерлік қоғамдардың мiндеттерiн, басқару функциялары мен құрылымын оңтайландыру мақсатында оларды қайта ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ету;
2) ұйымдардың активтерiн, акцияларын және қайта ұйымдастырылатын Жабық акционерлік қоғамдардың меншiгіндегі және/немесе басқаруындағы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiн жұмылдыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 37 қаулысы;
2) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1044 қаулысы.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 1-қосымша алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бiрiншi вице-министрi;
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Қиынов Ләззат Кетебайүлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының президентi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 248 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына:
1-тармақтағы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы, «Мұнай мен Газ тасымалы» ұлттық компаниясы» деген сөздер алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiне:
«Алматы қаласы» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 95-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«100. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ».
«Атырау облысы» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 145-2-жол алынып тасталсын.
4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ».
реттiк нөмiрi 45-жол алынып тасталсын.
5. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100%";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.