Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 және
2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 желтоқсандағы № 1405 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.05.04 ж. № 565 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 20.05.04 ж. № 565 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 882 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 285-құжат):
тақырыбында және 1, 2-тармақтарында "шаруашылық серіктестіктерінде", "шаруашылық серіктестеріне", "шаруашылық серіктестігінің", "шаруашылық серіктестігін", "шаруашылық серіктестіктеріндегі" деген сөздер тиісінше "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде", "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге", "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің", "жауапкершілігі шектеулі серіктестікті", "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "алтын акцияны" енгізу және жою;";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"шаруашылық серіктестіктерінің" деген сөздер "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолдың "Ақпарат" деген бағанындағы "Акционерлік қоғамдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша акционерлік қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10 және 11-жолдармен толықтырылсын: "10 қоғамның қаржы-шаруашылық бекітілуіне қарай
қызметінің орта мерзімді жәнеағымдағы (жылдық) жоспарлары11 акциялардың мемлекеттік пакетіне жоспарлының алдындағы
дивидендтер мөлшерінің болжамды жылдың 1 мамырына дейінкөрсеткіштері ";2) "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):
1-тармақта:
"уәкілетті органдар" деген сөздер "мемлекеттік басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4), 9), 10), 11) тармақшалардағы "(уәкілетгі органның РМК үшін)", "(уәкілетті орган - РМК үшін)", "(уәкілетті органмен - РМК үшін)", "(уәкілетті орган алдында - РМК үшін)" деген сөздер тиісінше "(мемлекеттік басқару органының - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |