Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 маусымдағы № 699 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (уәкiлеттi органның - РМК үшiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдары бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;";
мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ оған жарғылық капиталға мемлекеттің салымы ретiнде берiлген активтердi басқару туралы, ұйымның өз қызметiнiң көрсеткiштерiне еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң ықпалы туралы жарты жылдық есептер берудi жүзеге асыруын;
11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейiн енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне берудi:
1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;
жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |