1999 ж. - Ғылыми зерттеулер.
2000 ж. - Темекіні пайдаланудың көрсеткіштері, денсаулыққа зияны туралы
кешенді баяндама.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі.
3.5 тарау
Есірткіні пайдалануды қысқартуға
жәрдемдесу стратегиясы
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Есірткіні пайдаланумен байланысты қатерлі өмір салты туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
2. Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түзетуіне жәрдемдесу, психологиялық орнықтылығын, есірткіні және адамды психотропты дәрілерді пайдалануды, тоқтатқан кездегі психологиялық проблемаларды жеңу қабілетін дамыту.
3. Жеке бастың және әлеуметтік проблемаларды жеңуге әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін дамыту.
4. Балалар мен жастардың есірткі туралы алған ақпараттарын талдау және сын көзбен бағалау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін жасауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу.
2. Есірткіге тәуелдіктің ерте диагностикасында медициналық-санитарлық алғашқы көмектің ролін күшейту.
3. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін психотропты дәрілерді талапқа сай тағайындау мәселелеріне терең ден қоя отырып көтеру.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Есірткілерге сұраныс пен сатуды шектеуге ықпал ету бөлігінде заң актілерін жасауға қатысу.
Іс-қимыл жоспары:
Есірткілерді пайдалану проблемаларына қатысты заң және нормативтік-құқықтық актілерді талдау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қолданылып жүрген заңдардың атқарылуы туралы ақпараттарды жинау және талдау.
2. Қолданылып жүрген заңдарға өзгертулер мен толықтыруларды әзірлеу және енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Нашақорлық проблемаларына қатысты заң және нормативтік
актілерді талдауды аяқтау.
ҚР наркологиялық қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды
енгізу.
2000 ж. - Қазақстан Республикасында нашақорлық проблемалары жөніндегі
заң және нормативтік актілердің жүзеге асырылуына талдау жасау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Есірткілерді бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия.
II Мақсат: Мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес
бірлестіктермен есірткілерге сұранысты шектеу жөніндегі сектор аралық
ынтымақтастықты дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
Есірткілерге сұранысты шектеу жөніндегі ынтымақтастық түрлерін ұлғайту.
Жүзеге асыру әдістері:
Мәжілістер, конференциялар өткізу, ақпарат алмасу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Республикалық СПИД-пен күрес орталығы.
III Мақсат: Мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық мектептерде, жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жүргізу.
Іс-қимыл жоспары:
Оқушылар мен жастарды оқыту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Педагогтар даярлау.
2. Білім беру бағдарламаларын жасау.
3. Мектептерде валеология бойынша оқу бағдарламаларын жүргізу.
4. Сабақтан тыс оқулар өткізу.
5. Жастар телехабарларын, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алуды ұйымдастыру.
6. Жастарды нашақорлықпен тығыз байланысты СПИД-тің және ВИЧ-инфекциялардың таралуының қаупі туралы хабардар етіп отыру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының
мектептерінде, орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық
мектептерінде, жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын
жүргізу.
Республиканың жоғары оқу орындарында, ірі өнеркәсіп
кәсіпорындарында оқыту бағдарламаларын жүргізу.
2000 ж.- Өткізілген оқыту бағдарламаларының тиімділігіне талдау жасау және
оларды жетілдіру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
IV Мақсат: Халықтың әлеуметтік-осал топтарымен жұмысты ұйымдастыру.
Іс-қимыл жоспары:
Қатерге бас тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және психотерапевтік жұмыстар.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қатерге бас тігетін топ адамдар психикасын жөндеу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қатерге бас тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және
психотерапевтік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік
материалдарды дайындау, білікті мамандарды іріктеу. Қатерге бас
тігетін топтардағы психологиялық алдын алу және психотерапевтік
жұмыстарды жүргізу.
2000 ж. - Жүргізілген жұмыстардың алдын ала нәтижелерін талдау,
тиімділігін бағалау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқару органдары.
V Мақсат: Денсаулық сақтаудың бастауыш звенолары дәрігерлерінің есірткіге салыну проблемалары жөніндегі қызметін жетілдіру.
Іс-қимыл жоспары:
Есірткіге салынудың проблемалары бойынша денсаулық сақтаудың бастауыш звенолары дәрігерлерін даярлау және қайта даярлау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нашақорлықтың алдын алу әдістерін жасау.
2. Күйзеліске қарсы күрестің балама әдістерін енгізу.
3. Дәрігерлерге психотропты дәрілерді дұрыс тағайындауды үйрету.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Әдістемелік құжаттарды әзірлеу, тиісті мамандарды таңдау.
Нашақорлық жөніндегі бастауыш звено дәрігерлерін даярлау.
2000 ж. - Жүргізілген жұмыстарды кейіннен жетілдіру үшін тиімділігін,
кемшіліктерін бағалаудың алдын ала нәтижелерін талдау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
3.6 тарау
Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысқа
және жыныстық жолмен берілетін
аурулар мен ВИЧ/СПИД-тің алдын
алуға жәрдемдесу стратегиясы
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс принциптерін енгізе отырып жалпы халықтың мінез-құлқына ықпал ету.
2. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың біріншілікті алдын алу.
3. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың етек алуына қарсы тұру ісіндегі, әртүрлі ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерлерін үйлестіру механизмін жетілдіру.
4. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны, оларды маскүнемдікке, есірткі пайдалануға, қаңғыбастыққа, жезөкшелікке, азғындыққа жетелегені үшін жаза қолдануды енгізу.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Сексуальдық қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің денсаулық күйіне бақылау жасау, мұндай қызмет көрсету аймақтарын шектеу.
2. Есірткілерді инемен қабылдау мүмкіндіктерін азайту.
3. Елді мекендерде секс қызметін көрсету аудандарын шектеу, мұндай қызмет көрсетудің жарнамаларына тыйым салу.
4. Әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсарту саясатын, неке мен отбасының жоғарғы мәртебесін бекіту, балаларды тәрбиелеу саясатын,азшылық секс топтарына төзе білудің мәдениетті саясатын жүргізу.
5. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс принциптері жөніндегі бұқаралық ақпарат, білім беру.
6. Азаматтардың жыныстық жолмен берілетін аурулар және ВИЧ/СПИД туралы қажетті ақпаратты алуы үшін оқыту мен тәрбиелеуді заң жүзінде реттеу.
7. Сексуальдық жүріс-тұрыстың қалыптасуының заңдылықтарын іздеу аясында медицина мен педагогиканы қиюластыра ғылыми зерттеулер жүргізу.
8. Әртүрлі деңгейлердегі үйлестіру кеңестерін құру, Дәрігерлердің, психологтардың, мәдениет, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінің бірлескен акцияларын өткізу.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Халықтың әртүрлі әлеуметтік мақсатты топтарын осал социумдар мен кәсіпқойларды даярлауға ерекше мән бере отырып жыныстық жолмен берілетін аурулар мен ВИЧ/СПИД және қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
Ақпарат тарату:
Жүзеге асыру әдістері:
1. Листовкалар, брошюралар жариялау, мерзімді баспасөзде, теледидарда, радиода сөз алу.
2. Аудиторларда сөз алу, көш бастаушыларды даярлау, жекелеген социумдарда "жеткіншек - жеткіншекке", "әскери қызметкер - әскери қызметкерге", "осал топтың адамы - осал топтың адамына" түрінде жұмыстар жүргізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
II Мақсат: Мектепте білім беруді жетілдіруге дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін және педагогтарды дайындау.
Іс-қимыл жоспары:
Кәсіпқойлардың сексология, соксопатология, қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс мәселелері жөніндегі білімін көтеру бағытындағы дайындық сапасын көтеру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Бағдарламаларға өзгерістерді дайындау және енгізу.
2. Оқу құралдарын жасау.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
III Мақсат: Қауіпсіз сексті насихаттау және презервативтердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Презервативтерді пайдаланудың артықшылықтары туралы білімді көтеру шараларын жүргізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
IV Мақсат: Халықтың стерильденген медициналық құрал-жабдықтарға еркін қол жеткізуіне жағдай жасау.
Іс-қимыл жоспары:
Стерильді медициналық құрал-жабдықтарды тарату.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Техникалық есеп беру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
V Мақсат: Қауіпсіз секске кедергі жасайтын әлеуметтік нормалары мен өмір сүру жағдайларына көңіл бөлу.
Іс-қимыл жоспары:
Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысты нығайту саясатын жүргізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Осал топтар қауымдастығының өкілдерімен тікелей жұмыс жасау.
2. Әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін көтеру.
3. Жұмыспен қамтуды көбейту.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. Атқарылуы туралы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқару органдары.
IV Мақсат: Жеткіншектер мен жастардың жыныстық және өнегелілік тәрбиесін дамыту.
Қоғамдағы қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрысқа жәрдемдесу бағытындағы заңдық-құқықтық базаны дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
1. Сексуальдық қызмет көрсету рыногын бақылауға алу бағытындағы құқықтық қатынас және отбасыларында, жеткіншектер мен жастардың арасында антиәлеуметтік үрдістерге қарсы тұру саясатын реформалау.
2. Жыныстық жолмен берілетін ауруларды және ВИЧ/СПИД жұқтыру қауіптілігімен байланысты жеке адамға қарсы жасалған қылмыс пен қылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Жаңа заң және нормативтік актілерін жасау.
2. Қолданылып жүрген заңдардың атқарылуына бақылауды күшейту.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Атқарылуы туралы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
3.7 тарау
Вирустік гепатиттермен, жедел
ішек инфекцияларымен және
туберкулезбен ауырғандардың
алдын алуға және төмендету
жөніндегі бағдарлама
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және туберкулездің берілуі деңгейінің жиілігін біртіндеп қысқарту.
2. Гигиена саласындағы жоғары стандарттар мен нормативтерді қамтамасыз ету.
3. Халықтың қатерге ұшырауы мүмкін контингенттерін анағұрлым нәтижелі анықтау және мақсатты жұмыс істеу.
4. Жақсы ұйымдастырылған медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ерте диагностикамен және емдеуде бекітілген алдын алу шараларына қатысты медициналық-санитарлық ағартуды күшейту.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. ҚР облыстарында және Астана, Алматы қалаларында туберкулезбен күрестің аймақтық кешендік бағдарламаларын жасау.
2. Облыс орталықтарында мониторингті жасау және енгізу.
3. Иммундік алдын алудың, жұқпалы аурулардың инфекциясының жаңа әдістерін енгізудің ғылыми негіздемесі.
4. Жұқпалы аурулардың алғашқы және кейінгі алдын алуларының ролін күшейту.
5. Халықтың гигиена мәдениетін көтеру мүддесінде бұқаралық ақпарат құралдарын қарқынды пайдалану.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Вирустік гепатиттермен, жедел ішек инфекцияларымен, туберкулезбен ауруды төмендету мақсатындағы ақпарат және білімділік деңгейін көтеру.
Іс-қимыл жоспары:
1. Санитарлық-ағарту қызметін ұйымдастыру және жүргізу.
2. Жұмыс жүргізілетін басымдық мақсатты топтарды анықтау.
3. Әрбір таңдалған топтың мінез-құлық стереотиптеріне ықпал ететін қажетті ақпараттың сипатын анықтау.
4. Мақсатты аудиторияны ескере отырып бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс өткізу стратегиясын жасау.
5. Мақсатты аудиторияны ескере отырып оқыту бағдарламасын жасау.
6. Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және туберкулездің алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламаларды жасау және енгізу.
7. Салауатты өмір салтын насихаттаудың кең ауқымды желісі.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Плакаттар, кітаптар, брошюралар, буклеттер, бейнефильмдер басып шығару.
2. Семинарлар, конференциялар және теле- радиохабарларын жүргізу.
3. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін құру.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Семинарларды, конференцияларды және бұқаралық ақпарат
құралдарының жұмыстарын тіркеу.
1999-2000 ж.ж. - Кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың
қолданыстағы жүйесі.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
II Мақсат: Вирустік гепатиттердің, жедел ішек инфекцияларының және туберкулездің алдын алу.
Іс-қимыл жоспары:
1. Жақындасқан адамдарды ауру жұқтыру мен ауруға ұшырау туралы ескерту.
2. Елді мекендердің санитарлық жайлылығын жақсарту.
3. Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарындағы тұрғындардың иммундік жүйе күйін ғылыми зерттеу.
4. Халық арасындағы жұқпалы ауруларды (вирустік гепатиттер, жедел ішек инфекциялары, туберкулез) тарату көздерін барынша айқындау.
5. 1 жасқа дейінгі балалардың тамақтануын жақсарту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Елді мекендердің аумақтарын жүйелі түрде санитарлық тазарту, тұрмыс қалдықтарын кез келген жерге тастауды жою.
2. Су құбырларының санитарлық-техникалық күйін жақсарту жөніндегі шараларды жүргізу.
3. Рыноктар мен басқа тамақ өнімдерін сатылатын орындарды қалыпты күйге келтіру, азық-түлікті белгіленбеген жерлерде сатуға тыйым салу.
4. Жаңа туған нәрестелерді туберкулезбен егу және 6-7 жастағы балаларды қайтадан егу.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында "Туберкулездің алдын алу - Қазақстан халқының денсаулығы" тұрақты айдарын ашу.
6. Кіші жастағы балалардың жеке бас гигиенасын сақтау дағдысын қалыптастыру.
7. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде алдын алу шараларын өткізу.
8. Емшек емізу бағдарламасын белсенді енгізу.
9. Жыл сайын жаңа туған сәбилерді В гепатитке қарсы егу.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Іс-шаралардың өткізілуі туралы есеп және скрининг.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, жергілікті атқару органдары.
3.8 тарау
Денсаулық және қоршаған орта
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Халықты қоршаған ортаны қорғау және денсаулық саласындағы саясатты жасау процесіне және оны жүзеге асыруға тарту.
2. Қоршаған ортамен байланысты өлім-жітімді, ауруды және денсаулыққа қатерді едәуір төмендету.
3. Халықтың салауатты қоршаған ортаны сақтау мәселелеріндегі жоғары мәдениетіне қол жеткізу.
4. Қауымдастық пен халықтың барлық топтарының табиғи қоршаған орта мен денсаулықты сақтауға белсенді атсалысуы.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Санитарлық заң шығару саласындағы жұмысты, қоршаған ортаны қорғау және халықтың денсаулығы жөніндегі сектораралық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру.
2. Ас суымен қамтамасыз ету көздерін, ауаның ластануын талдау және тәптіштеп бағалау, экологиялық келеңсіздіктердің басты себептерін айқындау.
3. Қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі нақты ұсыныстарды жасау.
4. Қоршаған ортаның гигиенасы бойынша мәліметтер базасы мен мониторинг жүйесін жасау.
5. Қалаларда өмір сүру сапасын жақсарту, ДДҰ "Салауатты қалалар" бағдарламасының оң тәжірибесін ескере отырып урбанизациялау салдарларын азайту.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Оқушылар мен студент жастарды экологиялық-гигиеналық оқыту. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.
Іс-қимыл жоспары:
1. Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қолданылып жүрген заңдық-нормативтік актілерге талдау жасау.
2. Қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік актілерді жүзеге асырудың механизмі бойынша ұсыныстар жасау.
3. Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі іс-әрекеттердің Ұлттық жоспарының орындалуының бағасы және мониторингі.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік актілердің
тиімділігін талдауды аяқтау. Ұсыныстар жасау және енгізу.
2000 ж. - Қабылданатын заңдар мен нормативтік актілердің тиімділігін
бағалау әдістерін жасау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
II Мақсат: Сектораралық ынтымақтастықты жетілдіру.
Іс-қимыл жоспары:
Сектораралық ынтымақтастықтың әртүрлі жұмыстарын дамыту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қоршаған орта проблемалары жөніндегі халықаралық бағдарламалар жасау, бірлескен мәжілістер, конференциялар, дөңгелек столдар өткізу.
2. Сектораралық ынтымақтастыққа қоғамдық және халықаралық ұйымдарды тарту.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Ұсыныстар жасау жөніндегі мәжілістер өткізу және
сектораралық ынтымақтастыққа қатысушыларды анықтау. Бірлесе
әрекет ету жоспарын жасау.
2000 ж. - Халықаралық ұйымдарды қатыстыра отырып қоршаған ортаның
гигиенасы жөніндегі бағдарламадағы сектораралық ынтымақтастықты
жүргізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
III Мақсат: Халыққа санитарлық-гигиеналық білім беру бағдарламасын қалыптастыру және енгізу.
Іс-қимыл жоспары:
Қоршаған ортаның гигиенасы және халықтың әртүрлі топтарына арналған экологиялық тәрбиелеу жөніндегі білім беру бағдарламаларын жасау және енгізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Балаларға арналған білім беру бағдарламасын жасау.
2. Мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының базистік оқу жоспарларына қоршаған ортаның гигиенасы мәселелері жөніндегі бөлімдерді енгізу.
3. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жариялап отыруды ұйымдастыру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар ұйымдастыру.
1999 ж. - Білім беру бағдарламасын жасауды аяқтау.
2000 ж. - Гигиеналық білімдер деңгейін талдау және бағалау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі.
IV Мақсат: Қоршаған орта объектілерінің (ас суымен қамтамасыз ету көздерінің, тамақ өнімдерінің, ауаның, топырақтың) сапасын жақсарту.
Іс-қимыл жоспары:
Қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау және бағалау, ластандыру көздерін айқындау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қоршаған орта объектілерінің күйі және ластандыру көздері туралы санитарлық-гигиеналық ақпараттарды жинау.
2. Мәліметтер банкін қалыптастыру.
3. Ақпараттарды талдау және қоршаған ортаның күйін болжау.
4. Жағдайды өзгерту жөніндегі ұсыныстарды жасау.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Ақпарат жинауды ұйымдастыру және мәліметтер банкін қалыптастыру.
2000 ж. - Ұсыныстарды іс-қимыл жоспарына қосу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, жергілікті атқару органдары.
V Мақсат: Қолданылып жүрген Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі Ұлттық бағдарламаға салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу.
Іс-қимыл жоспары:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмыстарын үйлестіру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі Ұлттық бағдарламаны талқылау, Үкіметтің қарауына ұсыныстар енгізу.