2000 ж. - 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу
бағдарламаларының тиімділігін талдау.
2. Оқу орындарындағы Салауатты өмір салты орталықтарының
жұмыстарын үйлестіру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, жергілікті атқару органдары.
II Мақсат: Балалар мен оқушы жастардың оқуына, демалысына және сауығуына қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Оқу орындарында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына бақылау жасау.
2. Оқу орындарының инфрақұрылымдарын жетілдіру.
3. Оқу орындары медициналық қызметінің алдын алу шараларына бағдар ұстауын күшейту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Оқу орындарын қаржыландыруды жақсарту.
2. Оқу орындары мен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін, мемлекеттік стандарттарды сақтауына қатаң бақылау жасау.
3. Мектеп ғимараттарын, ойын алаңдарын, оқу мектеп құрал-жабдықтарын жөндеу, оқушылардың қауіпсіздігі шаралары мен тамақтануының сапасын жетілдіру.
4. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Жағдайларды талдау, мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен
оқу орындарының санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауына
бақылау жасау.
Оқу орындарының медициналық қызметтерінің Салауатты өмір
салтын қалыптастыру орталықтарымен бірге аурулардың алдын алу
және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шараларды
жүргізуі.
2000 ж. - Балалар мен оқушы жастардың оқуына, демалысына және
сауығуына арналған жағдайларды талдау және бағалау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
4.4 тарау
Салауатты өмір салтын
қалыптастырудағы қолданбалы
зерттеулердің ролі
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
Алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және үйлестіру.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
2. Ұлттық ғылыми инфрақұрылымдарды, мониторингті, салауатты өмір салтының дамуын халықаралық стандарттар бойынша бағалау жүйесін құру.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі басымдықтарын анықтау және ғылыми жүргізудің әдістемелік тәсілін жасау.
Іс-қимыл жоспары:
1. Денсаулық сақтаудағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды талдау.
2. Аурулардың бастапқы алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ғылыми бағыттарды анықтау және бекіту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Ғылыми-практикалық семинарлар, кеңестер, конференциялар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Аурулардың бастапқы алдын алу және салауатты өмір салтын
қалыптастыру жөніндегі ғылыми бағыттарды бекіту.
Аралық есепті дайындау, ғылыми-практикалық конференция.
2000 ж. - Қорытынды есепті дайындау, ғылыми-практикалық конференция.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
II Мақсат: Процесстің мониторингі үшін халықтың өмір салтына қатер туғызуы мүмкін факторлардың таралуы жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын зерттеу.
Іс-қимыл жоспары:
Халықтың өмір салтына қатер туғызуы мүмкін факторлардың таралуы жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және талдау.
Жүзеге асыру әдістері:
ДДҰ әдістері бойынша эпидемиологиялық зерттеулер.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, өңдеу, талдау,
аралық есеп.
1999 ж. - Факторлық талдау жүргізу, салауатты өмір салтын
қалыптастырудың психологиялық және мотивациялық аспектілерін
анықтау.
2000 ж. - ҚР халықтарының салауатты өмір салтын қалыптастыру
мәселелеріндегі ұлттық, мәдени, діни ерекшеліктерін зерттеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
III Мақсат: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту.
Іс-қимыл жоспары:
1. Халықтың өмір салтына қатер туғызуы мүмкін факторлардың таралуы жөніндегі ҚР эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және талдау.
2. Мониторинг.
Жүзеге асыру әдістері:
Ғылыми-практикалық конференциялар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Ғылыми-практикалық конференция өткізу.
1999 ж. - Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру
жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасау және бекіту.
2000 ж. - Ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру, аралық есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
IV Мақсат: Алдын алу ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы әдістемесін жасау.
Іс-қимыл жоспары:
Ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Денсаулық күйін зерттеу әдістерін келісу.
1999 ж. - Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әмбебап әдістемелерін енгізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
4.5 тарау
Медициналық-санитарлық
алғашқы көмек шеңберіндегі
салауатты өмір салтын
қалыптастыру стратегиясы
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесі шеңберінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының қызметін құру және қолдау, жергілікті бағдарламаларды жүргізу жөніндегі қажетті дағдыларды, қабілеттерді және білімдерді дамытуға қолдау көрсетуі тиіс.
2. Денсаулық сақтау жүйесі мен жеке қызметтерді алдын алу қызметін жүргізуге ынталандыру жүйесін құру жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағдарлау.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша оқытушыларды дайындау.
2. Басымдық бағыттардағы алдын алудың әртүрлі әдістерін жасау (мысалға, есірткілер, алкоголь, дене белсенділігі және т.б.).
3. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесін салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі осы заманғы материалдармен жабдықтау.
4. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйелері мен жергілікті билік органдары арасындағы алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейту.
5. Алдын алу қызметін тиімді пайдалануға қол жеткізу мақсатында халықпен белсенді жұмыс істеу механизмдерін күшейту және басқа секторлармен ынтымақтастық.
6. Медициналық-санитарлық алғашқы көмекке арналған дайындықтан өткен отбасы дәрігерлері мен медбикелерінің қажетті санын қамтамасыз ету.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Нормативтік-әдістемелік құжаттарды талдау, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Семинарлар, кеңестер, алқалар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Нормативтік-әдістемелік құжаттарды талдау, ұсыныстар әзірлеу
және оларды семинарлар мен кеңестерде талқылау.
1999 ж. - Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті кеңінен талқылауды
аяқтау, алқада қарау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
II Мақсат: Медициналық-санитарлық алғашқы көмек медициналық қызметкерлерінің оқу бағдарламаларын, дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындығының әдістемелік құралдарын дайындау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Жұмыс топтарын құру, семинарлар, алқалар.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындық бойынша
оқу бағдарламалары мен құралдарын жасау және бекіту.
2000 ж. - Бағдарлама мен оқу құралдарын талқылау конференциясын
өткізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
III Мақсат: Медициналық жоғары оқу орындарында валеология мұғалімдерін даярлау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Тренингтер, семинарлар, оқыту курстарын өткізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Жоғары оқу орындары деңгейінде 20 жаттықтырушы және орта
арнаулы оқу орындары деңгейінде 40 жаттықтырушы даярлау.
2000 ж. - Үздіксіз даярлау жүйесін енгізу, мониторинг жөніндегі
кеңестер өткізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.