Республикада мамандандырылған емдік-алдын алу тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
Таңдап тексерулер халықтың тиімді тамақтану, тамақтанудың ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтау саласындағы білімділігі өте төмен екендігін көрсетіп отыр.
Темекі тарту
Темекі шегетіндердің саны және олардың Қазақстан халқы қоғамындағы әртүрлі топтардың ішіндегі таралуы туралы тексерілген тура мәліметтер жоқ, тек жекелеген зерттеулер ғана бар. "Қазақстан-Синди" бағдарламасының мәліметтері бойынша Алматы облысының Іле ауданында ерлердің 61,5% және әйелдердің 9,2% темекі тартады. Барлық жастағы топтардың ішінде ең көп темекі тартатындары 20-49 жас аралығында ерлер.
Темекіге байланысты өлімнің болжанған санының Европа аймағының шығыс бөлігінде тіркелген жоғарғы көрсеткіштері ерлерде ДДҰ мәліметтері бойынша бірінші орында Қазақстан тұр.
Транснациональды темекі компаниялары экономикалық тұрақсыздық пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясаттың әлсіздігін пайдалана отырып жаңа клиенттерді өзіне тартуда.
Жастар мен әйелдер темекі өнеркәсібі үшін мақсат тұтқан топтар болып табылады.
Әлсіз темекі тарту (ауадағы темекінің исін жұту) кең етек алған, ол өкпе рагін, жүректің біржердегі қанның азаюы ауруын, тыныс ауруларын, сондай-ақ кенеттен болатын жастай өлімді туғызу қатерін күрт асырды, адамдардың салауатты және ластанбаған қоршаған ортаға деген құқықтарын бұзады.
Темекі жекелеген адамдарға, отбасыларына және қоғамға экономикалық зардабын тигізуін жалғастырып келеді.
Алкоголь
Алкогольді тұтынудың таралуы туралы тексерілген ұлттық мәліметтер жоқ. Соңғы уақыттарда республикада маскүнемдікке салынған адамдар санының өсіп келе жатқаны көрініп отыр. Маскүнемдік психоздардың саны үш есеп өскен, олардың ішінде ауыр түріндегілері басым. 1987 жылы ішімдік ішу нәтижесінде өмірінде бірінші рет мінез-құлқы мен психикасы бұзылған 37689 адам есепке алынған. Диспансерлік және алдын алу есептерінде 203672 ауру адам тұр. Соңғы жылда 4565 төсекте 5292 адам жатып емделіп, 1997 жылғы стационарлық емдеуден 31 мың адам өткен.
Есірткілер
Нашақорлықтың тексерілген ұлттық мәліметтері жоқ. Соңғы жылдары республикада есірткіні пайдаланған адамдардың саны өсіп келе жатқаны белгілі боп отыр, ал есірткіге тәуелділердің орташа жасы төмендеуде. Проблема криминогендік жағдайға, СПИД пен гепатитті қоса алғандағы әртүрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру қатеріне байланысты одан әрі шиеленісе түсуде. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәліметтері бойынша 1996 жылы 20683 нашақорлықпен ауырғандар тіркелсе, 1997 жылы ол 26584 адамға жеткен. Өмірінде бірінші рет нашақорлық, токсикомания диагнозы қойылған аурулар саны жағынан республикамыз бірқатар ТМД елдерін (Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және т.б.) басып озуда. Нашақорлық патологиясымен тіркелген аурулардың саны Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жоғары. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы есірткіні пайдаланудың таралуы ерекше алаңдатады, олардың үлесі 2/3. Соңғы 5 жыл ішінде айқындалған нашақорлықпен байланысты қылмыстардың саны 2,5 еседен көп артып, 1997 жылғы 14817 жағдайға жеткен.
Нашақорлық тәуелділік түрлерінің ішкі құрылымы бүгінгі таңға әлі зерттелмеген.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар
1997 жылы Қазақстан Республикасында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырудың саны арта түскен. Мерезбен ауыру қарқыны жалпы алғанда елімізде әрбір 100000 адамға шаққанда 268,9 жеткен: оның азы Ақтөбе облысында - 134,6 және ең көбі Алматы қаласында - 465,5 адам. Ауыруға ұшыраудың келеңсіз жағдайлары байқалуда. Мерез ауруымен тіркелгендердің тек 1/4 ғана өз бетінше медициналық көмек сұраған. Қалған аурулардың барлығы белсенді түрде, негізінен халықтық серомониторингі арқылы анықталған. Жылдан жылға мерезбен ауырудың бастапқы кезеңдерін айқындау төмендеп келеді. Серологиялық тексеруден өткен стационарлық терапевтік және неврологиялық аурулардың ішінен 9320 адамда (2,3% жағдайда!) мерез анықталған, бұл ауруды жасырудың жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.
1996 жылдан бастап туа біткен мерездің жиілігі 2 есе көбейген, ол 1997 жылы жаңа туылған әрбір 10000 адамның 0,41-де тіркелген.
Қазақстанда 1997 жылы тіркелген соз аурулары, хламидиоз, трихомониаз, аногенитальды герпес аурулары әрбір 100000 адамға шаққанда тиісінше 91,1; 20,0; 148,6; 0,9. Бұл мерез бен несептік жыныс мүшелері жұқпалы ауруларының табиғи арақатынасынан айтарлықтай төмен көрсеткіштердің жоғарылығына қарамастан жыныстық жолмен берілетін аурулардың әлі де болса толық тіркелмегендігін көрсетеді.
Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауру жағдайы эпидемия ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл эпидемияның қауіптілігі халықтың гендік қорына, өрбу, психикалық және тән денсаулығына қатер төндіруімен ғана емес, ВИЧ жұқтырудың күшеюі қаупімен де анықталады. Әлемде тіркелген ВИЧ жұқтырғандардың 51% жыныстық жолмен жұқтырған, мұндай 10 адамның 9 соның алдында жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырған.
СПИД-тің алдын алу және күресу жөніндегі Республикалық Орталықтың мәліметі бойынша 1998 жылдың 1 мамырында 667 ВИЧ жұқтырғандар айқындалған, олардың ішінде СПИД-пен ауырғандары - 18, 15 жасқа дейінгі балалар - 10. ВИЧ-тің негізгі берілетін жолы есірткіні қан тамырға жіберу - 83,3%, бұл әсіресе жұмыссыздарда басым.
Осы көрсеткіштердің өсу тенденциясы алаңдаушылық туғызуда.
Вирустік гепатиттер, жедел ішек аурулары және туберкулез
Республикада өсіп бара жатқан вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жөніндегі жағдай едәуір қиындап отыр. Жыл сайын 44 мыңнан 55 мыңға дейін вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жағдайлары тіркеледі, олардың 80%-і - балалар. Олармен күрес денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі ретінде қарастырылады. 1996 жылмен салыстырғанда вирустік гепатитпен ауыру 1997 жылы 30,1%-ке, жедел ішек ауруы - 18,7%-ке өскен. Ауырудың өсуі республиканың барлық облыстарында да орын алып отыр.
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері:
- халықтың ауыз сумен, соның ішінде су құбырлары желісімен және құрылымдарымен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етілмеуі; елді мекендердің санитарлық жағдайының нашарлауы, санитарлық тазарту мен жақсарту жұмыстарының жеткіліксіздігі;
- мектептердің санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауы және оқушылар санының артық болуы, ұйымдастырылған тамақтандырудың және ауыз су мен температуралық режимді сақтауға арналған жағдайдың жоқтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы туберкулез бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға ие мемлекеттердің біріне жатады. Туберкулез әлеуметтік проблема болып табылады. Республикада жыл сайын 13-14,5 мың туберкулезбен ауыратындар анықталды, 52,2 мың аурулар есепте тұр, олардың 14 мыңы бактерия бөлетіндер. 12,1 мың ауру еңбекпен түзету мекемелерінде жүр. Жыл сайын туберкулезден 6 мың ауру қаза табады.
Қоршаған орта
Бұрынғы жоспарлау идеологиясындағы өрескел қателіктер, экологиялық жобалардың алысты болжай алмауы, өнеркәсіптің тау-кен өндіруді өңдеу секторы басым шаруашылық етудің ерекшеліктері, әскери техникалар мен қаруларды сынауға арналған полигондардың бар болуы, тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер ауыр экологиялық зардаптарға: ормандардың біртіндеп азаюына, топырақтың эрозиялануына, Арал теңізінің құрғауына, өзендердің және топырақтардың химиялық ластануына, қышқыл жаңбырларға және т.б. әкеп соқты.
Қазақстан Республикасының 630 мың шаршы метр алаңы экологиясы нашар жерлерге жатады. Әдеттегідей, экологиялық нашар аймақтар еліміздің адамдар тұратын жерлерінде орналасқан.
Республикада қоршаған ортаның қатер туғызу факторларының мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ, сондықтан да экологиялық апатты дұрыс түсіну үшін мәліметтер банкін жасау - әрі қарай дамуымыздың қажетті шарты.
Кедейлік
Джакарта декларациясы бойынша кедейлік денсаулықтың басты жауы болып табылады. 1996 жылдың маусымында Қазақстан халқының 35%-тен астамы кедейлікте тұрмыс (өмір сүру минимумы көрсеткішінің негізінде).
Қазақстанда қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық еліміздің әртүрлі аймақтар арасындағы сияқты айтарлықтай үлкен емес. Еліміздің оңтүстік облыстарында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) халықтың 2/3 кедейлікте өмір сүруде.
Отбасының өлшемі мен кедейлік деңгейі өзара тығыз байланысты. Өтпелі кезең көп баланы және асырап отырған адамды бағып-қағып отырған отбасыларына өте қиын соқты. Кедейлік едәуір жағдайда жұмыссыздықпен байланысып жатады. Өтпелі кезеңде өзіміздің азық-түлік өндірісіміз маңызды тамақтану көзі болды, 1996 жылдың маусымында оның үлесіне барлық тұтынған тамақ өнімдерінің 1/3 сәйкес келді. Өз азық-түлік өнімдерімізді шығарудың мүмкіншілігі аман қалу стратегиясының маңызды элементтері болып табылады. Қазақстанда отбасылар арасында едәуір көлемде жеке материалдық көмек көрсету дәстүрі бар, ол әлеуметтік қорғаудың биресми желісі қызметін атқарады.
3 тарау
"Салауатты өмір салты"
Республикалық кешенді
бағдарламаның басымдық
бағыттары
Осы бағдарламаның басты мақсаты өмір сүру мен тіршілік ету ортасының сапасын жақсартуға ықпал ету, жеке адам және жалпы қоғам үшін денсаулық пен салауатты өмір салтына деген жаңа қарым-қатынасты қалыптастыру жолымен халықтың денсаулығын жақсарту болып табылады.
Бағдарламаның басты мақсатын жүзеге асырудың басымдықтары мыналар болып табылады:
- халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жасау;
- қауіпсіз және сенімді тіршілік ортасын қамтамасыз ету;
- денсаулықты сақтау және күшейту үшін әлеуметтік шарттар жасау;
- салауатты өмір салтына жәрдемдесу;
- денсаулық сақтау жүйесін медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде алғашқы алдын алу мен денсаулықты күшейтуді бағыттай отырып қайта құру.
Негізгі принциптері:
- халықтың денсаулығын алдын алу және күшейтуге үйлестірілген салааралық қадам жасау;
- жеке адам, отбасы және жалпы адамзат деңгейінде денсаулықты сақтау мен күшейту жөніндегі коммуникациялар мен халықтың білім алуына кешенді қадам жасау;
- бағдарламаның ғылыми жолмен жүруі, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық стратегиясының тұжырымдамасын жасау және басымдықтарын анықтау;
- аурулардың алдын алу, денсаулықты күшейтуді және салауатты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру.
Бағдарламаларды дайындау кезінде мына ақпараттық базалар пайдаланылды:
- эпидемиологиялық мәліметтер;
- халықтың мінез-құлқы мен ұстанған бағыттары;
- халықтың қажеттіліктері, қоғамдық пікір;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің желісі мен құрылымы;
- адам ресурстары;
- халықаралық озық тәжірибе;
- қаржылық мүмкіндіктер;
- салауатты өмір салтын дамытудың негізгі құндылықтары.
Бағдарламалардың басымдық компоненттері мыналар болып табылады:
1. Сапалы және тиімді тамақтану.
2. Дене шынықтыру мен спортты дамыту.
3. Ішімдік пен маскүнемдікке салынуға қарсы күрес.
4. Темекі шегудің алдын алу.
5. Есірткілермен күрес.
6. Қауіпсіз жыныстық мінез-құлық.
7. Жұқпалы аурулардың алдын алу.
8. Қоршаған ортаны қорғау.
3.1 тарау
Сапалы және тиімді тамақтануға
жәрдемдесу стратегиясы
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. ҚР халқының сапалы және тиімді тамақтануының нормаларын тарату.
2. Осы заманғы нормаларға сәйкес келетін азық-түлік өнімдерінің жеткілікті болуы.
3. Жұмыс орындары мен оқу орындарында осы заманғы денсаулық нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету.
4. Азық-түлік өнімдерінің сапасын халықаралық талаптарға сәйкес қамтамасыз ету саласында заң актілерінің жобасын жасау.
5. Ерте жастағы балалар мен бала туатын әйелдер арасында темір жетіспейтін анемияны толығымен жою.
6. ҚР гипотиреозды (қалқанша без қызметінің нашарлауын) спораттық жағдайға дейін төмендету.
7. Емшек емуді 90%-ке дейін жеткізу.
8. Балалардың және арнайы тамақтар өнімдерін, тағамға қосылатын биологиялық активті қосатын заттарды өндіру индустриясын құру.
9. Экологиялық таза өнімдер шығару индустриясын құру.
10. ҚР-на сапасыз өнімдерді алып келудің жолын кесу шараларының тиімді жүйесін жасау.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы заңның жобасын жасау.
2. ҚР Үкіметінің тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сертификаттау сынақтарын өткізетін ведомствоаралық қызметтердің өзара қарым-қатынасы туралы ҚР Үкіметінің Қаулысын қабылдау.
3. Халықтың анағұрлым осал топтарының (балалар мен бала туатын әйелдер) арасында темір жетіспейтін жағдайлардың алдын алу шараларын жасау.
4. Тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын ұйымдардың қызметін дамыту және қолдау көрсету.
5. Тамақ өнімдері жөніндегі тұтынушылардың ақпараттық жүйесін дамыту.
6. Аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып салауатты тамақтану мәдениетін көтеру.
7. ҚР Үкіметінің "Йод жетіспеушіліктен болатын бұзылуды және оның ҚР халқы ішіндегі салдарын жою және алдын алу туралы" кешенді бағдарламаны бекіту қаулысын қабылдау.
8. Сүттік, астық, жеміс-жидек және еттік негіздегі балалардың тамақ өнімдерін өндіретін отандық индустрияны ұйымдастыру.
9. Аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тиімді тамақтану принциптерін барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты кеңінен насихаттау.
10. ҚР сүт зауыттарында айраннан жасалған анемияға қарсы өнімдерді енгізу және шығару.
11. Облыс орталықтары мен ірі қалалардағы балалардың сүт тағамдары асханаларында технологиялық желілерді орнату.
12. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерге арналған салауатты тамақтану жөніндегі оқу бағдарламаларын дамыту.
13. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тиімді тамақтануды қамтамасыз ету.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Аурулардың алдын алу және ҚР халқының денсаулығын күшейтуге арналған сапалы және тиімді тамақтануға жәрдемдесудің стандарттарын анықтау және заңдық-нормативтік базасын жасау.
Іс-қимыл жоспары:
1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңның жобасын әзірлеу.
2. ҚР Үкіметінің барлық тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сертификаттау қызметтерінің өзара қарым-қатынасы туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу.
3. Тамақ өнімдерінің стандарттарын және бақылаудың бірыңғай әдістерін жасау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Заңгерлік (жаңа заң актілерін қабылдау, қолданылып жүргендерін жетілдіру).
2. Биохимиялық және микробиологиялық (тиімділіктің мониторингі және бағалаудың лабораториялық әдістері).
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңды
қабылдау туралы ұсыныс енгізу.
Ұлттық және жаңадан жасалған тамақ өнімдері сапасының,
қауіпсіздігінің және мемлекеттік стандарттарының регламенттерін
жасау және жетілдіру.
Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен
қауіпсіздігі параметрлерін анықтаудың экспериментальдық-
лабораториялық әдістерін жетілдіру және жедел әдістерін жасау.
2000 ж. - ҚР аумағында азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің
сапасы мен қауіпсіздігі көрсеткіштерін халықаралық талаптарды
ескере отырып экспертизалау тәртібін реттейтін жаңа нормативтік
құжаттар мен ведомствоаралық қаулыларды әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
II Мақсат: Ерте жастағы балалар мен бала туатын әйелдер арасында темір жетіспейтін анемияны сатылап жою.
Іс-қимыл жоспары:
1. Кең ауқымды популяциялық деңгейде халықтың анағұрлым осал топтары (балалар мен бала туатын әйелдер) арасында темір жетіспейтін анемияны жою жөніндегі шұғыл алдын алу шараларын өткізу.
2. Барлық ұн тарту кәсіпорындарында өндірілген ұндарды темір препаратымен күшейту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Технологиялық (барлық ұн тарту кәсіпорындарында өндірілген ұндарды темір препаратымен күшейту технологиясын енгізу).
2. Терапевтік (жалпы республика бойынша халықтың тиісті топтарының апта сайын темір препараттарын қабылдауы).
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - 0,5-2 жастағы балалардың перифериялық қаны құрамындағы
гемоглобинді міндетті түрде өлшеуді ұйымдастыру.
Ұн тарту кәсіпорындарының тізбесін анықтау және ЮНИСЕФ
тарапынан ұнды күшейтуге арналған құрал-жабдықтар мен
аппаратураны жеткізуді қамтамасыз ету.
1999-2000 ж.ж.- күшейтілген ұн қабылдаған адамдардың (ерте жастағы балалар,
бала туатын және екіқабат әйелдер) перифериялық қаны құрамындағы
гемоглобинді өлшеуді ұйымдастыру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, жергілікті атқару органдары.
III Мақсат: Йод жетіспеушіліктен болатын бұзылуды және оның Қазақстан Республикасының халқы ішіндегі салдарының алдын алу.
Іс-қимыл жоспары:
1. Йодталған ас тұзының мемлекеттік стандарттарын жасау және бекіту.
2. Йод жетіспеушілік күйіне мониторингті ұйымдастыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Биохимиялық (тиімділіктің мониторингі және бағалаудың лабораториялық әдістері).
2. Терапевтік (жалпы республика бойынша халықтың тиісті топтарының йод препараттарын қабылдауын енгізу).
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Йодталған ас тұзының мемлекеттік стандарттарын жасау және
оны бекіту, йод жетіспейтін күй бойынша қатерлі топтарды анықтау
үшін эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру. Эпидемиологиялық
зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді талдау; тұзға арналған
тиісті қорапты жасау және оны ҚР аумағындағы тұз шығаратын
барлық кәсіпорындарға енгізу.
2000 ж. - Йод жетіспейтін күйді мониторингтік зерттеуді ұйымдастыру және
жүргізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты.
IV Мақсат: Емшек емізуді қолдау және тарату.
Іс-қимыл жоспары:
1. Барлық босануға көмектесу мекемелерінде емшек емізуді қолдау жөніндегі ДДҰ 10 принципін енгізу.
2. Барлық босануға көмектесу мекемелерінің "нәрестеге мейіріммен қарайтын аурухана" мәртебесін алуы.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Заңгерлік (нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау).
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу және медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің санитарлық-ағартушылық ролін көтеру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - ҚР-ның барлық босануға көмектесу мекемелерінде емшек емізуді
қолдау жөніндегі ДДҰ 10 принципін енгізу жөнінде ұсыныс енгізу,
емшек емізу принциптерін енгізу жөніндегі орта медицина
қызметкерлеріне арналған жүйелі тренингті ұйымдастыру.
Емшек емізудің пайдасы туралы радио мен теледидарда
хабарлар, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар ұйымдастыру.
2000 ж. - Барлық босануға көмектесу мекемелерінің "нәрестеге мейіріммен
қарайтын аурухана" мәртебесін алуы.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты.
V Мақсат: ҚР халқының тиімді тамақтану саласындағы білімділік.
Іс-қимыл жоспары:
1. Тиімді тамақтану принциптері туралы халықтың білім деңгейін бағалау.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиімді тамақтану принциптерін тарату.
3. Мамандарды оқытуға және көпшілік қауымға арналған салауатты тамақтану мәселелері жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді жасау және басып шығару.
4. Тамаққа деген коммерциялық мүдделер мен ғылыми емес көзқарастарға қарсы күрес.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Халыққа сауалдама жасау.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу және санитарлық- ағартушылық жұмысты жоғары көтеру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Тиімді тамақтану жөніндегі білім деңгейін бағалау үшін халық
арасында анкеталау жұмыстарын жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мен оқытудың
әдістемесін негіздеу. Тамақтану мәселелері жөніндегі әдістемелік
ұсыныстарды басып шығару.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тамақтану мәселелері
жөніндегі мақалалар, радио мен теледидарда салауатты тамақтану
туралы хабарлар ұйымдастыру. Анкета жүргізу нәтижелерін талдау.
Тамақтану мәселелері жөніндегі басылымдарды, бұқаралық ақпарат
құралдарында айдарлар мен колонкалар ұйымдастыру. Халықтың
әртүрлі топтарының тамақтануы мәселелері бойынша әдістемелік
ұсыныстар мен ғылыми-практикалық әдебиеттерді басып шығару. 2000 ж.