- Анкета жүргізу жолымен тағамдық мінез-құлықтың өзгеруін бағалау.
Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануы мәселелері бойынша
әдістемелік ұсыныстар мен ғылыми-практикалық әдебиеттерді басып
шығару. Бұқаралық ақпарат құралдарында тамақтану мәселелері
жөніндегі мақалалар, радио мен теледидарда салауатты тамақтану
туралы хабарлар ұйымдастыру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты.
3.2 тарау
Дене шынықтыру мен спортты
дамытудың стратегиясы
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Халық арасында өмір сүрудің сапасын арттыру, моральдық және дене жетілуіне қол жеткізу үшін дене шынықтыру мен спортты кеңінен таратуға ықпал жасау.
2. Халықтың дене шынықтыру-сауықтыру объектілеріне, спорт киімдері мен заттарына деген қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандыру.
3. Дене шынықтыру мен спортты дамыту ісінде әртүрлі ведомстволардың күш салуын басқару және үйлестіру механизмдерін жетілдіру.
4. Саланы қамтамасыз етудің ұйымдық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік және медициналық жүйесін құру.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігінің ғылыми-негізделген көлемін (аптасына 10-12 сағат) орындауға қажетті шарттарды жасау.
2. Студент және оқушы жастардың қозғалыс белсенділігі көлемін (аптасына 8-10 сағат) орындауы.
3. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың ғылыми-ұсынылған көлемін (аптасына 3-4,5 сағат) орындауын қамтамасыз ету.
4. Дене шынықтыру-емдеумен және спортпен шұғылданатын адамдардың денсаулығына медициналық бақылау жасау жүйесін құру.
5. Жекелеген аймақтардың кадрларға деген сұранысын қамтамасыз ету, арнайы семинарларда спорт қызметкерлерін дайындау.
6. Тұрғын үй массивтерін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін орындау.
7. Ірі оқу орындары мен кәсіпорындардың базасында мәдени-спорт кешендерін құру.
8. Жалпы халық арасында бос уақытын салауатты дене белсенділігіне арнауды танымал ету.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Халықты дене шынықтыру мен спорттың денсаулық үшін пайдалылығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
Бұқаралық ақпарат құралдарында дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ жоғары дене белсенділігі мен спортпен шұғылданудың денсаулыққа оң ықпалын насихаттауды мақсатты түрде ұйымдастыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Дене тәрбиесінің мәселелері бойынша радиода, теледидарда және баспасөзде арнайы хабарлар, айдарлар ұйымдастыру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар санын 20%-ке
арттыру.
2000 ж. - Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар санын 20%-ке
арттыру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
II Мақсат: Дене шынықтыру және спорт жөніндегі базалық мектепке дейінгі, мектеп және студенттік бағдарламаларды жасау.
Іс-қимыл жоспары:
Мектептер және мектеп жасына дейінгі мекемелердің барлық түрлеріне арналған дене шынықтыру мен спорт жөніндегі бағдарламаларды жасау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Жалпы білім беретін мектептің базистік жоспарына дене шынықтырудың үшінші сабағын біртіндеп енгізу.
2. 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыздарды дене шынықтыру сабағында
бөлек оқытуды біртіндеп енгізу.
3. Жоғары және орта оқу орындарындағы оқу кезеңінде көлемі 450 сағаттық міндетті дене шынықтыру сабағын енгізу - аптасына 4 сағат.
4. Барлық оқу орындарында Президенттік тесттен өтуді енгізу.
5. Жалпы білім беру мектептерінің күн режиміне таңертеңгілік жаттығуды, "денешынықтыру кідірісін", "денешынықтыру минутын", "қозғалысты үзілістерді" енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Оқушылар мен студент жастар арасында қимылдау белсенділігін
аптасына 8-10 сағатқа дейін арттыру.
2000 ж. - Президенттің тест нормативтерін орындаған оқушылар,
студенттер санын 30%-ке арттыру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
III Мақсат: Оқу орындарындағы дене шынықтыру мен спорттың базалық сабақтарына толықтыру ретінде дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың оқудан тыс түрін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
Оқудан тыс спорттық ұйымдар желісін дамыту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Тұрғылықты жерлерде спорт секциялары мен клубтарын құру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Спорттық және сауықтыру объектілерінің желісімен 30%-ке
қамтамасыз ету.
2000 ж. - Спорттық және сауықтыру объектілерінің желісімен 60%-ке
қамтамасыз ету.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, пәтер иелері кооперативтері, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары.
IV Мақсат: Кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек пен демалысты ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру мен спортты енгізу.
Іс-қимыл жоспары:
1. Жұмыс орындарында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жағдай жасау.
2. Жұмыс істейтіндерге арнап салауатты өмір салтын сақтаудың дәлелдері мен ынталандыруларын жасау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Кәсіпорындар мен мекемелерде, демалыс орындарында және тұрғылықты жерлерде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындарды бөлу және жабдықтау.
2. Еңбек күні режиміне дене шынықтырумен шұғылдануды енгізу.
3. Салауатты өмір салтын сақтауға халықтың қызығушылығын тудыратын экономикалық ынталандыру мен материалдық көтермелеуді және марапаттауды енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Жұмыс істейтіндердің ауруға шалдығуын бастапқыдан 20%-ке
төмендету.
2000 ж. - Жұмыс істейтіндердің ауруға шалдығуын бастапқыдан 30%-ке
төмендету.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар, пәтер иелерінің кооперативтері.
V Мақсат: Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға халықтың анағұрлым осал топтарын тарту.
Іс-қимыл жоспары:
Мүгедектердің, тұрмысы нашарлардың, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Мүгедектерге арналған мамандандырылған спорт мекемелерін құру.
2. Халықтың тұрмысы нашар топтарының арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына барынша мүмкіндіктер туғызу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Халықтың анағұрлым осал топтары арасында дене шынықтыру және
спортпен шұғылданатындарды 20%-ке арттыру.
2000 ж. - Халықтың анағұрлым осал топтары арасында дене шынықтыру және
спортпен шұғылданатындарды 30%-ке арттыру.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар.
3.3 тарау
Маскүнемдікпен және алкоголизммен
күресу жөніндегі кешенді
мақсатты бағдарлама
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Спирт ішімдіктерін тұтыну мөлшерін төмендету мақсатымен әлеуметтік-мәдени климат жасау.
2. Спирт тұтынудан болатын медициналық және әлеуметтік проблемаларды азайтудың нәтижелі бағдарламаларын енгізу.
3. Алкоголь өндіруді, таратуды және жарнамалауды бақылауға алу.
4. Алкогольды шамасымен және мәдениетті түрде тұтыну мүддесіндегі бұқаралық ақпарат.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Спирт ішімдіктерін пайдаланудың өсуінен болған экономикалық зардаптарға (алкоголизмді, спирт ішімдіктерін пайдаланудан болған алкогольдік асқынуларды емдеуге кеткен шығындар, маскүнемдердің кінәсінен болған төтенше оқиғалар мен өрттер және т.б.), жол-көлік оқиғаларына талдау жасалсын.
2. Республикалық және аймақтық деңгейлерде халықпен психикалық алдын алу жұмыстарын жүргізуге әкімшілік және қаржылай жәрдемдесу, салауатты өмір салтын насихаттаушы коммерциялық ұйымдар мен өзіне өзі көмектесу топтарына қолдау көрсету жөніндегі шараларды жасау және рет-ретімен жүзеге асыру.
3. Халықтың әртүрлі топтарының маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес шараларының тиімділігі туралы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне берер бағалары туралы қоғамдық пікірлерін зерттеу.
4. Жастардың алкогольды мәдениетті түрде және шамасымен тұтынуы мақсатында жастардың ұйымдарымен, жастардың субмәдениетіне тән топтармен ынтымақтасу.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, заңдық қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
Алкогольды тұтынуға бақылау жасаудың мемлекеттік саясаты заңдылық ықпал етуді күшейту, спирт ішімдіктерін заңды өндіру және сатудың тәртібін бекітетін, құқық бұзушылыққа жауапкершілікті, осы мәселелер жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілейтін бірқатар нормативтік актілерді қабылдау.
1. Мына заң актілерінің қолданысқа енгізілуін қамтамасыз ету:
- ұйымдарда, қалалық көліктердің барлық түрлерінде спирт ішімдіктерін пайдалануға тыйым салу туралы;
- спорттық және мәдени-қойылымдар шараларын спирт ішімдіктерін пайдаланудан азат аймақтар деп жариялау туралы;
- жаңа заңдарды қабылдау, не болмаса қолданылып жүрген заңдарға толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды жасау.
2. "Әкімшілік жауапкершілік туралы" заңға:
- сауда ұйымдарының, жеке фирмалардың, коммерциялық және басқа да сауда кәсіпорындарының 18 жасқа толмаған адамдарға спирт ішімдіктерін сатқаны үшін жауапкершілігін белгілейтін нормаларды;
- 18 жасқа толмаған жас жеткіншектердің қоғамдық орындарда мас, адам намысын және қоғамдық парасаттылықты қорлайтын түрде пайда болуы, дәл сол сияқты спирт ішімдіктеріне салынуына олардың ата-аналарының жоғары жауапкершілігін енгізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Заң актілерін енгізу және жүзеге асыру.
2. Жоспарлау, дайындау, әкімшілік тәртіппен шешімдер қабылдау.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындау, оларды
қабылдау, қоғамдық пікірлерді зерттеу.
2000 ж. - Нормативтік құқықтық актілерді түзету.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Алкоголь өнімдерін өндіруге және айналымға салуға мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет, жергілікті атқару органдары.
II Мақсат: Спирт ішімдіктерін тұтынуға қарсы күрестің ұйымдастыру шараларын жетілдіру.
Іс-қимыл жоспары:
1. Мемлекеттік атқару және заң шығару органдарының, ҚР Ішкі істер министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына арналған спирт ішімдіктерін ішуден халықтың денсаулығына және елдің экономикасына келтірілетін үлкен зардаптарға байланысты проблемалар жөніндегі ақпараттық-оқыту бағытындағы семинарлар өткізу.
2. Денсаулық сақтаудың бастауыш звеноларында жалпы сипаттағы араласу.
3. Мектептердегі мақсатты жұмыстар.
4. Алкогольді пайдаланудың денсаулыққа, от басына және қоғамға тигізер салдарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы спирт ішімдіктеріне салынудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын мақсатты жүргізіп отыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметкерлерін (медбикелерді, дәрігерлерді, фармацевтерді, тіс дәрігерлерін) дайындау бағдарламасын жасау, енгізу және енгізілуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету.
2. Спирт ішімдіктеріне әуес болудың алдын алуға бағытталған сабақтардың тақырыптамаларын жасау және мектеп оқушыларына арналған валеология бағдарламаларына енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Мүдделі медициналық қызмет мекемелерінің есептері.
2000 ж. - Ғылыми талдау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқару органдары.
III Мақсат: Алкогольді ішімдіктерді шектен тыс пайдаланудың алдын ала ескерту.
Іс-қимыл жоспары:
1. Маскүнемдікпен күресті орталықтан бөлу, бұл проблеманы (бюджеттік, экономикалық, әлеуметтік, медициналық) шешуде жергілікті өкімет органдарына үлкен дербестік беру.
2. Маскүнемдікті, алкоголизмді алдын алу және жеңудің облыстық, қалалық және аудандық кешенді бағдарламаларын жасау.
3. Қажетті талдаулар жасау және тиісті ведомстволарға халықтың алкоголь ішімдіктерін тұтыну қатері жоғары топтарын анықтау жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар беру.
4. Отандық және шетелдік жұмыс тәжірибелерін ескере отырып алкогольді пайдаланудың зияны туралы ағарту бағдарламаларын құрастыру және өткізу жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау.
5. Халық арасында алкогольге салынудың зиянды салдарлары туралы санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
6. Діндар адамдарға діни уағыз және басқа да салт-дәстүрлер кезінде маскүнемдік пен алкоголизмнің проблемаларына жиі тоқталу туралы ұсыныс жасау.
7. Денсаулық сақтаудың наркологиялық мекемелері мен қалалық, аудандық әскери комиссариаттар жанындағы медициналық дәрігерлік комиссия арасында дер кезінде алдын алу және медициналық сипаттағы шараларды қабылдау үшін алкогольге әуестенген әскер жасына дейінгі жеткіншектерді зерттеу жөніндегі өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Листовкалар, брошюралар, плакаттар жариялау.
2. Барлық оқу орындарында, мәдениет үйлерінде, театр-концерт мекемелерінде әңгімелер, тақырыптық кештер, плакаттар, кітаптар көрмесін ұйымдастыру.
3. Теле-, радиохабарларын, мерзімді баспасөздегі мақалаларды ұйымдастыру.
4. Тиімді ұйымдастыру нысандарының негізінде жоғары қатерлі топтармен алдын алу жұмыстарын орындау үшін педагогтарды, медицина, әлеуметтік және құқық қорғау қызметі қызметкерлерін тиісінше дайындау.
5. Алкоголизмнің зиянды салдарларын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан зерттеп отыру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Ғылыми талдау.
1999-2000 ж.ж. - Алкоголизмнің дамуы үрдісінің, алкогольге салынумен
байланысты аурулардың таралуының мониторингі.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
3.4 тарау
Темекі мен темекі бұйымдарын
қысқарту жөніндегі кешенді
мақсатты бағдарлама
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. 2010 жылға темекі шекпейтіндердің санын айтарлықтай көбейту.
2. 2010 жылға шылымдағы смола мен никотиннің құрамының ең жоғары рұқсат етілетін деңгейін тиісінше 12 және 1 мг деп белгілеу.
3. Өндірілетін темекі бұйымдарының сапасына бақылау қою.
4. Әйелдер арасында темекі тартудың алдын алу - әйелдер, бойжеткендер (жастар) арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
5. Темекіден бас тартуды көтермелейтін әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлықтық және басқа да ынталандыруларға оң ықпал жасау.
6. Темекінің халықтың денсаулығына ықпалының тұрақты мониторингін жүргізу және бағалау.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Түтінсіз өмір салтын насихаттау, санитарлық ағарту.
2. Кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында және кез келген өзге де түрінде темекі мен темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу.
3. Темекі шегумен күрес жөніндегі заңдық және нормативтік-құқықтық актілердің жобасын жасау.
4. Темекі бұйымдарына баға құрау және салық салудың жаңа жүйесін жасау, темекі салығынан алынған қаражатты санитарлық-ағарту және медициналық бағдарламаларға жұмсау.
5. Темекі бұйымдарын контрабандалық жолмен әкелумен күрестің тиімді механизмдерін енгізу, темекі өнімдерін сатуға, лицензиялық алып келу мен алып шығуға мемлекеттің монополиясын бекіту.
6. Өндірушілердің шығарған өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілігін енгізу.
7. Халықтың темекі тұтынуының өсуінен келетін экономикалық зиянға талдау жүргізу.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Заңдық ұсыныстарды қабылдау (темекі мен темекі бұйымдары жөніндегі заң жобалары арқылы):
1. Темекі бұйымдарына салық салу саясатын өзгерту туралы.
2. 18 жасқа толмаған жастардың темекі бұйымдарына жолын шектеу.
3. Темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу.
4. Темекі бұйымдарын бақылау және сәйкестігін тексеру туралы.
5. Темекі түтінсіз қоршаған орта туралы.
Іс-қимыл жоспары:
1. Темекі бұйымдарына салықты 3%-ке көтеру.
2. Салық есебінен алынған кірістерді темекіге қарсы күрес шараларын қаржыландыруға пайдалану (темекі бұйымдарын сатудан алынған акциздік салықтардың 2-3%).
3. Темекі бұйымдарының үлгілерін оларды жасаушылардың, таратушылардың және сатушылардың тегін таратуына тыйым салу.
4. Темекі бұйымдарының қораптарының алдыңғы және сырт беттерінде темекі шегудің зияндылығын медициналық ескертулер алаңын 20%-ке көбейту.
5. Барлық жұмыс және қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде темекі тартуға тыйым салу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Мүдделі министрліктер және ведомстволармен, Парламент депутаттарымен республикадағы темекі мен темекі бұйымдарының айналымын реттейтін заңдық ұсыныстарды өткізуге күш салу.
2. Темекі жөніндегі кешенді мақсатты бағдарламаны қабылдау.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Заңдарды әзірлеу және енгізу.
2000 ж. - Қабылданған заңдарды өмірге енгізу туралы, қоғамдық пікір
туралы ақпарат.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі, жергілікті атқару органдары, жұмыс берушілер.
II Мақсат: Темекі шегуді тастағысы келгендерге тиімді және кеңінен қолданулар көрсету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Темекіні тастағысы келетіндерге көмек көрсетудің (арнайы ерлер, әйелдер және жеткіншектерге арналған) бағдарламаларын жасау және кеңінен енгізу.
2. Денсаулық сақтаудың бастауыш звенолары деңгейінде жалпы сипаттағы араласулар.
3. Екі қабат әйелдермен жүйелі бағытта жұмыстар жүргізу.
4. Никотиналмастыру терапиясын пайдалану және енгізу.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен темекіні тастағандарға қолдау көрсету жөніндегі үйлестірілген және орнықты жұмыстарын өткізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметкерлеріне арналған арнайы дайындық бағдарламаларын жүргізу.
2. Темекі шегу әдетінен арылудың дәлелдерін күшейту жөніндегі қызметтер (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы санитарлық ағарту, қоғамды хабардар ету).
3. Теле-, радиохабарларын тарату арналары және баспа өнімдері арқылы "Темекіні қалай тастауға болады" тақырыбындағы ақыл-кеңес беретін бағдарламалар жүргізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қара базарды зерттеу және оны қысқарту.
2000 ж. - Ғылыми талдау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
III Мақсат: Халықтың темекінің зияны туралы хабардар болуы деңгейін жоғарылату, темекі шегудің таралуын төмендетуге жәрдемдесетін әлеуметтік климат жасау.
Іс-қимыл жоспары:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында темекіге қарсы күрес жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін бағдарламаларды құру.
2. Санитарлық ағарту, ақпарат және қоғамдық пікірді дамыту.
3. Практикалық ұсыныстарды жасау үшін ғылыми әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
4. Темекі шегуді болдырмауға және доғаруға бағытталған ағарту және насихаттаудың тиімді бағдарламалары.
5. Барлық мектептерде темекі шегумен байланысты мәселелер жөніндегі тиімді ағарту бағдарламаларын жүргізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Темекіге қарсы кешенді бағдарламаны жасау және енгізу.
2. Түтінсіз өмір салтын насихаттаудың кең ауқымды желісі.
3. Теледидар арналары мен баспасөз басылымдарына темекі шегудің зияны туралы хабарлар мен айдарлар енгізу.
4. "Темекі шегу - көптеген аурулардың қатерін туғызатын фактор" бейнеролигін жасау және енгізу.
5. Темекі өнеркәсібінің құрылымдары, қаржылық қызметі, мәліметтер базасы және саяси ықпалы туралы ашық ақпарат.
6. Листовкалар, брошюралар, плакаттар және басқа материалдарды жасау.
7. Жыл сайын Дүниежүзілік темекісіз күнді өткізіп тұру.
Қозғалысты мониторинг:
1999-2000 ж.ж. - Темекі шегу мен темекіні пайдаланудың басқа түрлерінің
дамуы үрдісінің, темекі шегумен байланысты аурулардың таралуының
және жергілікті, ұлттық, халықаралық деңгейдегі темекіге бақылау
жасау жөніндегі ұлттық іс-әрекеттердің тиімділігінің мониторингі.