2. Бірлескен іс-қимылдар жоспарын жасау.
3. Ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудағы әріптестікті дамыту.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Ұлттық бағдарламаны
талқылау, ұсыныстар енгізу, бірлескен конференциялар, дөңгелек
столдар өткізу.
2000 ж. - Қоршаған ортаны қорғаудың Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру
жөніндегі бірлескен қызмет.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
VI Мақсат: Экологиялық апаттардың салдарының қатерін төмендету.
Іс-қимыл жоспары:
Экологиялық апаттардың салдарларын жою жөніндегі мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларға қатысу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Жағдайды талдау, оның денсаулыққа тигізер әсерінің болжамын жасау.
2. Экологиялық апат аймақтарындағы жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды жасау.
3. Экологиялық апат аймақтарындағы қоршаған ортаның өзгеруінің тигізер әсерін анықтау жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу.
4. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Экологиялық апат аймақтарындағы жағдайды талдау.
1999 ж. - Жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізінде ұсыныстар жасау.
2000 ж. - Экологиялық апат аймақтарындағы денсаулық көрсеткіштерінің
мониторингі.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті атқару органдары.
VII Мақсат: Адамның табиғи, әлеуметтік және өндірістік тіршілік ету ортасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау.
Іс-қимыл жоспары:
Елді мекендер мен жұмыс-орындарын салауаттандыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Елді мекендер мен жұмыс орындарын салауаттандыру проблемалары жөніндегі ұсыныстарды жасау.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында елді мекендер мен жұмыс орындарын салауаттандыру әдістерін кеңінен жариялау.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Ұсыныстар жасау, оларды кеңінен жариялау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқару органдары, жұмыс берушілер.
4 тарау
"Салауатты өмір салты" республикалық кешенді
бағдарламаны жүзеге асырудың басты
стратегиялық бағыттары
Басымдық бағдарламалар "Салауатты өмір салты" республикалық кешенді бағдарламаны жүзеге асыруға арналған тік негізі болып табылады. Сонымен қатар "көлбеу" жолы - басты стратегиялық бағыттары да жоспарлануда. Бұл көзқарас бірыңғай философияны, ғылыми негізділігін, коммуникациялық қолдауды, құқықтық ортаны, адам ресурстарының дамуын, салауатты өмір салтының дамуын, іс-қимылдардың ішкі интеграциясын қамтамасыз етеді.
Басты стратегиялық бағыттар:
1. Құқықтық орта
2. Ақпарат, білім беру, коммуникация
3. Оқу бағдарламаларын жасау
4. Қолданбалы жасалымдар
5. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек
4.1 тарау
Салауатты өмір салтын
қалыптастыруға арналған
құқықтық ортаны қамтамасыз ету
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамытуға ықпал ететін денсаулық сақтау саласындағы заң актілерінің біртұтас кешенді жүйесін құру.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті заң актілерін салааралық және ведомствоаралық тиімді үйлестіруді жүзеге асыру.
3. Денсаулықты қорғау және қоршаған ортаны қорғау мүддесінде өндірістік және коммерциялық қызметтерді тиімді реттеу.
4. Өмір салтымен және адамның жеке бас құқығымен байланысты заңдарды толығымен үндестіру.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Заңдарды салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі осы заманғы саясат тұрғысынан қайта қарау және бағалау.
2. Денсаулыққа зиянды тауар өндіруді заңдық жолымен шектеу.
3. Денсаулыққа зиянды тамақ өнімдері мен тауарларды жарнамалауға тыйым салу.
4. Денсаулық мүддесіндегі ведомствоаралық және салааралық ынтымақтастықты тиімді заңгерлік негіздеу.
5. Денсаулықты қорғау мүддесіндегі заңдардың тиімділігін зерттеуді дамыту.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Тамақ өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету саласындағы заң шығару ісін дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
1. Азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңның жобасын әзірлеу.
2. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сертификациялық сынақтар жүргізетін ведомствоаралық қызметтердің өзара іс-әрекеті туралы Үкімет Қаулысын қабылдау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы Заңды
қабылдау туралы ұсыныс енгізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Ғылым академиясының Тамақтану институты, ҚР Әділет министрлігі, жергілікті атқару органдары.
II Мақсат: Есірткілердің сұранысы мен пайдалануды төмендету саласында заңдық базаны дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
1. Есірткіге деген сұранысты төмендету саласында тиімді өзара әрекет ету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заңдық және нормативтік актілерді талдау.
2. Өзара келісілген заңдар мен заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жасай отырып есірткілерге мемлекеттік бақылауды, олардың қабылдануының реттілігін және олардың сапалы дайындалуына жауапты мемлекеттік органдардың тобын құқықтық қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру әдістері:
3. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
4. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Нашақорлық проблемаларына қатысты қолданылып жүрген
нормативтік құқықтық актілерді талдау мен бағалауды аяқтау.
1999 ж. - Заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу, ҚР
наркология қызметін жетілдіру жөніндегі заң мен Үкімет қаулысының
жобасын әзірлеу.
2000 ж. - Жаңадан қабылданған заң актілерінің күшіне енуі, ҚР-дағы
нашақорлық проблемалары жөніндегі заңдық және нормативтік
актілердің жүзеге асырылуын талдау.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссия, ҚР Ішкі істер министрлігі.
III Мақсат: Темекі бұйымдары мен алкогольге сұранысты төмендету жөніндегі заңдық базаны қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Шығарылған өнімдердің сапасына жауапкершілікті күшейту.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген заң актілерін талдау және бағалау,
нормативтік-құқықтық актілердің қолданылып жүргендеріне
толықтырулар мен өзгертулер енгізу және жаңасын әзірлеу.
2000 ж. - Жаңадан қабылданған құқықтық актілердің күшіне енуі.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі.
IV Мақсат: Қауіпсіз сексті тарату, СПИД/ВИЧ және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жөніндегі заңдық базаны қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Отбасыларында, жасөспірімдер мен жастар арасында антиәлеуметтік үрдістерді бақылауға алу мәселелеріндегі құқықтық қатынас саясатын реформалау.
2. Жезөкшелік, сексуальдық азшылық, СПИД/ВИЧ және жыныстық жолмен берілетін ауруларға күштеп тексеру мәселелері жөніндегі қолданылып жүрген нормативтік-заң актілерін қайта қарау және оларды халықаралық нормаларға сәйкестендіру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық базаны талдау,
бағалау және ол туралы есеп беру.
1999 ж. - Нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер
енгізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі.
V Мақсат: Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдық базаны дамыту және қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Жеке басты дамытуға арналған құқықтық шарттар жасау, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, халықтың дене шынықтыру және спортпен саналы түрде шұғылдануына қызығушылық таныту, материалдық-спорттық базаны одан әрі дамыту.
2. Қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы қозғалыс тәсілдерін (жаяу жүру, велосипед тебу) енгізудің анағұрлым кең ауқымды мүмкіндіктерін құқықтық қамтамасыз ету, меншік түріне қарамастан өндірісте кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын ұйымдастыру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгертулер
енгізу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі.
VI Мақсат: Жұқпалы ауруларды болдырмау және алдын алу саласындағы заңдық базаны дамыту және қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Халықты туберкулезден, карантиндік инфекциялардан, жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғау туралы Заңдардың жобаларын әзірлеу.
2. Қолданылып жүрген "СПИД-тің алдын алу туралы" Заңға осы аурулардың құқығын қорғауды күшейту, шетел азаматтарын сертификаттау, пенитенциарлық мекемелерде ВИЧ-жұқтырушыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жақсарту мәселелеріндегі халықаралық нормаларға сәйкестендіру үшін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және
есеп беру.
1999 ж. - Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге
толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен
нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Әділет министрлігі.
VII Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдық базаны дамыту және қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, автомобильдердегі әртүрлі материалдарды пайдалануға заңдық бақылауды күшейту; заңдық, экономикалық және техникалық шаралармен күшейтілген критерийлерді жасау; қауіпсіз балама шикізат материалдарын, технологияларды пайдалану немесе өндірісті жетілдіру.
2. Денсаулыққа қауіпті бұйымдарды жарнамалауға шектеу қоюға қатысты медициналық-санитарлық заңдарды күшейту; өнімдердің, тауарлардың этикеткаларына түсінуге оңай және толық қамтылған ақпаратты енгізу.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және
есеп беру.
1999 ж. - Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге
толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен
нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
VIII Мақсат: Салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастырудағы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің заңдық базасын дамыту және қамтамасыз ету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым ролін қамтамасыз ететін тиімді заңдарды жасау.
2. Денсаулық туралы қауіпсіз ақпаратты қамтамасыз ететін және салауатты өмір салты мен салауатты қоршаған ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын заң шаралары.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасау, оларды құқықтық және экономикалық сараптау.
2. ҚР Үкіметіне бекітуге енгізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Қолданылып жүрген заң актілерін талдау, бағалау және
есеп беру.
2000 ж. - Қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерге
толықтырулар мен өзгертулер енгізу, жаңа заң жобалары мен
нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
4.2 тарау
Салауатты өмір салтын
қалыптастыру саласындағы
ақпараттың, коммуникацияның
және білім берудің ролі
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Қазақстан халқын денсаулық пен салауатты өмір салты туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы заңдық және нормативтік актілерді қолдану мақсатында ақпарат, коммуникация және білім беру құралдарын тиімді пайдалану.
3. Халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Салауатты өмір салтының әлеуметтік маркетингі жүйесін құру.
2. Салауатты өмір салтының жаңа ақпараттық жүйесін құру үшін осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалану.
3. Денсаулық мүддесіндегі жеке жүріс-тұрыс пен құндылықтарды дамытудағы бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігін көтеру.
4. Халықтың әртүрлі топтары мен қоғамның әлеуметтік топтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы бұқаралық коммуникация құралдарына жан-жақты көзқарас.
5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі модельдік аймақтық кешенді коммуникациялар бағдарламаларын құру.
6. Салауатты өмір салты саласындағы коммуникациялық материалдар жөніндегі ұлттық ақпарат орталығын құру.
7. Салауатты өмір салты мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді, мониторингті, білім беруді дамыту.
8. Өнеркәсіппен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа өнімдер шығару жөніндегі ынтымақтастық (компьютерлік ойындар, бейнефильмдер және т.с.с).
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы ақпараттың, білім берудің рөлін талдау.
Іс-қимыл жоспары:
1. Қолданылып жүрген ақпараттар жүйесін, оқыту әдістерін, кадрларды, сондай-ақ қолда бар салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі құралдар мен қосымша материалдарды талдау.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ақпарат, коммуникация және білім беру құралдарын белсенді пайдалану мақсатымен нормативтік-құқықтық актілерді өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттігіне талдау жасау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Ақпарат жинау және талдау, ескертулер, ұсыныстар беру.
2. Осы мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру.
3. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми талдау.
4. Есеп беруді әзірлеу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Республикалық кеңес және есеп. Ғылыми талдау нәтижелерін
жариялау.
2000 ж. - Жалпы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының Ассоциациясы.
II Мақсат: Адам ресурстарын дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша жарнама жөніндегі мамандар тобын, социологтарды, журналистерді, оқытушыларды, волонтерлерді (өз еркімен таңдағандарды) дайындау.
Жүзеге асыру әдістері:
1. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің бұйрықтары.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Бұйрықтар жасау және енгізу.
2000 ж. - Семинарларды, конференцияларды өткізу.
Адам ресурстарының дамуы туралы жалпы есеп.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
III Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі коммуникация әдістемесін жетілдіру.
Іс-қимыл жоспары:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі педагогтарға, балалар мен мектеп оқушыларына, жалпы халыққа арналған әдістемелік құралдарды жасау, теле-, радио- бағдарламаларын шығару.
Жүзеге асыру әдістері:
1. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің бұйрықтары.
2. Жұмыстық және арнайы топтарды құру.
3. Семинарлар өткізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - Бұйрықтарды жасау және енгізу.
1999-2000 ж.ж. - Семинарлар, конференциялар өткізу.
1999 ж. - Бұқаралық коммуникацияның тиімділігін талдау.
2000 ж. - Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріндегі
коммуникациясы бойынша жалпы есеп әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, жергілікті атқару органдары.
IV Мақсат: Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тиімді коммуникациялау мақсатында ынтымақтастықтың стратегиясы мен жаңа түрлерін дамыту.
Іс-қимыл жоспары:
Проблеманы шешуде бірыңғай қадам жасау үшін мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен сектораралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Семинарлар, конференциялар, кеңестер өткізу.
Қозғалысты мониторинг:
2000 ж. - Семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша тиімді
коммуникациялау
мақсатындағы стратегия мен ынтымақтастық жөніндегі есеп әзірлеу.
Атқарушы ұйымдар:
ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі.
4.3 тарау
Салауатты өмір салтын
қалыптастырудағы білім
берудің ролін күшейту
Мақсаттары мен басымдықтары:
Ұзақ мерзімді мақсаттар (2006-2010 ж.ж.):
1. Оқушыларға табиғи, психологиялық және әлеуметтік әлеуеттерін толық іске асырудың мүмкіндіктерін беру.
2. Мектептерде табиғи ортаны сауықтыру, оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Жастардың денсаулығына игі әсерін тигізетін қызмет атқару, өзінің және жалпы қоғамның денсаулығына ұжымдық және дербес жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
4. Оқушы жастардың қауіпсіз табиғи ортаны жақсарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріндегі белсенділігін дамыту.
5. Білім берудің мектептік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып валеологияны оқытудың ғылыми-негізделген, осы заманғы жүйесін құру.
Орта мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
1. Мектептерде санитарлық ағартудың кешенді жүйесін жасау.
2. Барлық мектеп бағдарламасына жүйелі түрде талдау жасау және оқушылар мен педагогтар арасында салауатты өмір салтын дамыту тұрғысынан қайта қарау.
3. Мектеп медициналық қызметтерінің алдын алу қызметтерін күшейту.
4. Мектептер мен басқа да оқу мекемелерінде валеология және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде оқытушылар даярлаудың осы заманғы республикалық жүйесін құру.
5. ДДҰ "Денсаулықты күшейту мектептері" жобасы бойынша ұлттық желіні құру.
6. Мектеп ғимараттарын, ойын алаңдарын, мектеп құрал-жабдықтарын, қауіпсіздік шаралары мен мектепте тамақтанудың сапасын жақсарту жолымен мектептердегі инфрақұрылымдарды жетілдіру.
7. Мектеп ұжымдарында демократияның, өзара түсіністіктің және адамдық қарым-қатынастардың принциптерін дамыту.
8. Оқушылардың денсаулығын күшейту мәселелерінде қоғамның, мектептің және отбасының ынтымақтастығы механизмін дамыту.
Қысқа мерзімдік мақсаттар (2001-2005 ж.ж.):
I Мақсат: Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оларды салауатты өмір салты дағдыларына үйрету.
Іс-қимыл жоспары:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты оқу бағдарламаларын жасау және мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының, мектептердің, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу процестеріне енгізу.
2. Оқытудың базистік жоспарына валеология пәнін енгізу.
3. Барлық деңгейде санитарлық-гигиеналық білімге үйрету сапасын көтеру.
Жүзеге асыру әдістері:
1. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын үйрету жөніндегі ғылыми-негізделген ұсыныстарды, мақсатты бағдарламаларды жасау.
2. Оқу орындарының қызметкерлеріне арналған валеология мен медициналық-санитарлық оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік материалдарды дайындау.
3. Қазақстанның ДДҰ "Денсаулықты күшейту мектептері" бағдарламасына қосылуы.
4. Оқу орындарында салауатты өмір салты орталықтарын ұйымдастыру.
5. "Салауатты жастар - салауатты қоғам" ұранымен конференциялар, лекциялар, аудиториядан тыс жұмыстар жүргізу.
Қозғалысты мониторинг:
1999 ж. - 1. Оқу бағдарламаларын әзірлеу.
2. Валеология пәнін оқу процесіне енгізу.
3. Есірткілер, алкоголь, темекі, СПИД, жыныстық жолмен берілетін
аурулар, туберкулез және т.б. оқу құралдарымен жұмыс.
4. Әртүрлі "Салауатты жастар - салауатты қоғам" акцияларын
өткізу.
5. Оқу орындарында Салауатты өмір салты орталықтарын ұйымдастыру.