Негізгі шаралар. Мемлекеттік мониторинг пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекет кепілдік берген сыртқы борыш мемлекеттік емес сыртқы борыш, мониторинг жүйелерін Қазақстан Республикасының статистикалық органдар жүйесі мен өз ара іс-әрекетте интеграциялау іске асатын болады.
Коммуникация құралдарын, есептеу және ұйымдық техниканы пайдаланып, есептік деректерді жинау және өңдеу технологиясы жетілдіре береді.
Сыртқы борыш статистикасында мыналарды жүзеге асыру жоспарланған:
- сыртқы қарыздардың есебін алу мен мониторингін жетілдіру үшін нормативтік базаны бұдан былай да әзірлеп беру;
- статистикалық есеп берулердің көрсеткіштері мен нысандарын жетілдіру;
- түсетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын бақылауды күшейту;
- сыртқы борышты мониторинг және талдау DMFAS - 5.0 компьютерлік жүйесін енгізу (Қаржымині, Ұлттық банк, Эксимбанк - Қазақстан).
2.2.3. Мемлекеттік сектор статистикасы
2.2.3.1. Мемлекеттік бюджет статистикасы
Істің хал-жайы. Республикамызда экономикалық реформаларды жүргізу бюджеттік жүйеде де реформа жасау қажеттігін туғызды.
Республикамызда бюджеттік жүйенің реформасы негізгі құжат болып табылатын және бюджеттік жіктеме әзірлеуден басталды, қазір оның негізінде республикалық және жергілікті бюджеттер жасалып, атқарылуда.
1997 жылы ішінде Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының кірістері мен шығыстарының жаңа бюджеттік жіктемесіне көшуді іске асырды. Шығыстар жіктемесінің функциялық ведомстволық және экономикалық құрылымдар бойынша жүргізілді. Бюджет шығыстары жіктемесінің үш түрі де өз ара тығыз байланыста және жіктеменің бір түрінен екіншісіне оп-оңай көшуге болады.
Жаңа бюджеттік жіктеменің артықшылығы - ол бюджетті республикадағы макроэкономикалық жағдаймен, республикада жүріп жатқан ақша-кредит саясатымен және төлем балансымен, яғни макроэкономикалық талдаудың барлық құралдарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат беруді тәртіптеу мақсатында мемлекеттік республикалық және облыстық бюджеттердің орындалуы туралы есептердің жаңа нысандары әзірленді.
1997 жылы бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді табыс ету жөнінде әдістемелік нұсқаулар әзірленіп, бекітілді.
Ақпаратты жинау, өңдеу және беру мерзімдерін қысқарту үшін жаңа ақпараттық технологиялар енгізілді.
Мақсаты. Бюджеттік процестің методологиясын, мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша көрсеткіштер жүйесі мен нысандарын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жетілдіру, бағдарламалық кешендерді дамыту.
Негізгі шаралар. Қаржы көрсеткіштерінің бірыңғай ақпараттық базасын жасап, жүргізу, жекелеген қаржы көрсеткіштерін есептеу тәртібін жүйелеу, монетарлық шоттармен байланысты жетілдіру жұмыстары жалғасын табады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерінің, ішкі және сыртқы борыштардың орындалуы туралы магниттік және қағазға түсірілген ақпаратты беру тәртібін анықтау мен реттеу жоспарланған.
2.2.4. Қаржы секторы статистикасы
2.2.4.1. Қаржы секторы статистикасы
Істің хал-жайы. Ақша-кредит және қаржы статистикасы қаржы операциялары мен қалдықтары (қордалары) жөніндегі деректерді жүйелік ұйымдастыруға негізделген. Оның методологиясына өз ара байланысты көрсеткіштер, секторлар мен құралдар жіктемесінің анықтаулары жүйелерінің жиынтығы енеді. Мұның өзі қаржыны есепке алу мен есеп беру деректерін дәйекті ұйымдастыруға қол жеткізеді.
Бухгалтерлік баланс ақша-кредит статистикасын жасауға негіз болып табылады. Қазақстанның Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есепке алу жоспары шоттарының ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі басшылығына сәйкес аналитикалық шоттар мен ақша агрегаттарына шоғырланып, жіктеледі.
1997 жылғы қаңтардан - Ұлттық банк, ал 1997 жылғы қазаннан екінші деңгейдегі банктер Шоттардың жаңа жоспарына көшті. Алайда Шоттардың жаңа жоспарлары халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес келе бермейді: қаржы құралдары, экономика секторлары, резиденттіктің белгілері, валюталардың түрлері жөнінде толық тәптіштеу жоқ. Сонымен қатар Шоттардың жаңа жоспарлары жөніндегі баланстары тек қордалар туралы ақпаратты ғана емес (бухесептің халықаралық стандарттарында талап етілгендей), сондай-ақ банктердің операциялар ағындарын көрсетеді.
Мақсаты. Есепке алу мен статистиканың халықаралық стандарттарына толық көшу.
Статистикалық методология стандартталған статистикалық жүйені экономикалық саясаттың міндеттерімен, экономикалық саясатқа жауап беретін органдар пайдаланатын индикаторлармен және аралық көрсеткіштермен байланыстыруға, сондай-ақ мемлекеттік реттеу органдарының экономика саясаты құралдарының жиынтығын есепке алуға тиіс.
Негізгі шаралар. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін мына шараларды іске асыру жоспарланып отыр;
- есепке алу мен статистиканың халықаралық стандарттарына көшуді қамтамасыз ететін қосалқы есептің конвертациясын аяқтау;
- классификациялаудың халықаралық жүйесіне кезең-кезеңмен көшуді және ХВҚ-ға мүше елдердің ақпараттық-статистикалық жүйелерінде қолданылатын экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтауды жүзеге асыру;
- Қазақстанның Ұлттық банкін статистикалық деректерді таратудың бірыңғай жүйесіне (GDDS) қосу;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Cтатагенттік арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.
2.2.5. Әлеуметтік сектор экономикасы
2.2.5.1. Демография статистикасы
Істің хал-жайы. Қазіргі кезде Қазақстанда әзірленіп жатқан халық статистикасы жөніндегі көрсеткіштер жүйесі Мекемеаралық жұмысшы тобы (ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ПРООН, БҰҰ секретариатының статистика бөлімі) белгілеген басым көрсеткіштердің тізбесіне негізінен сәйкес келеді.
Қазіргі кезде Cтатагенттік енгізіп жатқан "Демографиялық есептер" бағдарламалық кешені уақыт аясында халықтың жынысы мен жасы бойынша саны мен құрылымындағы және аймақтар бойынша демографиялық процестерді сипаттайтын ақпарат алуды қамтамасыз етуге тиіс.
Сонымен бірге таяу жылдарда бірқатар проблемалар өз шешімін табуға тиіс. Мәселен, 1989 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1993 жылдың 1-қаңтарынан іске қосу ұсынған Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың Х қайта қараудың (МКБ - 10) халықаралық статистикалық жіктемесі Қазақстанда күні бүгінге дейін пайдаланылмай отыр. Қазіргі кезде республикамызда демографиялық статистикада өлімнің себептері жөніндегі деректерді топтастырғанда IX қайта қараудың (МКБ - 9) Ауруларды, жарақаттар мен өлімнің себептерін халықаралық жіктемелеу пайдаланылады. Тірі туғандар мен өлі туғандар жөніндегі негізгі белгілер де осы ұғымдардың халықаралық анықтамаларымен сәйкес келмейді.
Мақсаты. Демографиялық статистиканың көрсеткіштер жүйесін одан әрі жетілдіру, ақпараттық базаны жасап, жетілдіру, мемлекеттік демографиялық саясатты әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін демографиялық ахуалды зерттеу жөнінде іріктеп зерттеу жүргізу, Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың, X қайта қарауға (МКБ - 10) халықаралық статистикалық жіктемесін енгізу.
Негізгі шаралар. ВОЗ-дың, ЮНИСЕФ, ЮНФА, ПРООН мекемеаралық жұмыс тобының, БҰҰ секретариатының статистикалық бөлімінің ұсыныстарына және Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес халықтың туу, өлу және көші-қоны көрсеткіштерін толықтыру мен қадағалау одан әрі жүргізіледі. Өлім себептерінің статистикалық көрсеткіштері, Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың, (МКБ-10) халықаралық статистикалық жіктемесіне, X қайта қарауға сәйкес қайта қаралатын болады.
ТАСИС бағдарламасы шегінде халықтың көші-қонын, оның табиғи қозғалысын бақылауды, сондай-ақ іріктеп зерттеуді ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ынтымақтастықта жұмыс істеледі. Халықтың ұрпақ өсіруге енжарлығы мен көші-қоны себептері жөнінде арнаулы демографиялық іріктеп зерттеу жүргізіледі.
Халықтың Регистрін - тұрғындардың есімдері жазылған және ұдайы толығып отыратын тізбесін әзірлеп, енгізу жүзеге асырылады, бұл тізбе халықты әкімшілік есепке алу мақсатына пайдаланылады және ПЭЕМ-ді қолданып, байқау, кодтау бағдарламасының тіркеу принциптері мен әдістерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін халықаралық автоматтандырылған картотекасы түрінде жалғыз құжатнама болып табылады.
2.2.5.2. Әлеуметтік және экология статистикасы
Істің хал-жайы. Әлеуметтік сала мен қоршаған ортаны статистикалық бақылау көп салалы әрі көп қырлы сипатты және ол білімді, ғылымды денсаулық сақтауды, мәдениетті, халықты әлеуметтік қорғауды, хұқық бұзушылық пен экологияны қамтиды. Мұның өзінде деректерді статистика органдары да, салалық министрліктер мен мемлекеттік комитеттер де жинайды.
Статистиканы реформалаудың бұдан бұрынғы бағдарламалардың шегінде әлеуметтік және экологиялық статистикадағы статистикалық көрсеткіштер жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру жұмыстары орындалған еді. Алайда олар бұл салалардағы халықаралық стандарттар мен жіктемелерді енгізудің кешеуілдеуіне байланысты аяқталмай қалды.
Мақсаты. Әлеуметтік және экологиялық статистиканың көрсеткіштер жүйесін, статистикалық бақылау әдістерін, ақпаратты жинау мен өңдеу технологиясын жетілдіру.
Негізгі шаралар. Әлеуметтік және экологиялық статистикада халықаралық салыстыруды қамтамасыз ететін көрсеткіштер жүйесіне көшу ұйғарылды. Атап айтқанда, әлеуметтік статистиканың мына бөлімдері бойынша көрсеткіштер жүйесін, оларды есеп методологиясын әзірлеп, зерттеудің іріктеу әдісіне көшу қажет:
өндірісте жарақат алу, кәсіптік аурулар және соларға байланысты материалдық шығындар;
еңбек ету жағдайы, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке төленетін жеңілдіктер мен өтемдер материалдық шығындар мен оған байланыстылар;
өнеркәсіп кәсіпорындарындағы технологиялық инновациялар;
қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар.
Денсаулық сақтау статистикасында статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеу мен берудің жаңа технологиясына (N 1 - денсаулық нысаны бойынша) көшу, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын, олардың медициналық препараттармен және тағаммен қамтамасыз етілуін бір мезгілде зерттеу жоспарланып отыр.
Бас прокуратураны, оның аудандық буындарының құқықтық статистика мен ақпараттар орталығының бөлімшелерін толық автоматтандыру мен компьютерлендіруді қамтамасыз ету.
2.2.5.3. Үй шаруашылығы статистикасы
Істің хал-жайы. Үй шаруашылығының статистикасында пайдаланып жүрген зерттеу бағдарламасы негізінен оның ақшалай кірісі мен шығысын ғана есепке алуға жарамды еді. Ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету үшін соңғы жылдары жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті, тағамдарды ішіп-жеуді, тұрғын үй мен оны көркейтуді, т.с.с. кейбір қосымша зерттеулер енгізілді. Осы көрсеткіштердің жиынтығынан халықтың күн көріс жағдайы мен деңгейі бірте-бірте қалыптасады. Сондай-ақ үй шаруашылығын іріктеп зерттеуді ұйымдастыру әдістерін пайдалануда да проблемалар бар.
Мақсаты. Үй шаруашылығын зерттеудің бір-өкілі шараларынан кешенді бағдарламаларына көшу, таңдаудың репрезентативтігін жақсарту, халықтың күн көріс деңгейін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін іске қосуға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалар пакетін енгізу шараларын іске асыру.
Негізгі шаралар. Күн көріс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің модельдік құрамы негізінде көрсеткіштердің тиісті жүйелік блогы жасалады. Жұмыспен қамту, білім, қызметтер, т.с.с. салаларға қосымша көрсеткіштерді енгізуге арналған сұрақнама қағаздары қайта қаралады. 1999 жылдан бастап кедейлік жағдайларының мониторингі мен қаншалықты екенін енгізу ұсынылады.
Үй шаруашылықтарының қазіргі жүйесіне жыл сайын ротация жүргізу мақсатында тиісті ұсыныстар әзірленеді. Бұдан былай үй шаруашылықтарының жүйесін қайта қарап, жаңадан жасау көзделуде.
2.2.6. Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру
Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру мақсатында жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде күн көріс деңгейінің экономикалық артуы мен өзгеруі проблемаларын зерттеуге мүмкіндік беретін макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесін анықтау жұмысы жүргізілуге тиіс.
Көрсеткіштердің осы жүйесін пайдаланып, талдаудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдарына мүшкіл халдарды шешу жөнінде шаралар қолдануға жәрдемдесу үшін жекелеген салалар мен аймақтардың дамуындағы көлеңкелі үрдістер мен диспропорцияларды тауып, талдау жасауға мүмкіндік беретін экономикалық-статистикалық әдістер мен моделдер кейінірек пайдаланылуға тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен оларды шешу жолдарын (мысалы, қаржы және төлем күйзелістерін, инвестициялық-құрылымдық қайта құруларды, т.с.с.) талдау әдістерін жасап, жетілдіру көзделуде.
2.3. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру
2.3.1. Статистика органдарын одан әрі техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандыру
Істің хал-жайы. Соңғы кезде Қазақстан статистикасының жүйесіне есептеу техникасы халықаралық ұйымдар есебінен түсіп жүр, бірақ оның саны жүйенің қажетін қанағаттандырмайды. 1994-96 жылдары ТАСИС-тің жобасы бойынша 29 жеке компьютер келіп түсті, 1995-97 жылдары нақты міндеттерді шешуге МБРР-дың қаржысы есебінен 90-ға жуық компьютер алынды. Қазіргі кезде статистикалық парктің жартысынан астамы-ХТ класындағы РС-інің моральдық ескіріп әбден тозған компьютерлері мен 486 РС IBM типті компьютерлері. Парктің қалған бөлігі - Pentium 60 Mhz-ден Pentium PRO 200 Mhz-ге дейінгі компьютерлер, аз ғана бөлігі - Pentium II компьютерлері.
1998 жылы техникалық және технологиялық база жасаудың бірінші кезеңін жүзеге асыру басталды. Оның көмегімен Cтатагенттік статистиканы жетілдіру жұмысын нақты жүргізе алады. Оған мына жайттар енеді:
- барлық облыстық статистика басқармаларын аз ғана сервермен және жұмыс станциясымен, 15 жеке компьютермен; жүйелік, офистік және коммуникациялық жабдықтармен (жүйелік принтерлер, сканерлер, факс-модемдер, көшірмелік ақпараттар) жарақтандыру; бағдарламалық қамтамасыз ету (операциялық жүйелер, желілік бағдарламалық өнімдер, СУБД жеке статистикалық әзірлемелер); статистика басқармаларының мамандарын оқыту;
- орталық ақпарат мен оның Ақпарат-есептеу орталығын Intel платформадағы жұмыс стансаларымен және түрлі класты жеке компьютерлермен: желілік, офистік және коммуникациялық жабдықпен (желілік принтер, сканерлер, факс-модемдер), көшірмелік аппараттар, т.с.с) жарақтандыру; бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын (Windows NT, Windows 95 операциялық жүйелері, желілік бағдарламалық өнімдер, орта класты СУБДЮ, қолданбалы бағдарламаларды әзірлеудің бағдарламалық құралдары, коммуникациялық бағдарламалық өнімдер, жергілікті есептеу жүйелері мен деректердің бөлінген базаларын басқару құралдары, статистикалық бағдарламалық өнімдер) орнату; мамандарды оқыту;
- жергілікті есептеу жүйелерін монтаждау және орнату.
Мақсаты. Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарын толық техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандыруды іске асыру.
Негізгі шаралар. 1999 жылдың техникалық қайта жарақтандырудың бірінші кезеңін аяқтау көзделуде, оның негізгі қорытындысы - барлық облыстық статистика басқармаларында ЛВС-ның пайдаланыла басталуы және агенттіктің орталық аппаратындағы әрбір жұмыс орнын жеке компьютермен жабдықтау болмақ.
Жаңа ақпараттық технологияларға көшуді қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар жүзеге асырылады:
деректерді "клиент-сервер" технологиясы бойынша өңдеуге көшу;
Интернет пен Интранет технологияларын енгізу;
деректерді интеллектуалдық талдау технологияларын игеру.
Мемлекеттік статистиканың техникалық базасын одан әрі дамыту үшін статистиканы техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандырудың екінші кезең жөніндегі жоба 2002-2005 жылдары іске асуға тиіс.
Статистиканы бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандырудың осындай шараларын 1999-2005 жылдарда статистика қызметін жүргізетін басқа да орталық атқарушы органдар мен ведомстволар жүргізуге тиісті.
2.3.2. Ақпаратты жинаудың, берудің, өңдеу мен табыс етудің тындырымды технологиясын енгізу
Cтатагенттіктің деректерін берудің қазіргі жүйесі тиянақталмаған. Ол ескірген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен ұйымдастырылған, байланыстың коммутаторлық желілерін пайдалану салдарынан онда іркілістер болып тұрады. Сондықтан облыс - орталық буынында деректерді берудің жаңа жүйесі жасалмақшы. Осының нәтижесінде 2000-2001 жылдары статистикалық ақпаратты жинаудың, берудің, өңдеудің, қордалау мен табыс етудің тындырымды технологиясына көшу мүмкін болады.
Ақпаратты өңдеудің қағазсыз технологиясына көшу үшін мына шаралар жүзеге асырылады:
"аудан-облыс" буынында деректерді берудің жүйесін ұйымдастыру;
статистикалық есеп берудің ақпаратты сканерлік оқуға мүмкіндік беретін нысандарын енгізу;
есеп берулерді телекоммуникация желілері бойынша жинау нысанына көшу.
2.3.3. Бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру
Мемлекеттік статистика жүйесіне статистикалық ақпаратты тындырымды электрондық өңдеуді қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияны енгізу статистика қызметінің саласында бірыңғай ақпараттық ресурстар жасауға мүмкіндік береді.
Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай қоры құрылады, оған жіктемелердің автоматтандырылған банкі, әкімшілік және статистикалық регистрлер, жеке кәсіпкерлер реестрі, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштердің каталогы (жіктемесі) енеді.
Нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай қоры негізінде деректердің интеграцияланып, республиканың статистика салалары мен облыстары бойынша бөлінген базалары республикалық және аймақтық деңгейлерде жасалмақшы. Деректерді сенімді сақтау мен басқаруды, оның барлық функциялық кешендерінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бөлінген деректер базаларының әкімдер қызметі жұмыс істей бастайды.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды жасау статистикалық ақпаратты пайдаланатын еліміздің басқару органдарын, іскер топтары мен жұртшылыққа телекоммуникациялық қызмет көрсетуді дамытуға мүмкіндік береді.
2.4. Статистикалық деректерді жариялау мен тарату жүйесін жетілдіру
Барлық деңгейдегі пайдаланушыларды сапалы әрі қажетті статистикалық ақпаратпен толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Cтатагенттік таяу уақытта полиграфиялық базаны осы заманғы жабдықтармен, байланыс құралдарымен және осы мақсатқа қажетті басқа да құрал-саймандармен одан әрі қайта жарақтандыруды және баспа қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр.
Бұл статистикалық деректерді табыс етудің нысандарын түрлендіруге (графиктер, чистограммалар, таблицалар), жарияланымдардың дизайны мен безендірілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
1999 жылы Cтатагенттіктің жарияланымдардың ұлғайтылған жүйесін (сериясын) ұлттық деңгейде бекіту, ал одан кейін статистикалық көрсеткіштер каталогы мен нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесі негізінде деректердің интеграцияланған статистикалық базасын енгізуді есепке алып, оларды жыл сайын қайта қарап отыру жоспарлануда.
1999 жылдан бастап, ал одан кейін жыл сайын Cтатагенттіктің жарияланымдар жүйесін (сериясын) жетілдіру және барлық деңгейдегі пайдаланушыларды сапалы әрі рыноктық жағдайға бейімделген статистикалық ақпаратпен жабдықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу және статистикалық деректерді пайдаланушылармен конференциялар өткізу ұйғарылды, пайдаланушылардың каталогын жасау белгіленді.
Жаңа статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың көпшілігі оны түсінуін қамтамасыз ету үшін статистикалық анықтамалықтарда статистикалық терминдердің түсіндірмелерін, сондай-ақ көрсеткіштердің есебін алу методологиясын жариялау көзделуде.
Cтатагенттіктің жарияланымдар тарату жүйесін ұлғайту және республика экономикасының даму үрдісін басқа елдермен салыстырып, талдау үшін 1999 жылдан бастап пайдаланушыларға статистикалық ақпаратты электронды және басқа байланыс құралдары, атап айтқанда, Интернет арқылы беруді енгізу белгіленді, мұның өзінде халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің статоргандарымен өзара ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі.
Республикалық жарияланымдардың сапасын жақсарту мақсатында ТМД, Еуропалық Одақ елдерінің Жапонияның және басқаларының статистикалық анықтамалар жасау жөніндегі тәжірибесін жете зерттеп, пайдалану көзделуде.
2.5. Статистика және ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларға үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру
Рыноктық экономикаға көшу және статистикалық деректердің көрсеткіштер жүйесі, олардың есебін алу методологиясы, оларды жинау, өңдеу, тарату мен талдау жөніндегі статистиканы тиісінше реформалау статистика мен ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесін жасауды қажет етеді.
"Статистика" мамандығы бойынша арнаулы жоғары, орта және бастауыш кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім стандартын әзірлеу осы міндетті шешудің аса маңызды шарасы болып табылады. Осының негізінде бірыңғай оқу жоспарлары мен бағдарламалары әзірленіп, енгізілуге, оқу-әдістеме әдебиеті басылып шығарылуға тиіс.