Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің
1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы N 1434 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 қаулысына сәйкес және халықаралық ережелер мен стандарттардың талаптарын ескере отырып Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан әрі жүйелі реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын республикалық бюджетте Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат көздейтін болсын.
3. Министрліктер мен ведомстволар Бағдарламада көзделген шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 19 қарашадағы
N 1180 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы
жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1.1. 1993-1998 жылдарда Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетілдірудің негізгі нәтижелері
1.2. 1999-2005 жылдарда Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан әрі жетілдірудің қажеттілігі, мақсаты мен басым бағыттары
1.3. 1999-2005 жылдарға арналған статистиканы одан әрі жетілдірудің негізіне алынған осы заманғы статистиканың негізгі халықаралық стандарттары мен принциптері
2. Қазақстанның статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары
2.1. Статистиканың халықаралық стандарттарын енгізу
2.1.1. Халықаралық деңгейде қабылданған жіктемелермен үйлескен ұлттық статистикалық жіктемелер жүйесін енгізу
2.1.2. Статистикалық қызметті ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде регистрлерді дамыту
2.1.3. Статистикалық байқау әдістерін жетілдіру және кәсіпорындардың статистикасына көшу
2.2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру
2.2.1. Нақты сектор статистикасы
2.2.1.1. Ұлттық есеп жүргізу жүйесі
2.2.1.2. Экономиканың аграрлық секторының статистикасы
2.2.1.3. Экономиканың индустриялық секторының статистикасы
2.2.1.4. Экономиканың қызмет көрсету салаларының статистикасы
2.2.1.5. Құрылыс және инвестициялар статистикасы
2.2.1.6. Бағалар статистикасы
2.2.1.7. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы
2.2.1.8. Кәсіпорындар қаржысының статистикасы
2.2.2. Сыртқы сектор статистикасы
2.2.2.1. Сыртқы сауда статистикасы
2.2.2.2. Төлем балансы статистикасы
2.2.2.3. Сыртқы борыш статистикасы
2.2.3. Мемлекеттік сектор статистикасы
2.2.3.1. Мемлекеттік бюджет статистикасы
2.2.4. Қаржы секторы статистикасы
2.2.4.1. Қаржы секторы статистикасы
2.2.5. Әлеуметтік сектор статистикасы
2.2.5.1. Демографиялық статистика
2.2.5.2. Әлеуметтік және экологиялық статистика
2.2.5.3. Үй шаруашылығы статистикасы
2.2.6. Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру
2.3. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстары қалыптастыру
2.3.1. Статистика органдарын одан әрі техникалық және бағдарламалық-технологиялық қайта жарақтандыру
2.3.2. Ақпаратты жинаудың, берудің, өңдеу мен табыс етудің тындырымды технологиясын енгізу
2.3.3. Бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру
2.4. Статистикалық деректерді жариялау мен тарату жүйесін жетілдіру
2.5. Статистика және ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларға үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру
2.6. Статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және оны іске асыру тетігі
3.1. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
3.2. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі шаралар
Кіріспе
Ескерту. Мәтiннiң iшiндегi "Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгiмен", "Ұлттық статагенттiк", "Ұлттық статагенттiгiмен, "Ұлттық статагенттiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгі", "Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiмен", "Статагенттiк", "Статагенттiгiмен", "Статагенттiгi" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2005 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" 1998 жылға 19 ақпандағы N 119 қаулысына (7.2.4 тармақ) сәйкес әзірленді.
Қазақстанда қоғамдық-саяси құрылысты реформалау, экономиканы рыноктық қарым-қатынастарға бейімдеу ресми статистиканы да реформалауды қажет етті. Осы мақсатта республикамызда 1992 және 1996 жылдары статистиканы жетілдірудің екі бағдарламасы қабылданды. Бірінші бағдарламаны жүзеге асыру барысында ұлттық статистикалық жүйе қалыптасты, ол тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сай келді, онда статистиканың жаңа бөлімдері пайда болды: атап айтқанда, сыртқы экономикалық байланыстар, төлем балансы, бағалар, үй шаруашылығы. Екінші бағдарламаны жүзеге асыру экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық жіктемелерін және статистикалық ақпаратты әзірлеген кезде өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жіктемелерін пайдалануға, статистикалық регистрді қалыптастырып статистикалық байқаудың іріктеу әдістері мен кәсіпорындардың статистикасына көшуді бастауға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде қоғамда басқару және дұрыс шешімдер қабылдау үшін ақпараттың маңызы тіпті артып отыр. Адамзаттық өркениет индустриялық экономикадан ақпараттық экономикаға көшу дәуірін бастан кешіп отыр. Егер индустриялық экономика аса мол табиғи, машиналар мен адамдар ресурсын пайдалану есебінен туындап, дамыса, жаңадан дами бастаған экономика дәстүрлі ресурстарды емес, ақпараттың зор шығынын талап етіп отыр.
Үкімет өзінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасының шегінде 1998 жылдан бастап "Стратегия - 2030: бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту" - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді Стратегиясын іске асыруға кіріседі.
Үш жылдық стратегиялық жоспарларды республика мен оның аймақтарының деңгейінде жүзеге асыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарды тиісінше кешенді ақпараттандыруды, мемлекеттік басқарудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды жүзеге асыру көзделіп отыр. Мемлекеттік статистика бірыңғай ақпараттық ресурстардың ұйытқысы болуға тиісті.
1. Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1.1. 1993-1998 жылдарда Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жетілдірудің негізгі нәтижелері
Қазақстанның қоғамдық-саяси құрылысының өзгеруі мен оның экономикасының рыноктық қарым-қатынастарға бейімделуі, сондай-ақ ел экономикасының дүниежүзілік қауымдастыққа етене ұштасуы мемлекеттік статистиканы реформалауды қажет етті. Ол Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы N 1098 қаулысымен бекітілген Статистиканы, бастапқы және бухгалтерлік есеп алуды қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын қабылдаған кезден басталды.
Осы Бағдарламаның негізінде 1993-1996 жылдары экономиканың нақты секторында қаржы және банк салаларында халықаралық деңгейде салыстыратындай ұлттық статистиканы қалыптастыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасалды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ) көшу, ҰШЖ-ның схемасы бойынша салааралық баланстарды әзірлеу, қаржы және банк статистикасын реформалау үшін негіз қалаған шаралар кешені жүзеге асты. Республика үшін статистиканың жаңа, атап айтқанда: сыртқы экономикалық байланыстар, төлем балансы, баға, үй шаруашылығы бөлімдері жасалды. Халықаралық талаптарға сәйкес статистиканың басқа салалары да реформалана басталды.
Статистиканы қайта құру:
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) есептерін және басқа макроэкономикалық көрсеткіштер енгізуге;
республиканың төлем балансының методологиясын игеруге және жасауға;
Экономиканың барлық негізгі секторларындағы бағалар мен тарифтер жөнінде жүйе жасап, халықтың күнкөріс деңгейінің өзгеруін терең талдау үшін бағалар статистикасын дамыта бастауға;
сыртқы экономикалық қызметтің, соның ішінде кедендік статистиканы игеріп, кеңейтуге;
қаржы, банк және ақша статистикасының көрсеткіштерін жүйелеу жөніндегі жұмысты бастауға;
жаңа рыноктық құрылымдар: шағын кәсіпорындар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, фермер және шаруа қожалықтары қызметін статистикалық бақылауды енгізуге;
Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші және басқа субъектілерінің Мемлекеттік регистрін статистиканы зерттеудің іріктеу әдістеріне көшу үшін пәрменді құрал ретінде жасауға;
ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша тәжірибе ретінде алғашқы іріктеп зерттеу жүргізуге;
отбасы бюджетін статистикалық бақылау жүйесін халықтың күнкөріс деңгейін сипаттайтын ақпараттық аса маңызды көзі ретінде жетілдіруге;
үлкен электр есептеу машиналарын (ЭЕМ) жеке компьютерлерге ауысуға мүмкіндік берді.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тәуелсіз мемлекеттің мәртебесіне сәйкес келетін ұлттық статистика қалыптасты.
Экономиканың нақты секторында мемлекеттік статистиканы одан әрі жетілдіру мақсатында халықаралық практика таныған әдістер мен методологияны, сондай-ақ деректерді өңдеу мен жариялаудың осы заманғы ақпараттық-технологиялық құралдарын енгізу негізінде 1996 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 1996-1998 жылдарға арналған екінші бағдарламасы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылға 8-қазандағы N 1244 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына сәйкес бекітілген.
Статистиканы реформалаудың екінші кезеңінде мынадай негізгі нәтижелерге қол жетті:
1993 жылғы БҰҰ-ның ҰШЖ методологиясы негізінде ұлттық есепшілдік жүйесі жасалды және салалық статистикаларды реформалау басталды;
бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесінің жүргізілуіне байланысты қаржы және ақша-кредит статистикасының нысандары қайта қаралды;
шаруашылық жүргізуші және өзге де субъектілердің Мемлекеттік регистрі Әкімшілік регистрге қайта құрылған, соның негізінде статистикалық регистр қалыптаса бастады;
статистикалық ақпаратты әзірлеген кезде экономикалық қызмет түрлерінің халықаралық жіктемелерін және өнімдер мен қызметтердің жіктемелерін пайдалану басталды;
ауыл шаруашылығы статистикасының үлгісінде статистикалық бақылаудың іріктеу әдістеріне көшу, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың үлгісінде кәсіпорындар статистикасына көшу басталды;
статистика органдарын есептеу техникасымен және телекоммуникациялардың осы заманғы құралдарымен техникалық қайта жарақтандыру жұмысы жүргізілді және республиканың статистикалық органдарында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру ісін автоматтандыру жұмысы басталды.
Тұтастай алғанда, осыдан бұрынғы жылдары статистиканы реформалау ресурстардың басымдылығы, оларды аса маңызды іргелі бағыттарға барынша шоғырландыру принципі бойынша жүзеге асып келді, мұның өзі дүниежүзілік статистикалық қауымдастыққа етене ұштасуымызға зор мүмкіндік берді. Халықаралық ұйымдармен (Еврастатпен, БҰҰ-мен ЕЭК-нің, ХВҚ-тың статистикалық бөлімдерімен, Дүниежүзілік банкпен, ОЭСР, ЮНЕСКО-мен) Германияның, Нидерландтардың, Францияның және басқа елдердің статистикалық қызметтермен ұдайы өзара байланысты жасау және жан-жақты ынтымақтасып жұмыс істеу зор маңызға ие болды, мұндағы басты мақсат - Қазақстанның статистика мамандарына халықаралық стандарттарға көшуге, мамандар даярлауға жәрдемдесу. Сонымен бірге ұлттық статагенттік барлық халықаралық ұйымдарға жыл сайын еліміздің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайы туралы 40-тан астам сұрақтар бойынша ақпарат береді. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасының статистикалық деректері "Демографиялық жылнама", "Халықаралық қаржы статистикасы", "Өнеркәсіп жөніндегі халықаралық сұрақнама", т.с.с. халықаралық жарияланымдарға енді.
1.2. 1999-2005 жылдары Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан әрі жетілдірудің қажеттілігі, мақсаты мен басым бағыттары
Соңғы жылдары Қазақстанның қоғамдық-экономикалық өмірінде экономикалық және институциялық реформалар қарқынының жеделдеуіне байланысты кең ауқымды өзгерістер болды, мұның өзі отандық статистиканың жағдайын түбегейлі өзгертеді. Статистикалық ақпаратты барлық пайдаланушылар топтарының қажеттерін қанағаттандыру ең басты мақсатқа айналды, ал статистиканы реформалау жай мақсаттан жаңа саналы міндеттерді жүзеге асыру құралына айналды.
"Қазақстан 2030" стратегиялық жоспарын іске асыруды сапалы ақпараттық қамтамасыз ету қажеттігі қазақстанның статистика органдарының алдына мемлекеттік статистиканы одан әрі реформалау жөнінде жаңа міндеттер қойып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарламасы мемлекеттік статистика алдына рыноктық экономиканың жағдайларына лайық байқаудың осы заманғы әдістерін енгізу, статистикалық регистрді экономикада есепке алу мен құрылымдық қайта құруға талдау жасаудың қажетті құралы ретінде жетілдіру, жіктемелердің халықаралық жүйесіне көшуді және техникалық-экономикалық ақпаратты кодтауды тездету міндеттерін қойды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің үшінші Бағдарламасының мақсаты - еліміздің басқару органдарының, іскер қауымдар мен жұртшылықтың басқа елдердің тиісті ақпаратымен халықаралық деңгейде салыстыратындай еліміздің, аймақтардың, экономика салалары мен секторларының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективтік статистикалық ақпаратқа деген қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін Қазақстанның мемлекеттік статистикасын жүйелік реформалау.
Бағдарламаның басым бағыттары:
халықаралық деңгейде қабылданған классификациялар жүйесін енгізу;
статистикалық қызметті ұйымдастырудың негізгі құрал-сайманы ретінде регистрді дамыту;
статистикалық бақылау әдістерін жетілдіру және кәсіпорындардың статистикасына көшу;
нақты, сыртқы, мемлекеттік, қаржы және әлеуметтік секторларда макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштері мен методологиясы жүйесін жетілдіру;
Қазақстан мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді талдауды жетілдіру;
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және классификациялардың автоматтандырылған банкі, регистрлер, деректердің ұштасып-бөлінген базалары енетін бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарын қалыптастыру;
статистикалық деректерді жариялау және тарату жүйесін жетілдіру;
статистика мен ақпараттық технологиялар саласындағы кадрларға үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру;
статистика саласында халықаралық ынтымақтастық орнату.
1.3. 1999-2005 жылдарға арналған статистиканы одан әрі жетілдірудің негізіне алынған осы заманғы статистиканың негізгі халықаралық стандарттары мен принциптері
Соңғы он жыл ішінде статистика саласында көптеген әртүрлі стандарттар халықаралық деңгейде қабылданды. Мәселен, Халықаралық валюта қоры халықаралық стандартқа сәйкес деректерді әзірлеу мен статистикалық практиканы ұйымдастыру жөнінде деректерді таратудың жалпы жүйесін ұсынды. Халықаралық ұйымдар экономиканың жекелеген секторлары үшін, сондай-ақ әлеуметтік сектор үшін тиісті стандарттар әзірледі, олар осы Бағдарламаның негізіне алынды: нақты сектор үшін - 1993 жылғы ұлттық шоттар жүйесі (БҰҰ), сыртқы сектор үшін - төлем балансы жөніндегі басшылық (ХВҚ), мемлекеттік сектор үшін - мемлекеттік қаржы статистикасы жөнінде басшылық (ХВҚ), қаржы сектор үшін - ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнінде басшылық (ХВҚ), әлеуметтік сектор үшін - әлеуметтік статистика көрсеткіштерінің ең аз жиынтығы (БҰҰ).
Статистиканың құрылуы мен жұмыс істеу принциптеріне қатысты құжаттар халықаралық деңгейде қабылданды. Олардың қатарына 1994 жылғы 11-15-сәуірде БҰҰ-ның Статистикалық комиссиясы бір ауыздан қабылдаған "Ресми статистиканың негізгі принциптері" жатады. Бұл принциптер Қазақстандағы статистика саласында қолданылып жүрген заңдардың негізіне алынған.
2005 жылға дейінгі кезеңге статистика одан әрі ойдағыдай реформалау мақсатында статистикалық қызмет жүргізетін барлық орталық атқарушы органдар ұлттық деңгейде өз ара тығыз іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан сегізінші принцип - үйлестіру принципі Қазақстанның статистикасын реформалаудың қазіргі кезеңінде негізгілердің біріне айналды. Оның маңызы статистиканың жекелеген салаларын дамыту шегінен асып түседі.
Үйлестірудің негізгі түпкі мақсаттары:
статистиканың түрлі салаларында алынған нәтижелер бірін-бірі өзара толықтырып, толық салыстыратындай жағдайға қол жеткізу;
статистиканың экономиканың процесті тұтастай қамтуын қамтамасыз ету;
статистикалық қызмет саласында қайталауға жол бермеу;
ақпарат жинау процесін зерттеу кезінде респонденттерге жүктеме өте аз мөлшерде түсетіндей етіп құру.
Үйлестіру принципі статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеуге жаңа методологиялық әдісті - кәсіпорындар статистикасын енгізу шегінде іске асатын болады.
Зерттеудің жаңа методологиясы мен әдістерін енгізудің қажетті құрал-сайманындай регистрлер мен халықаралық статистикалық жіктемелер өз функцияларын толық мөлшерде атқармай, олардың көбісі енді ғана енгізіле бастауы алдағы кезеңнің ерекшелігі болып табылады.
Статистиканы 2005 жылға дейін жетілдіру шегінде статистикалық жіктемелер мен регистрлер тек жаңа методологияны енгізу құрал-сайманы ретінде ғана емес статистикалық ақпаратты кодтау мен статистикалық бақылауды ұйымдастыру саласында дербес статистикалық стандарттар есебінде де қарастырылады.
2. Қазақстанның статистикасын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған басым бағыттары
2.1.Статистиканың халықаралық стандарттарын енгізу
2.1.1. Халықаралық деңгейде қабылданған жіктемелермен үйлескен ұлттық статистикалық жіктемелер жүйесін енгізу
Істің хал-жайы. Статистикалық стандарттардың ішінде деректерді жіктемелеу стандарты маңызды орын алады. Бұрынғы бүкілодақтық жіктемелер нарықтық экономика ерекшелігін көрсете алмады және статистикалық деректерді халықаралық деңгеймен салыстыруды қамтамасыз ете алмады. Үкіметтің 1997 жылғы 15-шілдеде қабылдаған N 1113 "Қазақстан Республикасының техникалық экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың халықаралық жүйесіне көшуі туралы" қаулысы жіктемелеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне көшудің кезеңділігін қамтамасыз етуге тиісті. Олардың қатарына бірінші кезекте салалық жіктеме: БҰҰ-ның (МСОК, ISIC), экономикалық қызметінің барлық түрлерін халықаралық стандарттаудағы салалық жіктемесі, оның Еуропадағы соған ұқсастары - Еуропа қоғамдастығының ЕС (КДЕС, NACE) экономикалық қызметтегі жалпы салалық жіктемелеу негізінде ТМД-да экономикалық қызметтердің (ЭҚЖК) барлық түрлерінің жалпы жіктемесі дайындалған болатын және ол Қазақстан статистикасында 1998 жылдың қаңтарында іске асырыла бастады.
Екінші маңызды жіктемеге өнімдер мен қызмет көрсетуді жіктемелеу жатады: БҰҰ-ның (КОП,СРС) негізгі өнімдерін жіктемелеу, Еуропа қоғамдастығының (КПЕС, СРА) қызмет түрлері бойынша өнімдерді статистикалық жіктемелеу, сондай-ақ оны толықтыратын өңдеу өнеркәсібі салалары өнімдері бойынша (ПРОДКОМ, PRODKOM). Европа қоғамдастарының жаңа статистикалық номенклатуралары. Қазақстан 1998 жылдың қаңтарынан бастап осы жіктемелерді пайдалана бастады.
Сыртқы сауда статистикасында 1994 жылы кеден статистикасына көшу сәтінен бастап тауарларды кодтау үшін тауарларды суреттеп жазу және кодтаудың халықаралық үйлесімді жүйесіне (ҰЖ) негізделген сыртқы экономикалық қызметтің барлық түрлерінің тауар номенклатурасы (ЭҚТ ТН) қабылданды.
Мақсаты. Статистиканың кейбір салаларында халықаралық жіктемеге көшу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, республикалық деңгейде жіктемелердің ұлттық болжамдарын әзірлеу және бекіту.
Негізгі шаралар. Бірінші кезеңде (1998-1999 жылдары) - Еуропалық қоғамдастықтың халықаралық статистикалық жіктемелерін (NACE, CРН, PRODKOM), екінші кезеңде (2000-2005 жылдары) басқа жіктемелерін (білім, денсаулық сақтау, еңбек, экология және басқалар) енгізу жоспарлануда.
Басқа да жалпы жүйелік статистикалық жіктемелерді: меншік түрлері, ұйымдастыру-хұқық нысандары, аумақтар, кәсіпорынның шағындылығы, өндірістің көлемі және басқаларды жетілдіру және енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.